ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 26 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 26 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 Жарлығында («Юридическая газета» газетінде 2000 жылғы 26 сәуірде № 18 жарияланған):
1-тармақтың 3) тармақшасында «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (03.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың бірінші бөлігінде «хатшысы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі» деген сөздер «хатшысы - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі болып табылады.».
4. «Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру қағидаларында:
6-тармақтың екінші абзацында «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөліміне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөліміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың бірінші абзацында «қалыптастырғаннан» деген сөзден кейін «және Президент көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен келісілгеннен» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 88 өкімінде:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы ережеде:
«4. Комиссияның құрамы және оның жұмысын ұйымдастыру» тарауында:
1-тармағының екінші бөлігінде «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі жүзеге асырады».
6. «Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 323 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 671-құжат):
1-тармақта «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі,» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі,».
7. «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 173 өкімінде:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы сараптамалық кеңес туралы ереже осы Өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 03.04.2021 жылғы № 544 Жарлығымен (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
9. «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 98 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 37-38, 212-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жедел жағдайдың өзгеруін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының тапсырмаларын ескере отырып, бекітілген жұмыс жоспарына түзетулер енгізілуі мүмкін.»;
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңес отырыстарына Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органдардың өкілдері қатыса алады.».
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 26 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 173 өкіміне ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңес туралы ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңес (бұдан әрі – Сарапшылық кеңес) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ғылыми-әдістемелік және сарапшылық-талдамалық қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздік саласында ғылыми негізделген ұсынымдарды әзірлеу үшін құрылған.
2. Сарапшылық кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Заң, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы ереже Сарапшылық кеңес қызметінің құқықтық негізі болып табылады.
II. Сарапшылық кеңестің міндеттері, функциялары және өкілеттігі
4. Сарапшылық кеңестің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, оның аппаратының және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әртүрлі бағыттары бойынша ведомствоаралық комиссиялардың қызметін ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу;
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, олардың нәтижелілігіне талдау жасау және алынған ғылыми нәтижелерді қолдану болып табылады.
5. Сарапшылық кеңес негізгі міндеттеріне сәйкес:
1) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және оның ведомствоаралық комиссияларының отырыстарына материалдарды сараптап пысықтау, ұлттық қауіпсіздік саласында шешімдер қабылдау бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарды дайындау;
2) Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына ақпараттық-талдамалық материалдар дайындауға қатысу;
3) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұжырымдамалық, бағдарламалық құжаттарға және бастамаларға ғылыми сараптаманы жүзеге асыру;
4) ұлттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді анықтау, ұлттық қауіпсіздіктің өзекті қатерлеріне, олардың ықтималдығы мен салдарларына сарапшылық бағалау жүргізу, осы қателерді барынша азайту жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
5) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау, оларды ғылыми-зерттеумен сүйемелдеудің басымдықтарын айқындау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кешенді ғылыми-зерттеулерді жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу функцияларын жүзеге асырады.
6. Сарапшылық кеңес жүктелген міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсыныс енгізуге;
2) бюджеттік бағдарламаларға енгізу үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға жіберілетін, ұлттық қауіпсіздіктің өзекті проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге тапсырыс қалыптастыруға;
3) мемлекеттік органдар, ғылыми және білім беру мекемелері және архив деректерінің ақпараттық дерекқорын пайдалануға;
4) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
5) жүктелген міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының келісімімен ғылыми-зерттеу ұйымдарынан және сарапшылық-талдамалық құрылымдардан мамандар тартуға құқылы.
ІІІ. Сарапшылық кеңестің құрамы және оның жұмыс тәртібі
7. Сарапшылық кеңестің құрамы Сарапшылық кеңестің төрағасынан, төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен құрылады.
8. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымы бойынша Сарапшылық кеңестің төрағасы болып табылады. Сарапшылық кеңестің төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы және мүшелері міндеттерін атқару қоғамдық негіздерде жүзеге асырылады.
9. Сарапшылық кеңестің төрағасы:
1) Сарапшылық кеңестің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына Сарапшылық кеңестің құрылымы, оның дербес құрамы бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) Сарапшылық кеңестің қызметінің басым бағыттарын және олармен байланысты міндеттерді қалыптастырады;
4) Сарапшылық кеңестің жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітеді;
5) Сарапшылық кеңестің қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
6) Сарапшылық кеңес төрағасының орынбасарын тағайындайды;
7) Сарапшылық кеңестің мүшелері мен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының жауапты қызметкерлері арасынан Сарапшылық кеңес комиссияларының басшылары мен хатшыларын белгілейді.
10. Жетекші сарапшылар, ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының, орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық-талдамалық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Сарапшылық кеңестің мүшелері болып табылады.
11. Сарапшылық кеңестің мүшелері:
1) Сарапшылық кеңес отырыстарында күн тәртібі мәселелерін талқылау кезінде тең құқықтарға ие болады;
2) Сарапшылық кеңес қызметінің мәселелері бойынша Сарапшылық кеңестің төрағасына жүгінуге құқылы;
3) Сарапшылық кеңеске келіп түскен ақпаратты белгіленген тәртіппен пайдалануға құқылы;
4) Сарапшылық кеңестің отырысына қатыспаған жағдайда қаралатын мәселе жөніндегі өз пікірін жазбаша түрде беруге құқылы.
12. Сарапшылық кеңеске жүктелген функцияларды іске асыру үшін оның қызметінің негізгі бағыттары бойынша Сарапшылық кеңестің комиссиялары құрылады.
13. Сарапшылық кеңестің жұмысы жалпы отырыстар және оның комиссияларының қызметі нысанында жүзеге асырылады.
14. Жалпы отырыстарды өткізу мерзімдерін Сарапшылық кеңестің төрағасы белгілейді. Жалпы отырыстардың оларға Сарапшылық кеңес мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, құқықтық күші бар деп есептеледі.
15. Сарапшылық кеңес комиссияларының отырыстары комиссиялар басшыларының келісімі бойынша Сарапшылық кеңестің төрағасы не төрағаның орынбасары айқындайтын күндері өткізіледі.
ІV. Сарапшылық кеңестің қызметін қамтамасыз ету
16. Сарапшылық кеңестің қызметін ақпараттық және ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді өкілдері Сарапшылық кеңестің құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қолдауымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімінің меңгерушісі лауазымы бойынша Сарапшылық кеңестің хатшысы болып табылады.
17. Сарапшылық кеңестің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржылық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімінің өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қауіпсіздік Кеңесінің, мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалары шеңберінде, сондай-ақ «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 26 Жарлығына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің ТІЗБЕСІ
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1066 Жарлығының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 51, 466-құжат);
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 561 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 31, 465-құжат);
3. «Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 1996 жылғы 21 наурыздағы № 1 шешiмiнен туындайтын қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегі № 2969 өкiмi;
4. «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы № 120 өкiмi;
5. «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі инспекциясының және ведомствоаралық комиссияларының құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 25 наурыздағы № 320 өкiмi;
6. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбір өкiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 24 қазандағы № 425 өкімі;
7. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбір өкiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 68 өкімі;
8. «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары мен инспекциясының құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы № 292 өкімі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |