• Мое избранное
Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидаларын, білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 26.12.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидаларын, білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № ҚР ДСМ-46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 сәуірде № 18577 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-249/2020 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 125 - тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрдегі, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1, 2, 3 және 4-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 23 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-46 бұйрығына
1 - қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидалары
1-тарау. Жалпы Қағидалар
1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1 – тармағының 125 - тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау (бұдан әрі-ғылыми-педагог кадрларды бағалау) тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – Ұйым) қолданылады.
3. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау педагогикалық және кәсіптік құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.
4. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрлары кемінде бес жылда бір рет бағалауға жатады.
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалауды жүргізу тәртібі
5. Ғылыми және педагог кадрларды бағалау екі кезеңнен тұрады:
1) қызметкерлердің құжаттарын бағалау;
2) қызметкерлермен әңгімелесу.
6. Ғылыми-педагог кадрларды бағалауды өткізуге дайындықты кадр қызметі немесе кадр қызметінің функциясын жүзеге асыратын адам (бұдан әрі - кадр қызметі) ұйымдастырады және мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) бағаланатын қызметкерлерге қажетті құжаттарды дайындау (хабарландыру, бағаланатын қызметкер туралы ақпарат жинау);
2) бағалауды жүргізу кестесін әзірлеу;
3) Комиссияның құрамын анықтау;
4) ғылыми-педагог кадрларды бағалауды жүргізу мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Ұйымның басшысы немесе уәкілетті тұлға кадр қызметінің ұсынысы бойынша:
1) бағаланатын қызметкерлердің тізімін;
2) Комиссияның құрамын;
3) бағалауды өткізу кестесін бекітеді.
8. Кадр қызметі жылына бір рет бағаланатын қызметкерлерді анықтайды.
9. Комиссияны Ұйым басшысы тағайындайды және мүшелері тақ саннан тұрады. Төраға және оның орынбасары комиссия мүшелері арасынан тағайындалады. Комиссияның хатшысы болып кадр қызметінің қызметкері тағайындалады.
10. Комиссия Төрағасы қызметке басшылық жасайды, отырыстарға төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды.
11. Комиссия хатшысы Комиссия отырысына материалдар дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттама ресімдейді. Хатшы комиссияға техникалық қызмет көрсетеді.
12. Комиссияның отырысы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
Комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
13. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Комиссия мүшесі болып табылатын бағаланушы қызметкер өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.
14. Дауыс берудің нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
15. Комиссия мүшесінің айрықша пікірі жазбаша түрде жазылады және хаттамаға қоса беріледі.
16. Комиссия мүшелері бағалаудан жалпы негіздер бойынша өтеді.
17. Кадр қызметі әңгімелесуді өткізу күні туралы қызметкерлерге әңгімелесу басталардан күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде хабарлайды.
18. Бағаланатын қызметкерлер жазбаша хабарламаны алған күннен бастап он бір жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай құжаттарды Комиссияға жібереді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат.
19. Комиссия ұсынылған құжаттарды түгендейді және дұрыстығын тексереді, қызметкермен әңгімелесу жүргізеді.
20. Әңгімелесудің нәтижесі бойынша Комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік сипаттамаларына сәйкес келеді;
2) қайта бағалауға жатады;
3) атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік сипаттамаларына сәйкес келмейді.
21. Қайта бағалау осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен алдыңғы комиссия шешім шығарған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кейін жүргізіледі. Комиссия қайта бағалауды жүргізе отырып, мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.
22. Комиссиясының атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы шешім қабылдауы бағалаудың теріс нәтижесі болып табылады.
Қызметкерді бағалаудың теріс нәтижесі оның лауазымын төмендетуге, ал ұсынылған лауазымды атқарудан бас тартқан жағдайда, жұмыстан босатуға негіз болып табылады.
  • 1
23. Комиссия мүшелері қол қойған шешімдер хаттамамен ресімделеді.
24. Әңгімелесу өткізілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде кадр қызметі қызметкерді Комиссияның шешімімен таныстырады.
25. Хаттама бағалануы тиіс қызметкердің жеке ісінде сақталады.
26. Комиссияның шешіміне байланысты барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша шешіледі.
  • 1
Денсаулық сақтау саласындағы
ғылыми ұйымдар мен білім беру
ұйымдарының ғылыми-педагог
кадрларын бағалау Қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Ғылыми-педагог кадрларды
бағалауды өткізу жөніндегі
комиссияның төрағасына
Өтініш
Мені ғылыми-педагог кадрларды бағалаудан өтуге жіберуіңізді сұраймын. Сонымен қатар, бағалауды өткізу үшін мынадай құжаттарды жолдаймын:
  1. ______________________________
  2. ______________________________
  3. ______________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
 _________________________________ қолы Т.А.Ә (болған жағдайда)
  • 1
Денсаулық сақтау саласындағы
ғылыми ұйымдар мен білім беру
ұйымдарының ғылыми-педагог
кадрларын бағалау қағидаларына
2-қосымша
Мәліметтердің нысаны
Өтініш бойынша мәліметтер  
  1. Өтініштің нөмірі ______________
  2. Өтінім берілген күні______________
Негізгі мәліметтер  
  3. Ғылыми дәрежесі, атағы (бар болған жағдайда) _________________________
  4. Ғылыми еңбектері және өнертабысы (бар болған жағдайда) _______________
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер  
  5. Тегі______________________________
  6. Аты__________________________________
  7. Әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________
  8. ЖСН_________________________________
  9. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі______________
  10. Нөмірі______________________________
  11. Сериясы______________________________
  12. Берілген күні_________________________
  13. Аяқталу күні______________________
  14. Берген орган_______________________
Жоғары кәсіби білімі беру туралы дипломы  
  15. Білімі________________________
  16. Диплом нөмірі_____________________
  17. диплом сериясы_____________________
  18. Үміткер оқыған ел___________
  19. Түскен жылы_____________________
  20. Бітірген жылы_______________________
  21. Диплом бойынша мамандығы_____________
  22. Диплом бойынша біліктілігі________________
  23. Дипломды нострификациялау (қажет болған жағдайда)__________________
Осы жұмыс орны туралы мәліметтер  
  24. Мәлімделген мамандығы бойынша жұмыс өтілі_____________
  25. Жалпы өтілі______________
  26. Қазіргі кездегі жұмыс орны_____________
  27. Лауазымы_____________
  28.Осы лауазымға тағайындалған күні___________
Соңғы 5 жылда біліктілік даярлықтан (біліктілікті арттыру) өткендігі туралы деректер  

Біліктілікті арттырудан өткен орны

Біліктілікті арттырудың атауы

Біліктілікті арттырудың басталған күні

Біліктілікті арттырудың аяқталған күні


 


 


 


 


 

Ғылыми қызметі туралы деректер  
29. Ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларындағы конкурстарға қатысуға дайындалған өтінімдер, оның ішінде: халықаралық, немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, немесе бизнес құрылымдармен
30. Халықаралық рецензияланатын, Веб оф Сайнс пен Скопуста (Web of Science пен Scopus) рецензияланатын басылымдардағы мақалалар
31. Ғылыми әзірлемелер, оның ішінде: монография (жетекшілік), әдістемелік ұсынымдар, атлас
32. Магистранттарға жетекшілік ету туралы мәліметтер
33. Докторанттарға жетекшілік ету туралы мәліметтер
Академиялық қызмет туралы мәліметтер  
34. Оқу жүктемесі сағатпен\кредитпен
35. Пән бойынша әдістемелік басшылық ету
36. Оқу үрдісіне арналған, оның ішінде электрондық материалдар әзірлеу
37. Педагогикалық құзыреттілікті арттыру (семинарлар, сертификат табысталатын вебинарлар)
Клиникалық қызметі туралы деректер (қажет болған жағдайда)  
38. Клиникалық жүктеме туралы мәліметтер
40. Біліктілік санаты туралы сертификаттың көшірмесі (болған жағдайда)
Тәртіптік, әкімшілік жазалар, марапаттаулар туралы мәліметтер (соңғы 6 айдағы)
41. Тәртіптік жазалардың болуы туралы мәліметтер (керегінің астын сызу)
1) Ескерту
2) Сөгіс
3) Қатаң сөгіс
4) Еңбек шартын бұзу
  5) Марапаттаулар ______________
Мекенжайы, байланыстар  
  42. Пошта индексі______________
  43. Елі, облысы, ауданы, елді мекені______________
  44. Көшенің атауы______________
  45. Үй, ғимарат нөмірі______________
  46. Пәтер, офис нөмірі______________
  Телефондар нөмірі______________
  Электрондық мекенжайы ______________
Денсаулық сақтау саласындағы
ғылыми ұйымдар мен білім беру
ұйымдарының ғылыми-педагог
кадрларын бағалау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Ғылыми-педагог кадрларды бағалауды өткізу жөніндегі комиссия отырысының № хаттамасы  
 20___жылы «____» _________________
 қала_______________
 Төрағасы____________________________________________________________
 Комиссия мүшелері ___________________________________________________
 Хатшы _________________________________________________________________
 20___жылы «____» бұйрықтың негізінде әрекет ететін комиссияның қарауына мынадай құжаттар ұсынылды:
 ____________________________________________________________________ (тегі,аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
 1. _________________
 2._________________
 3. _________________
Өткізілген ауызша әңгімелесудің қысқаша мазмұны:
 1. ____________________________________________________________
 2. ____________________________________________________________
 Комиссия мүшелердің шешімді қабылдау бойынша дауыс беру нәтижелері: қарсы емес_____ қарсы_____ дауыс
Комиссия:
 1) _______________ атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік сипаттамаларына сәйкес келеді; Т.А.Ә (бар болса)
 2) _______________ қайта бағалауға жатады; Т.А.Ә (бар болса)
 3) ______________ атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік сипаттамаларына сәйкес келмейді деп шешім етті Т.А.Ә (бар болса)
 Комиссия төрағасы: _____________________________________ қолы Т.А.Ә (бар болса)
 Комиссия мүшелері: _____________________________________ қолы Т.А.Ә (бар болса)
 _________________________________________ қолы Т.А.Ә (бар болса)
 Комиссия хатшысы: ___________________________________ қолы Т.А.Ә (бар болса)
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 23 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-46 бұйрығына
2 - қосымшасы
Білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 125 - тармақшасына сәйкес әзірленді және білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім және ғылым ұйымдары) қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау (бұдан әрі - білім мен дағдыларды бағалау) - білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын және медициналық қызмет көрсету үшін қажетті құзыреттердің (білім мен дағдыларды) қалыптасу деңгейін бағалау;
2) білімді бағалау (компьютерлік тестілеу) – білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша теориялық білім деңгейін компьютерлік жолмен анықтау;
3) білімді бағалау нәтижелерінің хаттамасы – компьютерлік тестілеудің қорытындылары бойынша білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімін бағалаудың жиынтық нәтижесі;
4) дағдыларды бағалау – білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары оларды көрсету барысында практикалық дағдыларымен меңгеру деңгейін анықтау.
4. Білім мен дағдыларды бағалауға медициналық білім берудің барлық деңгейінде білім алушылар жатады.
5. Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау оқыту мамандықтары бойынша жүргізіледі және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тиісті мамандық бағдарламалары түлектерінің құзыреттерінің тізбесіне негізделеді.
2-тарау. Білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау тәртібі
6. Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау екі кезеңнен тұрады:
1) білімді бағалау (компьютерлік тестілеу);
2) дағдыларды бағалау.
Білім мен дағдыларды бағалау білім алушының таңдауы бойынша (қазақ, орыс немесе ағылшын) тілінде жүргізіледі.
7. Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауды уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргізеді.
8. Білім мен дағдыларды бағалау денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мен білім беру ұйымымен келісім бойынша бағалау жөніндегі ұйымның базасында жүргізіледі.
9. Тест тапсырмаларын, клиникалық тапсырмаларды әзірлеу, сараптау және жаңарту тәртібін бағалау жөніндегі ұйым жүзеге асырады. Тест тапсырмаларының, клиникалық міндеттердің техникалық ерекшеліктері денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлау бағыты бойынша Оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісіледі.
10. Білімді бағалау (компьютерлік тестілеу) жүз тест тапсырмасынан тұрады. Тестілеудің жалпы уақыты-150 минут (2 сағат 30 минут).
Өту балы тест сұрақтарының жалпы санынан 50% құрайды.
Білім алушылардың жауаптары балдық жүйе бойынша бағаланады:
0 - 49 балл-қанағаттанарлықсыз;
50 - 69 балл - қанағаттанарлық;
70 - 89 балл – жақсы;
90 - 100 балл - өте жақсы.
11. Білімді бағалауды жүргізу кезінде:
1) тестілеу өткізілетін ғимаратқа ұялы телефондарды, смартфондарды, электрондық гаджеттерді, оқу әдебиеттері мен жазбаларды алып келуге және пайдалануға;
2) бағалау жөніндегі ұйым өкілінің рұқсатынсыз тестілеу өткізілетін ғимараттан шығуға, орын ауыстырып отыруға және өзара сөйлесуге жол берілмейді.
12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда бағалау жөніндегі ұйымның өкілі емтихан тапсырушыны тестілеу залынан шығарып жібереді, ол туралы акт жасалады.
Мұндай жағдайда аудиториядан шығарылғанға дейін берген дұрыс жауаптары үшін жинаған балы тестілеу нәтижесі болып табылады.
13. Білімді бағалау (компьютерлік тестілеу) нәтижелерінің хаттамасы апелляцияны есепке алмағанда, тестілеу өткізілген күні білім және ғылым ұйымдарына ұсынылады.
14. Білімді бағалауға (компьютерлік тестілеу) келмеген білім алушыларға нәтижелер хаттамасында «қатысқан жоқ» деген белгі қойылады.
15. Білім бағалаудан (компьютерлік тестілеуден) өтуге келмеген білім алушылар келмеу себептеріне қарамастан, тестілеуден бағалау жөніндегі ұйымның базасында өтеді. Келмеген білім алушылар үшін тестілеуді өткізу мерзімі мен шарттарын бағалау жөніндегі ұйым анықтайды.
16. Компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, білім алушылар дағдыларды бағалаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.
17. Білім алушылардың дағдыларын бағалау оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес клиникалық құзыреттілікті бағалаудың тиісті әдістерін (объективті құрылымдалған клиникалық емтихан, шағын клиникалық емтихан және басқалар) қолдана отырып жүргізіледі.
18. Емтихан алушылар дағдыларды бағалауды денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының базасында симуляциялық орталықтардың ресурстарын пайдалана отырып жүзеге асырады.
19. Білім алушылардың практикалық дағдылары балдық жүйе бойынша бағаланады:
0 - 49 балл-қанағаттанарлықсыз;
50 - 69 балл – қанағаттанарлық;
70 - 89 балл – жақсы;
90 - 100 балл-өте жақсы.
20. Дағдыларды бағалау нәтижелері дағдыларды бағалау күні беріледі. Дағдыны бағалаудың қорытынды нәтижелері апелляцияны ескере отырып, апелляциялық комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін апелляцияға өтініш берілген күннен бастап 2 күннен кешіктірілмей беріледі.
21. Білім мен дағдыларды бағалау нәтижесі екі кезеңнің балдарынан жинақталады және орта арифметикалық сан шығарылады және қорытынды нәтиже төмендегідей бағаланады:
0 - 49 балл-қанағаттанарлықсыз;
50 - 69 балл – қанағаттанарлық;
70 - 89 балл – жақсы;
90-100 балл-өте жақсы.
22. Білім мен дағдыларды бағалау нәтижелері денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлау бағыты бойынша Оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісілген ерекшеліктерге сәйкес білім және ғылым ұйымдары әр бітірушіге беріледі.
3-тарау. Апелляциялық өтініштерді беру және қарау тәртібі
23. Даулы мәселелерді шешу және білім алушылардың құқықтарын қорғау үшін білім мен дағдыларды бағалауды жүргізу кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен Республикалық апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссияның құрамы 5 мүшеден кем емес тақ саннан тұрады.
24. Апелляциялық комиссияның құрамына жоғары білікті ғылыми-педагог қызметкерлер, әдіскерлер, аккредиттелген бағалау ұйымының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
25. Бағалаудың бір немесе екі кезеңінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда білім алушылар емтиханнан кейін 24 сағат ішінде апелляцияға беруге құқылы.
26. Апелляциялық комиссия қараған білім мен дағдыларды бағалау нәтижелерінің қорытынды хаттамасы апелляциялық комиссияның отырысынан кейін келесі күні ұсынылады.
4-тарау. Қорытынды
27. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары, орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім, тәжірибеден өту және резидентура бойынша білім мен дағдыларды бағалаудың оң нәтижелері маман сертификатын беру туралы өтініш беруге негіз болып табылады.
28. Білім мен дағдыларды бағалау денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарының қаражаты есебінен ақылы негізде жүргізіледі. Қайта тапсырылған және дәлелсіз себептермен келмеген жағдайларда төлем білім алушылардың жеке қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат көзі есебінен жүргізіледі.
29. Білім мен дағдыларды бағалауды жүргізу бойынша қызмет көрсеткені үшін баға прейскурантын бағалау жөніндегі ұйым бекітеді.