Bestprofi Logo

Қаулы № 149 от 2019-03-28г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулысы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және норма шығармашылығы қызметінің тиімділігін арттыру, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде құқықтық ғылымның рөлін күшейту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.01.2026 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (13.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) деп аталсын.

3. Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі уәкілетті орган болып айқындалсын.

4. Мыналар:

4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.04.2021 жылғы № 238 Қаулысымен (28.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.11.2021 жылғы № 788 Қаулысымен (14.04.2021 ж. редакцияны қараңыз) 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.01.2026 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (13.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)

1) ғылыми қорытындылар мен өзге де талдамалық материалдарды, оның ішінде заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізу шеңберінде дайындау;

2) заңнамалық актілер жобаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;

3) заңдардың, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;

4) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;

5) мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;

6) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу;

7) заңнамалық актілердің ағылшын тіліне аударылуын және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қызмет кәсіпорын қызметінің нысанасы болып айқындалсын.

5. Кәсіпорын:

5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.04.2021 жылғы № 238 Қаулысымен (28.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.01.2026 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (13.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)

мемлекеттік органдардың норма шығармашылығы қызметін ғылыми сүйемелдеуді;

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып айқындалсын.

6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;

2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік қайта тіркелуін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

8. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1045 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 564-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 67, 460-құжат).

9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжeде:

Министрліктің қарамағындағы ұйымдардын тізбесінде 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;

Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде «Министрлік» деген бөлім алып тасталсын.

2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде» деген жолдағы «2562» деген сандар «2461» деген сандармен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде» деген жол, «101» деген сандар алып тасталсын;

3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысымен (05.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

4. «Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 67, 462-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:

«Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері тартылады, сондай-ақ белгілі бір құқық саласының ғылыми-зерттеу институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және олармен келісу бойынша ғылымның тиісті салаларының ғалымдары енгізілуі мүмкін.»;

«Заңдар жобалары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне қарауға және келісуге енгізілген кезде бір мезгілде тұжырымдама жобасын және заңнамалық акті жобасының мәтінін әзірлеуге «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қатысқанын растайтын қорытындысы енгізіледі.».

5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысымен (05.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание