• Мое избранное
«Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.12.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 сәуірде № 18494 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-210/2020 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6), 94 тармақшаларына, 25-бабының 3-тармағына, 32-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16685 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 25-бабының 3-тармағына сәйкес және оларды сатып алу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды.»;
2, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ағымдағы мониторинг – ақпараттық жүйелерде және (немесе) денсаулық субъектісіне бару арқылы тұрақты негізде жүргізілетін ағымдағы есепті кезеңдегі медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемін бағалаудан тұратын сапа мен көлемге мониторинг жүргізу түрі;
2) амбулаториялық - емханалық көмектің кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті (бұдан әрі – АЕК КШН кепілдік берілген компоненті) – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК) нысандарында амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – АЕК КШН) – АЕК КШН кепілдік берілген компонентінен КШН және КШН ынталандырушы компонентінен тұратын МСАК субъектісіне «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «БХТ» АЖ) тіркелген, бекітілген бір адамға шаққандағы амбулаториялық-емханалық көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
4) ауыл субъектісі – мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктердің біріне: аудандық маңызы бар қала, аудан, ауылдық округ, ауыл, кент және БХТ-да тіркелген халыққа көрсетілетін қызметтердің кешенін ұсынатын аудандық маңызы бар және ауылдық денсаулық сақтау субъектісі;
5) ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттері есепке алынған, ауыл халқына қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
6) ауыл халқына қызметтерді көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) – кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компонентінен және КЖШНЫК тұратын БХТ-да тіркелген бір ауыл тұрғынына есептегенде көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
7) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
8) базалық мөлшерлеме – өлшем бірлігі үшін алынған көрсетілетін қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
9) бір онкологиялық науқасқа шаққандағы кешенді тариф – Денсаулық туралы кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен, лимфоидты және қан өндіру тінінің қатерлі ісіктерімен ауыратын науқастарға және он сегіз жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «ОНЭТ» АЖ) тіркелген бір онкологиялық науқасқа есептегендегі медициналық көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
10) бірлесіп орындаушы – дерекқорға қосылған медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша қызметтер берушінің міндеттемелерінің бір бөлігін орындау үшін қызметтер беруші азаматтық-құқықтық шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
11) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру субъектісі (бұдан әрі – АС) – денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру аясында қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар;
12) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) емделіп шыққан жағдай – пациентке емделуге түскен сәттен бастап емделіп шыққанға дейін стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілген медициналық қызметтер кешені;
14) жыныстық-жастық түзету коэффициенті – халықтың әртүрлі жыныстық-жастық санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылықтар ескерілетін коэффициент;
15) иммун тапшылығы вирусын жұқтырған бір адамға және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын науқасқа шаққандағы кешенді тариф – Денсаулық туралы кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен иммун тапшылығы вирусын (бұдан әрі – АИТВ) жұқтырған бір адамға және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (бұдан әрі – ЖИТС) ауыратын науқасқа есептегенде АИТВ-ны жұқтырған адамға және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
16) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі – КЖНЫК) – «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 мамырдағы № 429 бұйрығымен (бұдан әрі – № 429 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен түпкілікті нәтиженің қол жеткізілген индикаторларының негізінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы құрамдаушысы;
17) клиникалық-шығындық топтар (бұдан әрі - КШТ) - емдеуге арналған шығындары бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біртектес топтары;
18) қызметтер беруші – Сатып алу қағидаларына сәйкес қор медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
19) медициналық көмек көрсету ақауы (бұдан әрі – ақау) – денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан және клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқуды білдіретін медициналық көмек көрсету, емдеу-диагностикалық іс-шаралар тәртібінің бұзылуы;
20) медициналық көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) – нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар денсаулық субъектісілерінің іс-қимылдары;
21) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсетуді көздейтін қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім;
22) медициналық қызметтерді тұтынушыларға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді мониторингтеу (бұдан әрі - медициналық қызметтердің сапа мен көлемді мониторингтеу) – көрсетілген медициналық қызметтердің негізділігін және ақауларды анықтаған кезде айыппұл санкцияларын қолдануды жүйелік бағалау;
23) МСАК субъектісі – «БХТ» АЖ порталында тіркелген, бекітілген халыққа МСАК және амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенін көрсететін денсаулық сақтау субъектісі;
24) нысаналы мониторинг – бұзушылықтардың профилактикасы мен олардың алдын алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерде және (немесе) денсаулық субъектісіне бару арқылы жүргізілетін ағымдағы мониторингтің нәтижелері бойынша және (немесе) қор айқындаған тақырыптық бағыттар бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемін бағалаудан тұратын сапа мен көлемге мониторинг жүргізу түрі;
25) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылуы бар бір науқасқа шаққандағы кешенді тариф – Денсаулық туралы кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен «ДНЭТ» АЖ «Наркологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» кіші жүйесінде (бұдан әрі – ННЭТ) тіркелген психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылуы бар бір науқасқа есептегенде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылуы бар науқастарға медициналық-әлеуметтік көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
26) психикалық және мінез-құлықтық бұзылуы бар бір науқасқа шаққандағы кешенді тариф – Денсаулық туралы кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен, «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – «ДНЭТ» АЖ) «Психикалық науқастардың электрондық тіркелімі» кіші жүйесінде (бұдан әрі – «ПНЭТ» АЖ) тіркелген психикалық және мінез-құлықтық бұзылуы бар бір науқасқа есептегенде психикалық және мінез-құлықтық бұзылуы бар науқастарға медициналық-әлеуметтік көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
27) республикалық денсаулық сақтау ұйымдары – уәкілетті орган қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдары, дербес білім беру ұйымының, медициналық білім беру ұйымдарының денсаулық сақтау ұйымдары;
28) ретроспективалық талдау – сараптама жүргізу кезінде медициналық көмек алған пациенттердің медициналық құжаттамасын зерделеу негізінде талдау;
29) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған шекті баға – Денсаулық туралы кодекстің 7-бабының 1-тармағына 20-тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде одан жоғары бағамен сатып алу жүргізіле алмайтын, дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға;
30) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тариф (бұдан әрі – тариф) – «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 болып тіркелген) бекітілген көрсетілетін қызмет бірлігінің немесе медициналық көрсетілетін қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
31) туберкулезбен ауыратын бір науқасқа шаққандағы кешенді тариф – Денсаулық туралы кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен «ДНЭТ» АЖ «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» кіші жүйесінде (бұдан әрі – ТАНҰТ) тіркелген туберкулезбен ауыратын бір науқасқа есептегенде туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
32) түзету коэффициенттері – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 болып тіркелген) бекітілген Медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесіне (бұдан әрі – Тарифтерді қалыптастыру әдістемесі) сәйкес тарифті түзету мақсатында уәкілетті орган қолданатын коэффициенттер;
33) учаскелік қызметтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі – УҚЫК) – кадрлардың біліктілігін арттыру сертификаты бар және артериялық гипертензия (бұдан әрі – АГ), созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі (бұдан әрі – СЖЖ), қант диабеті (бұдан әрі – ҚД) ауруларымен ауыратын, динамикалық бақылауды қажет ететін пациенттердің кемінде 10%-ын қамтумен және (немесе) әрбір санаттағы жүкті әйелдердің, босанған әйелдердің, нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың 10%-ын қамтумен прогрессивті тәсіл бойынша патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделін енгізген МСАК субъектілерінің қызметкерлерін ынталандыруға қосымша ақы;
34) шарттың орындалуын бағалаудың сызықтық шкаласы (бұдан әрі – Сызықтық шкала) – сапа мен көлемді мониторингтеу нәтижелерін есепке алмай, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының айлық сомасынан асып кеткен жағдайларда ақы төлеу сомасын есептеу тетігі;
35) шығын сыйымдылығы коэффициенті – КШТ-ның базалық мөлшерлемесінің құнына шығындылық дәрежесін айқындайтын коэффициент.
6. Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу мынадай төлем құжаттары: көрсетілген қызметтерге шот-тізілімнің, қызметтерді сатып алу шартын орындау хаттамасының, көрсетілген қызметтер актісінің негізінде тарифтер бойынша жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қызметтер берушілердің (коммуналдық қызметтерге, ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықтарды ағымдағы жөндеу шығыстардың ұлғаюы, басқа қызметтер) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша көзделген сомадан көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге жататын сома асып кеткен жағдайда, осы шығыстарды өтеу жергілікті өкілді органның шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеу:
1) қызметтер беруші денсаулық ақпараттық жүйелеріне енгізілген көрсетілген қызметтерді бағалау. Денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерінде медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеу нәтижелері бойынша автоматтандырылған тәсілмен белгіленген ақаулар расталады немесе қабылданбайды, сондай-ақ өзде де анықталған ақаулар тағайындалды;
2) қағаз жеткізгіштерде бастапқы медициналық құжаттаманы зерделеу, бастапқы медициналық құжаттамамен ақпараттық жүйелерге енгізілген деректерді медициналық қызметтердің салыстыруды және қызметтерді сатып алу шартының талаптарын орындау бойынша шараларды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау субъектілеріне бару арқылы жүзеге асырылады.
Қордың медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеу үшін, қажет болған жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тартады.