• Мое избранное

Отправить по почте

3

Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 сәуірде № 18473 болып тіркелді

«Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес фильмге прокаттау куәлігінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 1 сәуірдегі
№ 82 бұйрығымен
бекітілген
 Фильмнің атауы: _______________________________________________________________________________
 Өндіруші ел: __________________________________________________________________________________
 Өндіруші cтудия: ______________________________________________________________________________
 Өндіріс жылы: _________________________________________________________________________________
 Фильмнің форматы: ____________________________________________________________________________
 Фильмнің хронометражы: ______________________________________________________________________
 Сценарий авторы (лары) : _______________________________________________________________________
 Қоюшы режиссер (лер): ________________________________________________________________________
 Қоюшы оператор(лар): _________________________________________________________________________
 Қоюшы суретші (лер): __________________________________________________________________________
 Музыкалық шығарманың авторы (лары): __________________________________________________________
 Продюсер (лер): _______________________________________________________________________________
 Фильм серияларының саны: _____________________________________________________________________
 Фильмнің жанры: ______________________________________________________________________________
 Фильм тілі: ____________________________________________________________________________________
 Дубляж немесе субтитр, не кадр сыртындағы аударманың болуы (прокатталуы шектеулі фильмдерді, прокатталуы және көрсетілуі телеарналарда жүзеге асырылатын фильмдерді қоспағанда): ________________
 Фильмге құқық________________тиесілі: __________________________________________________________
 Фильмді пайдалану құқығының санаты:____________________________________________________________
 Фильмді пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімі:____________бастап, дейін:_______________________
 Жас санаты белгісі:______________________________________________________________________________
 _______________________________________________________________________________________________ (уәкілетті тұлғаның тегі және аты-жөні)