«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 279 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 мамырда № 18675 болып тіркелді
1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11363 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.miid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.comprom.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
3) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.miid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.comprom.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
3) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.miid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.comprom.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурстарында орналастырылған. »;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.miid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.comprom.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
3) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.».
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2019 жылғы «____» __________
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрiнiң
2019 жылғы 6 мамырдағы
№ 279 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 511 бұйрығына
1-қосымша
«Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктін Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
құжаттар топтамасын порталға тапсырған күннен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні;
телнұсқаны беру – 5 (бес) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына берілетін аттестат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, өнеркәсіп саласы мен жүзеге асырылатын қызмет түрі көрсетілген электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ұйымның мәлімделген жұмыс түрлеріне, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білуіне тексеруден өткен мамандардың біліктілік құрамы, материалдық-техникалық база туралы электрондық құжат нысанындағы мәліметтер.
Сараптамалық қорытынды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көзделген талаптарды қамтиды.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды порталға тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсе отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмағанда;
2) өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде бас тартылуы мүмкін.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушы оның тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда),пошталық мекенжайын, шығыс номірін және күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы көрсетілген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды портал арқылы «жеке кабинеттен» жөнелткен кезде шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол мемлекеттік органда шағымды өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтың нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.miid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.comprom.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы, қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
«Заңды тұлғаларды
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
жұмыстарды жүргізу құқығына
аттестаттау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Заңды тұлғаның деректемелері
(мекенжайы, ЖСН/БСН, телефоны және т.б.)
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігінің Индустриялық
даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік
_______________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат алуға өтініш
_____________________________ «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы (заңды тұлғаның атауы) 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден өнеркәсіптің мынадай салаларында: ____________________ _________________________________________________________________ (өнеркәсіп саласын көрсету) өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына: _________ _________________________________________________________________ (қызметтің түрін көрсету) аттестат беруіңізді сұраймын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. ____________________________ __________________________________ (ұйым басшысының лауазымы) (ұйым басшысының Т.А.Ә., қолы)
«Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы
жұмыстарды жүргізу құқығына
аттестаттау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының құрамы
1. Ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:
1) сараптама қорытындысының атауын;
2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметті, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген мамандар туралы мәліметті, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына білімін тексеру хаттамасының және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың көшірмелері туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;
3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
4) ұйым туралы деректерді;
6) сараптама процесінде қарастырылған құжаттар туралы мәліметтерді;
7) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
9) негізделген қорытындысы бар қорытынды бөлімді;
10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін қамтитын қосымшаларды;
11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық шараларын қамтиды.
2. Ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
1) нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, оқу-әдістемелік материалдардың, оқу құралдары қорының болуы және мазмұны, олардың сарапталып отырған оқыту түрлері үшін жеткіліктілігі туралы мәліметтерді;
2) әрбір оқу түрі, кәсібі бойынша оқу жұмыс жоспарлары, олардың оқу бағдарламаларына сәйкестігі туралы мәліметтерді;
3) оқыту сапасын бақылауды ұйымдастыру туралы мәліметтерді;
4) материалдық база: оқу сыныптары (аудиториялар), олардың техникалық жабдықталуы, оның оқу процесін жүргізуге жеткіліктілігі, оқытылатындардың өндірістік іс-тәжірибесі үшін базаның болуы туралы мәліметтерді;
5) оқу ұйымының (оқу орталығының) штатына кіретін оқытушылардың және/немесе оқытылатын пәнге сәйкес жоғары білімі бар мамандардың құзыреті туралы мәліметтерді. Оқытылатын пәндер бойынша оқытуға олармен жасасылған шарттардың болуын қамтуы тиіс.
3. Ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптама жүргізу құқығына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
1) нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, оқу-әдістемелік материалдар қорының болуы және мазмұны, олардың өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптама жүргізу үшін жеткіліктілігі туралы мәліметтерді;
2) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу үшін жеке құқығындағы немесе басқа да заңдық негіздегі материалдық-техникалық жарақтандырылуы (сертификатталған жабдықтар, өлшеу мен бақылау құралдары) туралы мәліметтерді;
3) мамандар және жеке құқығындағы немесе басқа да заңдық негізде бұлжытпай бақылау зертханасының болуы туралы мәліметтерді;
4) жоғары техникалық білімі (тиісті өнеркәсіп саласында) және қауіпті өндірістік объектілерде кемінде бес жылдан аса практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлықтан өткен және білімін тексерілген, тұрақты жұмысқа ресімделген кемінде үш маман туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
4. Ұйымның жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша оқытудан өткен және білімі тексерілген, жоғары техникалық білімі және жарылыс жұмыстарында бес жылдан астам практикалық жұмыс тәжірибесі бар, тұрақты жұмысқа ресімделген кемінде үш маман туралы мәліметтерді;
2) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу үшін жеке құқығындағы немесе басқа да заңдық негізде сертификатталған құралдармен жабдықталған материалдық базасы, өлшеу және бақылау құралдары туралы мәліметтерді;
3) жеке құқығындағы немесе басқа да заңдық негізде жарылғыш заттарды сынауға арналған полигоны туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
5. Ұйымның қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу құқығына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша оқытудан өткен және білімі тексерілген, жоғары техникалық білімі мен декларацияланатын нысандарда бес жылдан астам практикалық жұмыс тәжірибесі бар, тұрақты жұмысқа ресімделген кемінде үш маман туралы мәліметтерді;
2) жеке меншік құқығындағы немесе шарт негізіндегі материалдық базасы туралы мәлімет, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу үшін техникалық жарақтандырылуын қамтуы тиіс.
6. Ұйымның газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді (диагностикалау, газтұтыну жабдығын куәландыру) жүргізу құқығына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
1) газбен қамтамасыз ету обьектілері жүйесінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында, қысыммен жұмыс жасайтын жабдықтарды қауіпсіз пайдалану, газқауіпті жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру бойынша оқытудан өткен және білімі тексерілген, тиісті техникалық білімі мен газбен қамтамасыз ету объектілерінде үш жылдан кем емес емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар, тұрақты жұмысқа ресімделген кемінде бес маман туралы мәліметтерді;
2) газбен жабдықтау жүйесіне тексеру жүргізу үшін нормативтік-техникалық құжаттар, материалдар, газбен жабдықтау жүйесіне техникалық диагностикалау жүргізу туралы мәліметтерді;
3) өндірістік ғимараттар және жабдықтар (цех, шеберхана), станоктар паркі, механизмдер, жеке меншік құқығындағы немесе басқа да заңдық негіздегі газ пайдаланушы жабдықтарға, бақылау-өлшеу аспаптарына, сынақ стендтеріне қызмет көрсетуге арналған арнайы құрылғылармен жарақтандырылуы туралы мәліметтерді;
4) көрсетілетін қызметтер сапасына өндірістік бақылауды;
метрологиялық бақылауды (өлшеп-бақылау құралдарын жөндеу және қызмет көрсету мамандары, бұлжытпай бақылау әдістерінің құралдары мен мамандар) қамтамасыз ететін қызмет туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
7. Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.
Сараптама қорытындысына сараптама ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен расталады, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.