Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 сәуірде № 18560 болып тіркелді
ID документа скопирован в буфер обмена
Бұйрық № 184 от 2019-04-11г./Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және оған енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Бекетаев
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 184 бұйрығына қосымша
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығы (2007 жылы 24 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелді, 2007 жылы 11 шілдеде «Заң газетінде» жарияланған, № 104 (1133)).
2. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 279 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4969 болып тіркелді, 2007 жылғы (қыркүйек-қазан) Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).
3. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 235 бұйрығы (2008 жылы 29 тамызда Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5294 болып тіркелді, 2008 жылы 3 қазанда «Заң газетінде» жарияланған, № 151 (1551).
4. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 273 бұйрығы (2008 жылы 14 қазанда Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5340 болып тіркелді, 2008 жылы 5 желтоқсанда «Заң газетінде» жарияланған, № 186 (1412).
5. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 32 бұйрығы (2009 жылы 31 наурызда Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5613 болып тіркелді, 2009 жылы 1 мамырда «Заң газетінде» жарияланған, № 65 (1488).
6. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 24 ақпандағы № 63 бұйрығы (2010 жылы 26 наурызда Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6141 болып тіркелді, 2010 жылы 20 сәуірде «Заң газетінде» жарияланған, № 55 (1677).
7. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 265 бұйрығы (2010 жылы 26 қазанда Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6594 болып тіркелді, 2010 жылы 12 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 478-482 (№ 26325).
8. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрыққа өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығы (2012 жылы 9 ақпанда Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7419 тіркелді, 2012 жылғы Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, № 1 (тираждың шыққан уақыты 18.05.2012 ж.).
9. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 68 бұйрығы (2013 жылы 27 ақпанда Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8346 болып тіркелді, 2013 жылы 6 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 101 (№ 28040).
10. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 223 бұйрығы (2013 жылы 28 маусымда Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8531 болып тіркелді, 2013 жылы 3 тамызда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған, № 182 (№ 28127).
11. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 273 бұйрығы (2014 жылы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9768 болып тіркелді, 2014 жылы 15 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
12. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 101 бұйрығы (2015 жылы 6 наурызда Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10399 болып тіркелді, 2015 жылы 12 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 47 (28775).
13. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 27 қарашадағы № 598 бұйрығы (2015 жылы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12343 болып тіркелді, 2015 жылы 22 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
14. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 207 бұйрығы (2017 жылы 17 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15018 болып тіркелді, 2017 жылы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
15. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 485 бұйрығының 1-тармағының 1-тармақшасы (2017 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15165 болып тіркелді, 2017 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
16. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 524 бұйрығының 1-тармағының 1-тармақшасы (2018 жылғы 19 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16779 енгізілді, 2018 жылы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
17. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 1549 бұйрығы 1-тармағының 1-тармақшасы (2018 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17779 болып тіркелді, 2018 жылы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен