Toggle Dropdown
«Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 203 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 18503 болып тіркелді
1. «Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12959 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 250-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтер құнын құнын айқындау тәртібін белгілейді.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму мен шикізаттық емес экспортты ілгерілету саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті және шикізаттық емес экспортты ілгерілету саласындағы мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Технологиялық бизнес-инкубациялау
қызметтерін көрсету, сондай-ақ
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық
паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда,
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Технологиялық бизнес-инкубациялау
қызметтерін көрсету, сондай-ақ
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық
паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда,
3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Технологиялық бизнес-инкубациялау
қызметтерін көрсету, сондай-ақ
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық
паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда,
4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Технологиялық бизнес-инкубациялау
қызметтерін көрсету, сондай-ақ
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық
паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда,
5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Технологиялық бизнес-инкубациялау
қызметтерін көрсету, сондай-ақ
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық
паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда,
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Инновациялық даму және цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2019 жылғы «_____» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2019 жылғы «_____» __________