• Мое избранное
Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін ақтарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Внимание! Документ утратил силу с 16.04.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін ақтарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № ҚР ДСМ-63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18647 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 16 сәуірден бастап күшін жояды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.03.2023 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Мынадай:
1) «Вирусты гепатиттермен ауыратын науқастарды зерттеп-қарау және емдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 92 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7479 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 мамырда «Юридическая газета» газетінде № 72 (2254) жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 11 ақпандағы № 78 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9273 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдеде «Казахстанская правда» газетінде № 147 (27765) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ  және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген  іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 4 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-63 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) терапиялық бейіндегі асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерге гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсету саласындағы ережені, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейді.
2. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерге терапиялық көмекті және шағын инвазивтік (интервенциялық) диагностикалық және емдік манипуляцияларды қамтиды.
3. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанындағы Біріккен комиссия мақұлдаған диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына (бұдан әрі – Клиникалық хаттамалар) сәйкес амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек нысанында мамандандырылған көмек және жоғары технологиялық медициналық қызмет (бұдан әрі – ЖТМҚ) көрсету түріндегі «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер көрсетеді.
4. Осы Стандартта көрсетілген медициналық ұйымдар, олардың құрылымдық бөлімшелері көрсететін гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті үйлестіруді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ведомстовалық бағынысты ұйымдардың базасында құрылатын гастроэнтерология, гепатология және асқынған ішек аурулары республикалық үйлестіру орталығы жүзеге асырады.
5. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)», «Инфекциялық аурулар (ересектер), «Жалпы хирургия (торакалдық хирургия, абдоминалдық хирургия, трансплантология, колопроктология, онкологиялық хирургия, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия), «Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер)», «Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер, балалар)», «Сәулелік диагностика (рентгенология, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина)» және өзге байланысты мамандықтар бойынша дәрігерлер» мамандықтары бойынша дәрігерлердің өзара пәнаралық іс–қимылының және басқа аралас мамаандықтардың негізінде көрсетіледі.
6. Гастроэнтерология және гепатология саласындағы қызметті денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары бейінді және өзге қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
2-тарау. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің жалпы қағидаттары
7. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің жалпы қағидаттарына:
1) асқорыту ағзалары ауруларының алғашқы профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізу;
2) асқорыту ағзаларының ауруларын диагностикалау;
3) барлық кезеңдегі сабақтастықты сақтай отырып, асқорыту ағзларының ауруларын емдеу;
4) асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерге динамикалық бақылау;
5) асқорыту ағзаларының аурулары асқынуының үдеуі мен дамуының профилактикасы;
6) асқорыту ағзаларының қатерлі ісіктерінің ерте диагностикасы;
7) асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерді медициналық оңалту жатады.
3-тарау. Амбулаториялық-емханалық деңгейде гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жалпы сипаттамалары
8. Амбулаториялық-емханалық деңгейде гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті аудандық, нөмірлік аудандық, қалалық емханада, консультациялық-диагностикалық орталықта, сондай-ақ қалалық, облыстық, ведомстволық, республикалық және өзге денсаулық сақтау ұйымдарының тиісті көп бейінді бөлімшелерінде (бұдан әрі – амбулаториялық-емханалық ұйымдар немесе бөлімшелер) көрсетіледі.
9. Бастапқы диагностиканы, сондай-ақ Мамандандырылған гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті қажет етпейтін, асқорыту ағзалары ауруларының функционалдық бұзылуы және асқынбаған (компенсацияланған) түрлері бар пациенттерге амбулаториялық білікті көмекті ұсынуды тіркелген жері бойынша учаскелік терапевт немесе жалпы практика дәрігері (отбасылық дәрігер) (бұдан әрі – МСАК дәрігері) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда жүзеге асырады.
10. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті ұсыну гастроэнтерологтың кабинетінде (бұдан әрі – Кабинет) жүзеге асырылады.
11. Кабинет құру және оның кадрлық құрамын бекіту «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – ҚР Кодексі) 32-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Кабинет дәрігерінің лауазымына «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша сертификаты бар дәрігер қабылданады.
13. Кабинет дәрігерінің клиникалық-диагностикалық қызмет көрсету (пациентті қабылдау) уақытының нормативі денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
14. Кабинет:
1) МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
2) асқорыту ағзаларының аурулары бар, оның ішінде асқорыту ағзаларына операциялық араласуларды бастан өткірген пациенттерге консультация беруді;
3) пациенттерді зертханалық және аспаптық зерттеулерге жіберуді;
4) пациенттерді «Жалпы хирургия (торакалдық хирургия, абдоминалдық хирургия, трансплантология, колопроктология, онкологиялық хирургия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия), «Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер)», «Инфекциялық аурулар (ересектер)» және өзге аралас мамандықтар бойынша дәрігерлерге зерттеп-қаралуға және консультация алуға жіберуді;
5) асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді стационарлық емдеуге іріктеуді және жіберуді;
6) асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді ЖТМҚ көрсетуге іріктеу мен жіберуге қатысуды;
7) практикаға асқорыту ағзаларының аурулары профилактикасының, диагностикасы мен емдеудің жаңа әдістерін енгізуді;
8) гастроэнтерология және гепатология мәселелері бойынша МСАК дәрігерлері мен аралас мамандықтарға жеке консультация беруді және біліктіліктерін арттыруға қатысуды;
9) тіркелген жері бойынша «балалар гастроэнтрологиясы» және «педиатрия» мамандығы бойынша дәрігерлермен сабақтастық пен өзара іс-қимылды;
10) ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуды;