Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 наурызда № 18397 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11575 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығына 6-қосымша
«Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ӘлМСҚ» КеАҚ) облыстардағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген) бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу немесе Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосуға арналған өтінімнің қабылданбауы туралы хабарлама (бұдан әрі – қабылданбауы туралы хабарлама).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерінің тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген сәттен бастап «ӘлМСҚ» КеАҚ филиалы кеңсесінің қызметкері өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды қабылдауды, бір мезгілде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға өтінімді қабылдаудан бас тартады. Толық құжаттар пакеті ұсынылған жағдайда өтінімдерді тіркеу журналында өтінімді тіркеуді және «ӘлМСҚ» КеАҚ филиалы медициналық көмекті сатып алу бөлімінің жауапты қызметкеріне өтінімді және қоса берілетін құжаттарды беруді жүзеге асырады, орындау мерзімі – 15 минут;
2) «ӘлМСҚ» КеАҚ филиалы медициналық көмекті сатып алу бөлімінің жауапты қызметкері өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды;
өтінім және оған қоса берілетін құжаттар қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда «ӘлМСҚ» КеАҚ Басқарма Төрағасының немесе «ӘлМСҚ» КеАҚ Басқарма Төрағасы болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның атына (бұдан әрі – «ӘлМСҚ» КеАҚ басшысы) көрсетілетін қызметті алушыны ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді қамтитын ілеспе хатты дайындайды;
көрсетілетін қызметті алушы белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қабылданбауы туралы хабарламаны ресімдейді, орындау мерзімі – күнтізбелік 1 (бір) күн;
3) «ӘлМСҚ» КеАҚ филиалының басшысы көрсетілетін қызметті алушыны ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу туралы ілеспе хатқа/қабылданбауы туралы хабарламаға қол қояды;
«ӘлМСҚ» КеАҚ филиалы медициналық көмекті сатып алу бөлімінің жауапты қызметкері «ӘлМСҚ» КеАҚ-ға Электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ілеспе хатпен көрсетілетін қызметті алушы туралы мәлеметтерді жібереді не қабылданбауы туралы хабарламаны «ӘлМСҚ» КеАҚ филиалы кеңсесінің қызметкеріне береді, орындау мерзімі – күнтізбелік 1 (бір) күн;
4) «ӘлМСҚ» КеАҚ басшысы немесе оны алмастыратын адам ілеспе хатқа «ӘлМСҚ» КеАҚ Медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру және мониторингтеу департаментіне жұмыс үшін деген қарар қояды;
«ӘлМСҚ» КеАҚ Медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру және мониторингтеу департаменті медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру басқармасының жауапты қызметкері «ӘлМСҚ» КеАҚ ТМККК және/немесе МӘМС әлеуетті қызметті берушісінің мәліметтерін ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосады;
«ӘлМСҚ» КеАҚ филиалы кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің қабылданбауы туралы хабарламаны қолма-қол береді немесе көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы өтінімнің қабылданбауы туралы хабарламаны жібереді, орындау мерзімі – күнтізбелік 1 (бір) күн.
6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) тіркелген өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қарау;
3) көрсетілетін қызметті алушы қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда – «ӘлМСҚ» КеАҚ басшысына көрсетілетін қызметті алушыны ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін ілеспе хатпен көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді дайындайды;
4) ТМККК және/немесе МӘМС әлеуетті қызметті берушісі қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда – өтінімнің қабылданбауы туралы хабарламаны ресімдеу;
5) «ӘлМСҚ» КеАҚ филиалы басшысының ілеспе хатқа/өтінімнің қабылданбауы туралы хабарламаға қол қоюы;
6) «ӘлМСҚ» КеАҚ басшысының қарар қоюы;
7) көрсетілетін қызметті алушыны ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу;
8) көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің қабылданбауы туралы хабарламаны беру немесе почта байланысы арқылы жіберу.
3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің, көрсетілетін қызметтерді берушілердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) «ӘлМСҚ» КеАҚ филиалы кеңсесінің қызметкері;
2) «ӘлМСҚ» КеАҚ филиалы медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің жауапты қызметкері;
3) «ӘлМСҚ» КеАҚ филиалының басшысы;
4) «ӘлМСҚ» КеАҚ басшысы;
5) «ӘлМСҚ» КеАҚ Медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру және мониторингтеу департаменті медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру басқармасының жауапты қызметкері.
8. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
1) құжаттар пакетін қабылдау, толықтығын қарау, құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда қабылдаудан бас тарту және ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды құжаттарды тіркеу, орындау мерзімі – 15 (он бес) минут;
2) өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау, ілеспе хатпен көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді дайындау/өтінімнің қабылданбауы туралы хабарламаны дайындау, орындау мерзімі – күнтізбелік 1 (бір) күн;
3) ілеспе хатқа/өтінімнің қабылданбауы туралы хабарламаға қол қою, «ӘлМСҚ» КеАҚ-ға Электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ілеспе хатпен көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді жіберу – күнтізбелік 1 (бір) күн;
4) «ӘлМСҚ» КеАҚ басшысының ілеспе хатқа Медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру және мониторингтеу департаментіне жұмыс үшін қабылдау деген қарар қоюы;
көрсетілетін қызметті алушыны ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу немесе көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің қабылданбауы туралы хабарламаны беру немесе көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы хабарламаны жіберу, орындау мерзімі – күнтізбелік 1 (бір) күн.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (әрекеттер) реттілігін, көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимылын кеңінен сипаттау, осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.
«Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің әлеуетті өнім берушісінің денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу үшін қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмеуін) айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы