• Мое избранное
Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 сәуірде № 18545 болып тіркелді

Осы Қаулысының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (04.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР Бас Прокурорының 02.02.2022 жылғы № 188 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 30.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 92-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 58) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына және 12-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2021 жылғы № 49 Қаулысына сәйкес (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2021 жылдан бастап)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес (20.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (04.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Қуандықов Ә.Ә.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберуді;
  • 1
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
  • 1
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2019 жылғы 28 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
2019 жылғы 28 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
2019 жылғы 29 наурыз
  • 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 4 сәуірдегі
№ 49 қаулысымен
бекітілді
Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (04.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Мемлекеттік статистика туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң), «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» (бұдан әрі – Валюталық реттеу туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қойылатын біліктілік талаптарын қоса алғанда, уәкілетті ұйымдарды лицензиялау, уәкілетті банктің айырбастау пункттері қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлау тәртібін, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды, айырбастау пункттерінің жұмыс істеу талаптарын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) шығарған аффинирленген құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша операциялар жүргізу тәртібін, сондай-ақ уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (04.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.05.2020 жылғы № 69 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес (20.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (04.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.05.2020 жылғы № 69 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2021 жылғы № 49 Қаулысына сәйкес (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес (20.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) автоматтандырылған айырбастау пункті – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаға тиесілі және оның қызметкерінің қатысуынсыз оған қолма-қол ақшаны осы құрылғыға енгізу және одан басқа валютада қолма-қол балама соманы алу арқылы айырбастау операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық-механикалық құрылғы;
2) айырбастау операциялары – айырбастау пункттері және автоматтандырылған айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар;
3) айырбастау пункті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы немесе Қазақстан Республикасының заңдары негізінде Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйым немесе уәкілетті банк құрған, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру үшін арнайы жабдықталған орын;
4) айырбастау пунктінің операциялық кассасы – айырбастау пункті үй-жайының қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ «Алтынның өлшеуіш құймалары. Техникалық талаптар» ҚР СТ 2049 Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылдан ерте емес шығарған аффинирленген құйма алтынды (бұдан әрі – аффинирленген құйма алтын) сатып алу және (немесе) сату кезінде клиенттерге қызмет көрсететін кассирге арналған, арнайы жабдықталған бөлігі (кассирдің жұмыс аймағы);
5) аппараттық-бағдарламалық кешен – айырбастау операцияларының, аффинирленген құйма алтынды сатып алудың және (немесе) сатудың есебін жүргізуді, жасалған айырбастау операциялары, аффинирленген құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату операциялары бойынша ақпараттың түзетілмейтін тіркелуін және энергияға тәуелсіз сақталуын қамтамасыз ететін, бақылау-касса машинасының функцияларын іске асыратын бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық құралдардың жиынтығы;
6) әуежай – әуе кемелерiн қабылдауға және жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшiн әуеайлағы, аэровокзалы, сондай-ақ басқа да қажетті құрылыстары мен жабдығы бар құрылыстар кешенi;
7) бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
8) казино – құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін ойын үстелдері пайдаланылатын ойын мекемесі;
9) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, заңды тұлғалар;
10) қолданыстағы лицензия – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған берілген немесе қайта ресімделген, қолданылуы тоқтатыла тұрмаған немесе тоқтатылмаған лицензия;
11) қолма-қол шетел валютасы – шет мемлекеттер заңды төлем құралы ретінде қабылдаған айналыстағы банкноттар, монеталар және қазынашылық билеттер;
12) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға – өзіне Ұлттық Банк, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйым немесе уәкілетті банк;
13) құжаттың электрондық көшірмесі – төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
14) лицензияға қолданыстағы қосымша – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған берілген немесе қайта ресімделген, қолданылуы тоқтатыла тұрмаған немесе тоқтатылмаған лицензияға қосымша;
15) лицензияға қосымша – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің нақты орналасқан орны туралы мәліметтер қамтылған ажырамас бөлігі;
16) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі;
17) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
18) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;
19) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
20) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті – теміржол, автомобиль вокзалы немесе станциясы, теңіз немесе өзен порты, халықаралық әуежай немесе әуеайлақ шектеріндегі аумақ (акватория), сондай-ақ адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу жүзеге асырылатын тиісті инфрақұрылымы бар, Мемлекеттік шекараға тікелей жақын жерде арнайы бөлінген өзге де жергілікті жер учаскесі;
21) мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;
22) стационарлық сауда объектісі – жермен берік байланысқан және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылған (технологиялық жалғанған) ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай), құрылысжай немесе құрылысжайдың бiр бөлiгі (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай);
23) теміржол вокзалы – класына қарай халыққа теміржол көлігімен тасымалдау және багажды, жүк-багажды қабылдау-беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үйлердің, ғимараттардың (жолаушы платформаларын, вокзал өтпелерін және вокзал маңындағы аумақты қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені;
24) уәкілетті банктер – валюталық операцияларды, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүргізетін, Қазақстан Республикасында құрылған банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (уәкілетті ұйымдарды қоспағанда), сондай-ақ шетелдік банктердің Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдары;
25) уәкілетті ұйымдар – банктер болып табылмайтын, қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары;
26) ұлттық валюта – Қазақстан Республикасының аумағында айналыста болатын және заңды төлем құралы болып табылатын, сондай-ақ айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айналыстағы ақша белгілеріне айырбастауға жататын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен монеталары түріндегі ақша белгілері, банктік шоттардағы Қазақстан Республикасының ақша бірліктеріндегі ақша;
27) шетел валютасы – шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының) аумағында айналыста болатын және заңды төлем құралы болып табылатын, сондай-ақ айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айналыстағы ақша белгілеріне айырбастауға жататын банкноттар, монеталар түріндегі ақша белгілері, банктік шоттардағы шет мемлекеттердің (мемлекеттер тобының) ақша бірліктеріндегі және халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі ақша;
28) электрондық лицензия және лицензияға электрондық қосымша – ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін, маңызы қағаз тасымалдағыштағы лицензиямен және лицензияға қосымшамен бірдей электрондық құжат нысанындағы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия және лицензияға қосымша;