Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 263 қаулысы
Редакция 01.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он алтыншы, он жетінші, жиырма алтыншы, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші және қырық үшінші абзацтарын, 3-тармағының он екінші, он үшінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырма жетінші, отызыншы, қырық бесінші және қырық алтыншы абзацтарын, 4-тармағының алтыншы абзацын;
қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын, 3-тармағының отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарын, 4-тармағының жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 17) тармақшасының алтыншы абзацында, 21), 27) және 50) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында белгіленген табыстардан төленбейді. Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 49) тармақшасында көрсетілген жұмыскердің салық салынатын табысына түзетулер қолданылмайды.»;
қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 12) 26), 27) және 50) тармақшаларында, сондай-ақ 341-бабының 1-тармағының 42) және 43) тармақшаларында (жоғалтқан жалақы (табыс) бөлігінде) белгіленгендерден басқа, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістер мен төлемдерден ұсталмайды. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу кезінде Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 49) тармақшасында көрсетілген жұмыскердің салық салынатын табысына түзетулер қолданылмайды. Бұл ретте Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағы 17) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген табыстан БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды.»;
қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының жетінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу кезінде Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 49) тармақшасында көрсетілген жұмыскердің салық салынатын табысына түзетулер қолданылмайды.».
4. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының төртінші, бесінші, он алтыншы, он жетінші, жиырма алтыншы, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші абзацтары, 3-тармақтың жиырма жетінші, қырық бесінші абзацтары 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
5. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының бесінші абзацы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – Заңда айқындалған тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адам;».
6. 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап:
қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының жиырма бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 22) тармақшасының алтыншы абзацында, 21) және 27) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында белгіленген табыстардан төленбейді.»;
қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының отыз бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 12) 26) және 27) тармақшаларында, сондай-ақ 341-бабының 1-тармағының 42) және 43) тармақшаларында (жоғалтылған жалақы (табыс) бөлігінде) белгіленгендерден басқа, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістер мен төлемдерден ұсталмайды.».
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 8 мамырдағы
№ 263 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 63-1) және 63-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«63-1) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
63-2) «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсын сүйемелдеуді және оның жұмыс істеуін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;».
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
мен толықтыруларға
2-қосымша