БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 сәуірде № 18600 болып тіркелді
Редакция 04.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 22 cәуірдегі № 166 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.10.2025 жылғы № 384 Бұйрығымен (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар (бұдан әрі ‒ рұқсаттар) жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне:
1) аң аулауға;
2) балық аулауға (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттемелік аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау);
3) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болдырмау мақсатында пайдалануға;
4) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға беріледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Рұқсаттар осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Рұқсаттар беру шарттары мен тәртібі»;
6, 7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулауды қоспағанда, рұқсаттарды жануарларды алудың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде жергілікті атқарушы органдар береді.
Екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулау мақсатындағы рұқсатты ведомство береді.
7. Ғылыми-зерттемелік аулау мақсатындағы рұқсатты алу үшін «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысында айқындалған тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде субъектіні аккредиттеу туралы куәлік болуы қажет.
8. Өтінім жануарлар дүниесін пайдалану түріне байланысты «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша беріледі.
9. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі;
2) өтінім беруші қол қойған, аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын тұлғалар тізімінің электрондық көшірмесі.
10. Жануарлар дүниесін пайдалану түріне байланысты осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) аң аулауға (алғашқы жүгіну кезінде):
жануарлар дүниесі объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілетін болса – аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шартының электрондық көшірмесі;
2) ғылыми-зерттемелік аулауға:
қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмелері;
жануарлар дүниесі объектілерін алудың болжанып отырған көлемін негіздейтін есептемелердің электрондық көшірмелері;
бұдан бұрын берілген рұқсаттарды (рұқсаттар берілген жағдайда) пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі;
3) өсімін молайту мақсатында аулауға:
балық ресурстарының өсімін молайтуға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болдырмау мақсатында пайдалануға:
эпизоотиялық мониторингтен басқа, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан алынған үзіндінің электрондық көшірмесі;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |