• Мое избранное
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 сәуірде № 18583 болып тіркелді

Редакция 29.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабы 3-тармағына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру Қағидасы (бұдан әрі - Қағида);
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактуралардың нысаны.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 22 сәуірдегі
№ 370 бұйрығына
1-қосымша
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабы 2-тармағына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру тәртібін анықтайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Салық кодексінің 10-бөлімінде белгіленген талаптарға және осы Қағидаларда сәйкес жазып берілген және ЭШФ АЖ тіркелген электрондық нысанда шот-фактура қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) есепке жатқызу үшін негіз болып табылады. Егер шот-фактура қағаз жеткізгіште сияқты, электрондық нысанда да жазып берілген жағдайда, онда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ҚҚС есепке жатқызуы үшін электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура негіз болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баждың төмендетілген ставкасы – кедендік әкелу баждардың Дүниежүзілік сауда ұйымдарында Қазақстан Республикасының міндеттемелерінде көзделген ставканың барынша жоғары деңгейінде белгіленетін Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (бұдан әрі – ЕАЭО БКТ) қолданыстағы кедендік әкелу баж ставкасымен салыстырғанда өте төмен ставкасы;
2) виртуалды қойма – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін автоматты режимде қамтамасыз етуге арналған ЭШФ АЖ модулі (бұдан әрі – Модуль);
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды) және атауы тізбеге енгізілген тауарлар - ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына  әкелінген тауарлар, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлар;
4) өкіл (оператор) – Қазақстан Республикасының шот-фактуралар жөніндегі салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға қатысатын, өнімді бөлу туралы тапсырма шарттың немесе келісімнің (келісімшарттың) негізінде әрекет ететін заңды тұлға;
5) тізбе – Қазақстан Республикасының аумағына баждардың төмендетілген ставкалары, сондай-ақ осындай ставкалардың мөлшері қолданылатын ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекет аумағынан әкелінетін тауарлардың тізбесі;
6) тізбеге енгізілген тауарлар – баждардың төмендетілген мөлшерлемелері, сондай-ақ осындай мөлшерлемелердің мөлшері қолданылуы мүмкін, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар;
7) уәкілетті жеке тұлға – заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адамдардың электрондық шот-фактураның ақпараттық жүйесінде құжат айналымы процесінде осындай заңды тұлғаның атынан сенімхат негізінде операцияларды жүзеге асыруға құқық, оның ішінде заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адамдардың атынан ЭШФ қол қою құқығы берілген заңды тұлғаның қызметкері;
8) уәкілетті органның нормативтік-анықтамалық ақпараты – мемлекеттік кірістер органдарының деректер базасынан берілетін және салық заңнамасына сәйкес салық құпиясы болып табылмайтын ақпарат;
9) электрондық шот-фактура – ЭШФ АЖ арқылы және салық заңнамасы нормаларының талаптарына және осы Қағидаларға сәйкес жазып берілген құжат;
10) ЭШФ АЖ қатысушы – ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойған және ЭШФ АЖ-де тіркелген тұлға;
11) ЭШФ АЖ қатысушыны есепке алу жүйесі – салық міндеттемесін орындау мақсатында жүргізілетін бастапқы есепке алу құжаттардың деректерін, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және салық есебінің жүйесі;
12) ЭШФ АЖ операторы – ЭШФ АЖ әкімшісі болып табылатын мемлекеттік орган;
13) ЭШФ АЖ-де ЭШФ-ны тіркеу – шот-фактуралардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуі, тіркеу куәлігінің шынайылығы және бірегей тіркеу нөмірін беру мәніне тексеруді қамтитын ЭШФ АЖ-де шот-фактураны өңдеу процесі;
14) ЭШФ өңдеу – ЭШФ Салық кодексінің 400 және 412-баптарында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру, мұндай талаптарға сәйкес келмейтін ЭШФ кейіннен қайтарып алу;
15) ЭШФ тіркеу нөмірі – ЭШФ-ның, оны тіркеген кезде берілетін және жеткізушінің сәйкестендіру нөмірінің, ЭШФ тіркелу күнінің және бірегей дәйексіз нөмірінің негізінде автоматты түрде ЭШФ АЖ қалыптастырылатын бірегей нөмірі;
16) электрондық құжат – электрондық-цифрлық нысанда (бұдан әрі – ЭЦН) ақпарат табыс етілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.
Осы Қағиданың шеңберінде пайдаланылатын өзгеде ұғымдар Салық кодексінің және Қазақстан Республикасының өзгеде заңнамалық актілеріне сәйкес қолданылады.
4. Салық төлеуші, Салық кодексінің 10-бөлімінде және осы Қағидаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыруға қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпте ЭШФ жазып беру жүзеге асырылады.
5. Құжат айналымының шеңберінде ЭШФ жазып беру (жөнелту) және қарау ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркелген салық төлеушілер ғана ЭШФ АЖ-де жүзеге асырады.
6. Модульдегі тауарлардың орнын ауыстыруды бақылау оны салық төлеушімен мәлімделген (декларацияланған) тауарлармен толтыру және оларды жою арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.
7. ЭШФ АЖ-де тіркелген кезде ЭШФ АЖ-ге қатысушыға мынадай мәртебе беріледі:
1) жеке тұлға;
2) дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адамдардың;
3) заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі).
Заңды тұлғаны (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін) ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркеуді тек заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы ғана жүргізеді, ол заңды тұлғаның құрылтайшысының (құрылтайшыларының) шешімі бойынша немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы қабылдаған шешімнің негізінде тағайындалады.
Егер жеке тұлға заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы болып табылған жағдайда, аталған ақпарат мемлекеттік кірістер органдарының тіркеу базасының мәліметтерімен расталады.
8. «Жеке тұлға» мәртебесімен тіркелген ЭШФ АЖ қатысушы мұндай жеке тұлға заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімше) – ЭШФ АЖ қатысушының қызметкері болып табылатын жағдайды қоспағанда, дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адамдардың ЭШФ жазып бермейді.
9. Әрбір мәртебе бойынша тіркеу, осы Қағидаға қосымшаға сәйкес қол қойылған бөлек Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде пайдалану туралы келісім негізінде жүргізіледі.
10. Келісім салық төлеушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.
ЭШФ АЖ-ге қатысушыны авторландыру және ЭШФ АЖ-де электрондық құжаттарды куәландыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі – ҚР ҰКО) электрондық нысандағы тіркеу куәлігі қолданылады.
Заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімше) үшін келісімге қол қою заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысына берілген екі ЭЦҚ қолданумен жүргізіледі. Бұл ретте басшыда жеке тұлғаға берілген ЭЦҚ, және заңды тұлғаға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне) берілген ЭЦҚ сияқты, осы заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысының жеке сәйкестендіру нөмірі бар (бұдан әрі – ЖСН) ЭЦҚ болады.
11. Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының ережелеріне сәйкес заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы электрондық нысанда жасалатын сенімхат негізінде ЭШФ АЖ-де жұмыс жасау үшін уәкілетті жеке тұлғаны, оның ішінде осындай заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін, сондай-ақ өкілін (операторын) айқындайды.