Toggle Dropdown
22
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 16.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 848 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ереже;
Toggle Dropdown
1
2) тармақша күшін жойды;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
3) «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
4) «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
5) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
6) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
7) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
8) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
Toggle Dropdown
9) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық бөлімшелері;
Toggle Dropdown
10) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер;
Toggle Dropdown
11) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қайта аталсын.
Toggle Dropdown
3. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы қаулыға 2-қосымшаның 1-тармағында, осы қаулыға 3-қосымшаның 1-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы қаулыға 2-қосымшаның 4-тармағында, осы қаулыға 3-қосымшаның 2 және 3-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті осы қаулыға 2-қосымшаның 2 және 3-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті осы қаулыға 3-қосымшаның 4 және 5-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті осы қаулыға 3-қосымшаның 6-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен оның ведомстволарына берсін;
Toggle Dropdown
2) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес ұйымдардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне және оның ведомстволарына берсін.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
6. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 142 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
4
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ереже
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Toggle Dropdown
1) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
1
2) «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
3) «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
4) «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
2
5) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Toggle Dropdown
2
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
6. Министрліктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
2
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.
Toggle Dropdown
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.