• Мое избранное
«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 23 сәуірде № 18569 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12097 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қажетті ақпаратты және консультацияны порталдағы «жеке кабинет» арқылы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77 77 телефондары арқылы алуға болады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық және аудандық филиалдары және «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – мемлекеттік орган);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қажетті ақпаратты және консультацияны порталдағы «жеке кабинет» арқылы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77 77 телефондары арқылы алуға болады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3 тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қажетті ақпаратты және консультацияны порталдағы «жеке кабинет» арқылы, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77 77 телефондары арқылы алуға болады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген, Мемлекеттік корпорациядан алынған қоса берілетін құжаттармен бірге көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің болуы (бұдан әрі – өтініш) мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларының кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға ұсынылған құжаттарды Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың келіп түскен күні мен уақытын көрсете отырып тіркейді және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;
2) басшылық – ұсынылған құжаттармен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
3) орындаушы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізеді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге арналған сұранымды дайындайды және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (бұдан әрі – ведомство) жолдайды немесе орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына рұқсат беруден уәжді бас тартуға қол қоюға арналған сұранымды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды;
4) ведомство 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға және күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде тірі жануарларды карантиндеуден өткізуді басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттарды қоспағанда, сұранымды 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды.
Егер:
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға немесе тірі жануарларды карантиндеуден өткізуге басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісу қажет етілмесе, ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына транзитіне рұқсат беруге арналған сұранымды немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісу қажет етілсе, ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға арналған сұранымды дайындайды және басқа мемлекеттердің қызметтеріне жібереді. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға басқа мемлекеттердің қызметтерінен жауап алынғаннан кейін ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) сұранымға жауап алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге арналған сұранымды немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
тірі жануарларды карантинге қою қажет болса, ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға арналған сұранымды дайындайды және басқа мемлекеттердің қызметтеріне жібереді. Басқа мемлекеттердің қызметтерінен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға жауап алынғаннан кейін ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) 1 (бір) жұмыс күні ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге арналған сұранымды немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ведомствоның сұраным жіберген тиісті аумақтық бөлімшесін, ветеринариялық бақылау бекетін рұқсат берілгені немесе рұқсат беруден бас тартылғаны туралы хабардар етеді;
5) кеңсе рұқсаттың нөмірін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 30 (отыз) минут.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігі сипаттамасы:
1) кеңсе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға ұсынылған құжаттарды Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың келіп түскен күні мен уақытын көрсете отырып тіркейді және орындаушыны айқындау үшін басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;
2) басшылық – ұсынылған құжаттармен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
3) орындаушы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізеді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге арналған сұранымды дайындайды және ведомствоға жолдайды немесе орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына рұқсат беруден уәжді бас тартуға қол қоюға арналған сұранымды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды;
4) ведомство 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға және күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде тірі жануарларды карантиндеуден өткізуді басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттарды қоспағанда, сұранымды 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды.
Егер:
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға немесе тірі жануарларды карантиндеуден өткізуге басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісу қажет етілмесе, ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына транзитіне рұқсат беруге арналған сұранымды немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісу қажет етілсе, ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға арналған сұранымды дайындайды және басқа мемлекеттердің қызметтеріне жібереді. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға басқа мемлекеттердің қызметтерінен жауап алынғаннан кейін ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) сұранымға жауап алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге арналған сұранымды немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
тірі жануарларды карантинге қою қажет болса, ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға арналған сұранымды дайындайды және басқа мемлекеттердің қызметтеріне жібереді. Басқа мемлекеттердің қызметтерінен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға жауап алынғаннан кейін ведомствоның орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге бекітілген орындаушысы(лары) 1 (бір) жұмыс күні ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат беруге арналған сұранымды немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ведомствоның сұраным жіберген тиісті аумақтық бөлімшесін, ветеринариялық бақылау бекетін рұқсат берілгені немесе рұқсат беруден бас тартылғаны туралы хабардар етеді;
5) кеңсе рұқсаттың нөмірін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 30 (отыз) минут.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖ-дан алынған көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеуі;
12) 6-процесс – АЖ-да сұратылған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;»
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қажетті ақпаратты және консультацияны порталдағы «жеке кабинет» арқылы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77 77 телефондары арқылы алуға болады.»;
«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 18 сәуірдегі № 159
бұйрығына қосымша
«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере
отырып, орны ауыстырылатын
 (тасымалданатын) объектілердің
экспортына, импортына және
транзитіне рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша
«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы