"Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 569 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 569 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 16 мамырдағы
№ 519 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі
1) "Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде су ресурстары, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар және технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;
2) "Энергетика және машина жасау" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;
3) "Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, ғылыми зерттеулер" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;
4) "Өмір туралы ғылым және денсаулық" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;
5) "Мәңгілік Ел" ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;
6) "Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;
7) "Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпия белгісі жоқ)" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.