• Мое избранное
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.03.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 22 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 05.02.2021 жылғы № 82 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 480-бабы 1-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 182-бабы 1-тармағына сәйкес БҰИЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссияның құрамы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаментімен (Қ.И. Миятов) осы бұйрық мүдделі адамдардың мәліметіне жеткізілсін.
3. «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 389 бұйрығының күші жойылсын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2018 жылғы 12 қаңтардағы
 № 22 бұйрығымен бекітілген
  • 1
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссияның құрамы
Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрлігінің 19.07.2019 жылғы № 752 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрлігінің 09.06.2020 жылғы № 585 Бұйрығына сәйкес (19.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия Төрағасы – салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құқықтық қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық және кеден заңнамасы саласында қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің салық саясаты және кеден ісі саласындағы саясат шеңберінде қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары;
басқарушы директор – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салық салу саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің директоры (келісім бойынша);
басқарушы директор – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кедендік әкімшілік ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің директоры (келісім бойынша).