«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 884 Жарлығы
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі құрылсын (бұдан әрі – Кеңсе).
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп Кеңсені орналастыру, оны материалдық-техникалық және көлікпен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының президенттік өкілеттіктері тоқтатылғаннан сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 884 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің миссиясын, негізгі міндеттерін, функцияларын, өкілеттіктерін, жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі (бұдан әрі – Кеңсе) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.
2. Кеңсе өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңсе мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, оның ішінде валюталық шоттары болады.
4. Кеңсенің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы белгілейді.
5. Кеңсе азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Кеңсе, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Кеңсе өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Кеңсе Басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Кеңсенің толық атауы:
1) мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі» мемлекеттік мекемесі;
2) орыс тілінде: государственное учреждение «Канцелярия Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы».
9. Кеңсенің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, ғимарат-1.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.09.2019 жылғы № 151 Жарлығына сәйкес (19.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
10. Кеңсені қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
2. Кеңсенің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
11. Кеңсенің миссиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қызметін және оның мәртебесін іске асыруды ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық, ұйымдық-протоколдық және өзге де түрде сапалы және уақтылы қамтамасыз ету болып табылады.
12. Кеңсенің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі мен өкілеттіктерін іске асыруды, оның ішінде:
1) Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша бастамалар жасау;
2) Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның Палаталарының алдында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу;
3) құқықтары:
Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару;
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесін басқару;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құрамына кіру құқығы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы айқындайтын өзге де өкілеттіктер бөлігінде қамтамасыз ету.
13. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жұмыс кестелерін түзу және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қызметтік хат жазысуын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының лауазымды адамдарды және азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру және есебін жүргізу;
4) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының атына, сондай-ақ оның Кеңсесіне келіп түскен құжаттар мен материалдарды қабылдау, есепке алу мен экспедициялау;
5) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша бастамалары бар үндеулерін дайындауды қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмаларын орындау жөнінде егжей-тегжейлі шаралар қабылдау мақсатында Парламентпен, Үкіметпен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесімен, Конституциялық Кеңесімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы;
7) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қатысатын мемлекет ішіндегі іс-шараларға талдамалық және ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау; оның атынан шетелдердің мемлекет және үкімет басшыларына, шет мемлекеттердің көрнекті саясат және қоғам қайраткерлеріне түрлі сипаттағы жолдауларды дайындау мен жіберу;
8) елдегі макроэкономикалық және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың даму процестеріне, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының өзекті аспектілеріне талдау мен мониторинг жасау, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына тиісті ұсыныстар әзірлеу мен енгізу;
9) арнайы жобаларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының өмірімен және қызметімен, Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасуымен және дамуымен байланысты имидждік материалдарды дайындау; оларды бұқаралық ақпарат құралдарында, ведомстволық баспа және электрондық басылымдарда орналастыруды ұйымдастыру;
10) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының ел өңірлеріне жұмыс сапарларын, сондай-ақ шетелдерге сапарларын дайындау және өткізу;
11) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының шетелдердің мемлекеттік органдарымен және олардың лауазымды адамдарымен, шетелдік саясат және қоғам қайраткерлерімен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
12) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз етуге және оның мәртебесін іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
14. Кеңсе қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықта болады;
2) сыртқы экономикалық қызметті және валюталық операцияларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
3) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, білім беру ұйымдарына тағылымдамаға, біліктілігін арттыруға және оқуға шарт негізінде жібереді;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін және Кеңсенің Ережесіне қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады және мәмілелер жасайды.
3. Кеңсе қызметін ұйымдастыру
15. Кеңсеге басшылық жасауды Кеңсеге жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Кеңсе Басшысы жүзеге асырады.
16. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсе Басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
17. Кеңсе Басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тікелей басшылығымен жұмыс істейді, оған есепті және бақылауында болады.
18. Кеңсе Басшысының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.
19. Кеңсе Басшысы:
1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының бекітуіне Кеңсенің құрылымы мен штат санын ұсынады, Кеңсенің штат кестесін бекітеді, бекітілген штат саны шегінде оған өзгерістер енгізеді;
2) өзінің орынбасарлары арасында міндеттер бөлінісін бекітеді, олардың жұмысын үйлестіреді, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қарауына Кеңсе Басшысының орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстар енгізеді;
4) еңбек қатынастары мәселелері өзге адамдардың құзыретіне жатқызылған лауазымды адамдарды қоспағанда, Кеңсе қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының шешімдері мен тапсырмаларының орындалуы мен сақталуына, Кеңседе осы мақсаттағы құжаттардың өтуіне бақылау жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қатысатын іс-шараларды дайындау мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді, оның ішінде Кеңсенің басшы қызметкерлерімен және тиісті мемлекеттік органдардың басшылары шақырылатын кеңестерді өткізеді;
7) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қарауына және қол қоюына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының шешімдерінің жобаларын, құжаттар мен материалдарды ұсынады;
8) Кеңсенің бұйрықтарын шығарады;
9) Кеңседегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
10) Кеңсені қаржыландыру жоспарын белгілейді және оның шегінде қаржы қаражатына билік етеді;
11) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
12) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының құзыретіне жатқызылған лауазымды адамдарды қоспағанда, Кеңсе қызметкерлерін ынталандырады және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
13) Кеңсе қызметкерлерін іссапарларға жібереді;
14) азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді;
15) Кеңседе мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуына бақылау жасайды;
16) Кеңсенің Парламентпен, оның Палаталарымен, Парламент Палаталарының жұмыс органдарымен және аппараттарымен, Үкіметпен және Премьер-Министр Кеңсесімен, министрліктермен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Жоғары Сот Кеңесімен, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерімен, мәслихаттарымен, саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жеке және заңды тұлғалармен байланысын тұрақты негізде қамтамасыз етеді;
17) Үкімет отырыстарына, орталық мемлекеттік органдардың алқа отырыстарына, Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі отырыстарына және Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларына қатысуға құқылы;
18) өзінің жекелеген өкілеттіктерін орындауды Кеңсенің өзге басшы лауазымды адамдарына беруге құқылы;
19) Кеңсенің атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда оның мүдделеріне өкілдік етеді;
20) шарттар жасасады, сенімхаттар береді, банктік шоттарын ашады;
21) осы Ережеде көзделген, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі құрамына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының көмекшісі кіреді, оны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тағайындайды, оған тікелей есепті және бақылауында болады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының көмекшісінің өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы айқындайды, міндеттердің бірінші кезектілігіне және маңыздылығына байланысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісіне Ережеде көзделгеннен басқаша, өзге де міндеттер мен өкілеттіктер жүктеледі.
21. Кеңсе Басшысының орынбасарлары:
1) құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттердің орындалуын, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының шешімдері мен тапсырмаларының, Кеңсе Басшысы тапсырмаларының уақтылы әрі егжей-тегжейлі орындалуын ұйымдастырады;
2) Міндеттер бөлінісіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, олардың мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы және Кеңсе Басшысы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
22. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:
1) құрылымдық бөлімшелерге жүктелген міндеттердің орындалуын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімдері мен тапсырмаларының уақтылы әрі егжей-тегжейлі орындалуын, Кеңсе Басшысының тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады;
2) құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, олардың лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
3) еңбекті ұйымдастыруды және тиісінше еңбек тәртібін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Кеңседе белгіленген қағидаларға сәйкес іс жүргізуге жауап береді;
4) Кеңсенің өздері басқаратын құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, ынталандыру және тәртіптік жазалар қолдану туралы ұсыну енгізеді;
5) мемлекеттік органдардың билігіндегі бар ақпараттық дерекқорларды белгіленген тәртіппен пайдалануға құқылы;
6) Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен қызметтік хат жазысуға құқылы;
7) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы және Кеңсе басшылығы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23. Кеңсе осы Ережеде көзделген функцияларды іске асыру үшін:
1) мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды талап етуге және алуға;
2) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының шешімдері мен тапсырмаларының орындалуы барысында анықталған кемшіліктер мен олқылықтарды жоюды талап етуге құқылы.
4. Кеңсенің мүлкі
24. Заңнамада көзделген жағдайларда Кеңсенің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Кеңсенің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден құралады.
25. Кеңсені орналастыру үшін ұйымдастыру техникасымен (оның ішінде ортақ желіге және барлық құқықтық база мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қосылған дербес компьютерлермен, көшіру-көбейту техникасымен, факсимильді байланыс аппараттарымен), байланыс құралдарымен, оның ішінде үкіметтік байланыспен, қажетті кеңсе жиһазымен жабдықталған жеке қызметтік үй-жай беріледі, сондай-ақ ол көліктік қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.
26. Кеңсеге бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Кеңсенің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруына немесе өзгедей тәсілмен билік етуіне құқығы жоқ.
5. Кеңсені қайта ұйымдастыру және тарату
28. Кеңсені қайта ұйымдастыру және тарату заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 884 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі №378 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., №20, 218-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеде:
2) тармақша «Парламенттің,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
«6) қызмет көрсетілетін тұлғаларға жататын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экс-Президенттерінің қызметін материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық, көлікпен және медициналық қамтамасыз ету;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«күрделі құрылыс пен жөндеу жұмыстарының ағымдағы және перспективалық бағдарламаларын, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, құрылыстағы техникалық және авторлық қадағалауды ұйымдастырады, сондай-ақ құрылысы аяқталған объектілерді қабылдауға қатысады;»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасы экс-Президенттерінің, Премьер-Министрдің, Парламент Палаталары төрағаларының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министр орынбасарларының, Іс Басқарушының, Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің және ресми делегациялардың әуе көлігімен ұшуын, Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасы экс-Президенттерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің теміржол көлігімен жүруін, Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Парламент Палаталары төрағаларының, сондай-ақ өзге де қызмет көрсетілетін тұлғалар мен органдардың автомобиль көлігімен жүруін қоса алғанда, бірыңғай көлік саясатына сәйкес қызмет көрсетілетін тұлғалар мен органдарды көлікпен қамтамасыз етуді жүзеге асырады, қызмет көрсетілетін тұлғалар мен органдарды көлікпен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, автокөлік пен өзге де техниканы сатып алу мен жөндеуді ұйымдастырады;»;
он бесінші және он алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«қызмет көрсетілетін органдардағы ақпараттандыру процестеріне мониторинг жүргізуді, кешенді талдау мен сүйемелдеуді, сондай-ақ ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде қарауындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарды ұсынуды жүзеге асырады;
республиканың ішінде және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Парламенті Палаталары төрағаларының және делегациялардың қатысуымен өтетін ресми іс-шараларға қызмет көрсетуді, оның ішінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады, өкілдік шығындар жөніндегі нормаларды әзірлейді және бекітеді;»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата мен саяси партиялардың фракциялары өткізетін кеңестерді, конференцияларды және басқа да ресми іс-шараларды қаржыландыруды, оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;»
он бірінші және он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының жұмысына басшылық етуді, оны үйлестіру мен бақылауды, оның ішінде оларға бекітілген мүлікті пайдалану тиімділігін арттыруды жүзеге асырады;
өкілдік шығындар жөніндегі нормаларды, Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми іс-шараларын республикалық бюджет қаражаты есебінен өткізу жөніндегі шығыстар сметасын әзірлейді және бекітеді, осы шығыстарды қаржыландыруды жүзеге асырады;»;
екінші, үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«қызмет көрсетілетін тұлғаларға (тіркелген құрамға) ведомстволық қарасты медициналық ұйымдарда диагностикалық, емдеу-профилактикалық, денсаулықты қалпына келтіру және консультативтік медициналық, оның ішінде шетелдік мамандарды тартумен көмек көрсетуді ұйымдастырады, сондай-ақ тіркелген құрамды шетелге емделуге жібереді;
медициналық көмектің қажетті түрлері мен көлемін қолданумен және тамақтану, аурудың алдын алу, денсаулықты қалпына келтіру мен медициналық сауықтыру мәселелерін үйлестірумен Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелеріне, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, Қазақстан Республикасы экс-Президенттеріне уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының жұмысына басшылық етуді және үйлестіруді, сондай-ақ қаржыландыруды жүзеге асырады;»;
«20. Іс Басқарушының орынбасарлары, оның ішінде осы Ереженің 15-тармағының 6) тармақшасын белгіленген міндеттерді орындау құзыретіне кіретін бір бірінші орынбасары болады.
Іс Басқарушының бірінші орынбасарын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Іс Басқарушының орынбасарларын, Іс Басқарушының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.»;
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы мен оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдар тізбесінде:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазқұрылысжүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;»;
он екінші абзац алып тасталсын;
он үшінші абзацтан кейін мынадай абзацтармен толықтырылсын:
«Астана-20» мемлекеттік қоры;
«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;
жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық клиникалық ауруханасы» акционерлік қоғамы;»;
жиырма үшінші абзац алып тасталсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы №1167 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №33, 323-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымында:
тоғызыншы абзацтан кейін мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қызметін қамтамасыз ету бөлімі».
4. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 наурыздағы №767 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №15, 124-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің жарғысында:
«5. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасайтын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.»;
«22. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының келісуімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі Басшысының ұсынуы бойынша директорды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
23. Директор мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оның жұмысына басшылық жасайды, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесіне тікелей бағынады және оның өз функцияларын жүзеге асыруына және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындауына дербес жауапты болады.»;
«8) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің келісімімен өз орынбасарлары мен бас бухгалтерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;».
5. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №70-71, 520-құжат):
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі Басшысының орынбасарлары»;
«Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшілері»;
«Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшілері»;
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары»;
А санаттары тобында:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» кіші тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі».
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |