Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-V,156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1-тармақша осы Заңның 2-бабының 3) тармақшасына сәйкес 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) 42-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жатады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелуге жатады.
Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
Екінші және үшінші абзацтары осы Заңның 2-бабының 3) тармақшасына сәйкес 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, тіркелген жеріндегі мемлекеттік кіріс органына дереу жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, интернет-ресурс арқылы хабарлауға мiндеттi.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамына енгізілген кепілге салынған мүлікті жария сауда-саттықта сату кезінде кепілді кредиторлардың талаптары кепілге салынған мүлікті өткізуден алынған сома шегінде басқа кредиторлардың алдында артықшылықпен қанағаттандырылады.
Кепіл нысанасын өткізуден түскен сома жеткіліксіз болған жағдайда, кепілді кредитор талаптарының қалған сомасы осы Кодекстің 51-бабында белгіленген кезектілік тәртібімен қанағаттандырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тарату комиссиясы таратылатын заңды тұлғаның кредиторларына ақша төлеудi аралық тарату балансы бекiтiлген күннен бастап, соған сәйкес, осы Кодекстiң 51-бабында белгiленген кезектілік тәртiбiмен жүргiзедi. Акционерлiк қоғамдардың мүлкiн бөлу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заңнамасында белгiленедi.
Таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамында кепілге салынған мүлік болған кезде кепілді кредитор өз талаптарын кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау арқылы қанағаттандыруға құқылы.
Тарату комиссиясы кепілді кредитордан кепілге салынған мүлікті заттай қабылдайтыны туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мүлікке бағалау жүргізеді.
Кепілге салынған мүлікті кепілді кредиторға беру осы тармақтың бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген талаптар ескеріле отырып, бағалау жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
Егер кепілге салынған мүліктің кепіл нысанасын бағалауға жұмсалған шығыстар шегерілгендегі бағалау құны кепілді кредитордың талаптарынан көп болған жағдайда, онда кепілді кредитор осы айырманы таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамына қайтарады.
Егер кепілге салынған мүліктің кепіл нысанасын бағалауға жұмсалған шығыстар шегерілгендегі бағалау құны кепілді кредитордың талаптарынан аз болған жағдайда, кепілді кредитордың айырма мөлшеріндегі талаптары осы Кодекстің 51-бабында белгіленген кезектілік тәртібімен қанағаттандырылуға жатады.»;
3) 51-баптың 1-тармағының 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) үшінші кезекте – ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтарының кепілімен (ипотекалық куәліктер кепілін қоса алғанда) қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды ұстаушыларда оларға меншік құқығы туындаған немесе оларға мәмілелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда, кредиторлардың – көрсетілген облигацияларды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын ұстаушылардың талаптарын, сондай-ақ кредиторлардың осы Кодекстің 50-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне немесе 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қанағаттандырылған талаптарын қоспағанда, кредиторлардың таратылатын банкрот мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелері жөніндегі талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде қанағаттандырылады;»;
«5) бесiншi кезекте – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа кредиторлармен, сондай-ақ осы Кодекстің 50-бабы 5-тармағының үшінші бөлігінде және 6-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайларда кепілді кредиторлармен есеп айырысу жүргізіледі.»;
4) 327-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тараптардың келісімі бойынша кепіл туралы шартта айналымдағы тауарлардың жалпы құны кепіл туралы шартта көрсетiлген құннан кем болмауға тиіс деген талап көзделуі мүмкін.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, айналымдағы кепiлге салынған тауарлар құнын кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалған бөлiгiне мөлшерлес кемітуге жол берiледi.».
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1) 483-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Абонентте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымның желілеріне жалғанған қажеттi жабдық болған кезде энергиямен жабдықтаушы ұйым онымен энергиямен жабдықтау шартын жасасады.
2. Абонент жалғанған желiге алғаш рет iс жүзiнде белгiленген тәртiппен қосылған кезден бастап шарт жасалған болып есептеледi.
Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, мұндай шарт белгіленбеген мерзiмге жасалды деп есептеледi және осы Кодекстiң 490-бабында көзделген негiздер бойынша өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.»;
2) 940-баптың 3-тармағындағы «елу сегiз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан ер адамдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат):
1) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-9) және 2-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-9) жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға берудің) үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
2-10) жер учаскесін сатып алудың-сатудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;»;
2) 48-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес құрылыс салу мақсаты үшін бұрын жеке және заңды тұлғалар іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшiн, егер олар егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланатын құрылыс шеңберінде бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі болған жер учаскелеріне құқықтарды сатып алған жағдайда жеке және заңды тұлғаларға;»;
мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) өздеріне меншік және жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелерді салу үшін жеке және заңды тұлғаларға;»;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жер учаскесі еңсерілмейтін күштің салдарынан мақсаты бойынша пайдаланыла алмайтын уақыт жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмайтын, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген кезеңдерге кірмейді.».
4-тармақ осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 7, 14-құжат; № 9, 17-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 17-бап мынадай мазмұндағы 26-3) тармақшамен толықтырылсын: