«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 696 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 696 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
(тізбе түпнұсқаға сәйкес)
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 1135 бұйрығы «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалаудың кейбір мәселелері туралы»;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 1046 бұйрығы «Көпбейінді стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы»;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1024 бұйрығы «Интернаттық ұйымға жатпайтын білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді және оны білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беруді жетілдірудің кейбір мәселелері туралы»;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 984 бұйрығы «Эндокринологиялық қызметті жетілдірудің кейбір мәселелері туралы»;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 825 бұйрығы «Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды профилактикалау және алдын алу бойынша әлеуметтік жұмылдырудың кейбір мәселелері туралы»;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 2 тамыздағы № 686 бұйрығы «Инсульттан болатын өлімді төмендетудің және инсультпен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсартудың кейбір мәселелері туралы»;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 587 бұйрығы «Еуропалық директиваларға сәйкес барлық деңгейлерде мейірбике мамандарын даярлаудың кейбір мәселелері туралы»;
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 585 бұйрығы «Балалардың мүгедектігінің себептерін зерттеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы»;
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 469 бұйрығы «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша білім беру саласындағы заңнаманы жетілдірудің кейбір мәселелері туралы»;
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 441 бұйрығы «Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдірудің кейбір мәселелері туралы»;
11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 222 бұйрығы «Мемлекеттік органдардың арасындағы халықтың эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша өкілеттіктердің аражігін ажырату бойынша ұсыныстарды дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы»;
12) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 203 бұйрығы «Пилоттық жоба шеңберінде созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқарудың кейбір мәселелері туралы»;
13) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 83 бұйрығы «Денсаулық сақтау саласындағы ақпаратқа қолжетімділік пен бақылаудың кейбір мәселелері туралы»;
14) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1079 бұйрығы «Қосарлы инфекция (туберкулез бен АИТВ-инфекциясы) профилактикасының кейбір мәселелері»;
15) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 819 бұйрығы «Ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасауға арналған конкурсты өткізу үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасын және медицина техникасының тізбесін бекіту туралы»;
16) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 753 бұйрығы «Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы ұйымдарында туберкулезді хирургиялық емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізу туралы»;
17) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 741 бұйрығы «Республикалық деңгейде қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізуге дайындықты және ұйымдастыруды бағалау жөніндегі жетекшілерді анықтау туралы»;
18) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 573 бұйрығы «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы»;
19) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 259 бұйрығы «АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін, апиындық тәуелділігі бар адамдарға және (немесе) алмастырушы қолдаушы терапия алатын туберкулезбен ауыратын науқастарға туберкулезге қарсы және антиретровирустық препараттарды «бір терезе» қағидаты бойынша беру жөніндегі қызметтер кешенін көрсету туралы»;
20) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 255 бұйрығы «Қазақстан Республикасында ерікті өтеусіз донорлықты дамыту жөніндегі шаралар туралы»;
21) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 242 бұйрығы «Ауыл тұрғындарына профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу үшін мамандандырылған жылжымалы медициналық кешендерді Қызылорда облысында пайдалану туралы»;
22) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығы «Денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарын құру туралы»;
23) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 109 бұйрығы «15-19 жастағы жасөспірімдердің арасында қызылшаға қарсы вакцина егуге жағымсыз құбылыстар бойынша жағдайды зерделеу үшін жұмыс тобын құру туралы»;
24) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 64 бұйрығы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы»;
25) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 46 бұйрығы «Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі мен мүгедектердің орталықтандырылған деректер банкі» Диспансерлік пациенттердің реестрінің өзара іс-қимыл жоспарын бекіту туралы»;
26) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 360 бұйрығы «Туберкулезге қарсы препараттарды басқару жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы»;
27) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 357 бұйрығы «Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы ұйымдарында төсек сыйымдылығын кезең-кезеңмен оңтайландыру және конверсиялау туралы»;
28) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 319 бұйрығы «Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау комиссиясының құрамын бекіту туралы»;
29) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 249 бұйрығы «Қазақстан Республикасында туберкулезбен сырқаттанушылықты төмендету жөніндегі республикалық штаб құру туралы»;
30) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 212 бұйрығы «Жасөспірім қыздарды жатыр мойны обырына қарсы вакцинациялау жүргізу туралы»;
31) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 166 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық-экономикалық кеңесін құру туралы»;
32) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 131 бұйрығы «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері жөніндегі жобалау тобының құрамын және жобалау тобының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»;
33) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 128 бұйрығы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 - 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»;
34) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 105 бұйрығы «2014 жылға медициналық ұйымдарды аккредиттеу туралы»;
35) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 465 бұйрығы «Біліктілік емтиханы шеңберінде білімі мен дағдыларын бағалау рәсімінің кейбір мәселелері туралы»;
36) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 442 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 154 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы»;
37) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 443 бұйрығы «Қазақстан Республикасында балалардың неврологиялық қызметін жетілдіру бойынша жол картасын бекіту туралы»;
38) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 5 тамыздағы № 444 бұйрығы «Ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасу жөніндегі конкурс өткізу үшін дәрілік заттардың номенклатурасын бекіту туралы»;
39) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 451 бұйрығы «Мектеп жасындағы балалардың денсаулығын сақтауды жетілдіру жөніндегі Жол картасын бекіту туралы»;
40) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 427 бұйрығы «Госпитальды эпидемиологтарды оқыту бойынша жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы»;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |