Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 67-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде:
«4. Мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша «жақсы», «өте жақсы» деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға тағайындалады және емтихан сессиясынан немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудан кейін келетін айдың бірінші күнінен бастап семестр аяқталатын айдың соңына дейін қоса алғанда ай сайын төленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының шеңберінде білім алушыларға ағымдағы үлгерімінің нәтижелеріне қарамастан стипендия төленеді.».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысымен (22.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысында (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 2018 жылғы 24 тамыз):
көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:
«3. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмаған Бағдарламаға қатысушылар, оның ішінде көпбалалы табысы аз отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.»;
«8. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.
Көпбалалы табысы аз отбасыларға, табысы аз мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.».
4. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 63, 361-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Ағымдағы ахуалды талдау
4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар
6. Қажетті ресурстар
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы |
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары |
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның екінші бағыты бойынша, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, Бағдарламаны жалпы үйлестіру; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша |
Мақсаты |
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту |
Міндеттері |
1-міндет. Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау. 2-міндет. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. 3-міндет. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау. 4-міндет. Еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау. 5-міндет. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту. 6-міндет. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту. 7-міндет. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіру. 8-міндет. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру. 9-міндет. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және жұмыссыздар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу. 10-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. 11-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту. 12-міндет. «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру. |
Іске асыру мерзімдері |
2017 – 2021 жылдар |
Нысаналы индикаторлар |
Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі: 1) жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады; 2) жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 %-дан аспайды; 3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 10,2 %-дан аспайды; 4) белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің өсуі 10 %-ды құрайды. |
Қаржыландыру көздері және көлемі |
1) республикалық бюджеттен қаражат: 2017 жылы – 40 347 965 мың теңге; 2018 жылы – 66 364 449 мың теңге; 2019 жылы – 78 461 091 мың теңге; 2020 жылы – 68 391 978 мың теңге; 2021 жылы – 69 041 250 мың теңге. 2) жергілікті бюджет есебінен қаражат: 2017 жылы – 45 038 436 мың теңге; 2018 жылы – 45 311 093 мың теңге; 2019 жылы – 45 453 119 мың теңге |
2. Кіріспе
Қазақстан тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай прогреске қол жеткізіп, табысы орташадан жоғары деңгейдегі елдер тобына кірді.
Мұндай орнықты өсу кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама бөлігін анағұрлым нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыздар мен нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылдық жерлердегі санын азайтуға мүмкіндік берді.
Осы проблемаларды шешу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының (бұдан әрі – ЖЖК 2020 бағдарламасы) шеңберінде 2011 жылдан бері жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және табысы аз тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің пәрменді шараларына тарту жөніндегі шаралар белсенді түрде іске асырылды. ЖЖК 2020 бағдарламасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл жоспарының («2009 және 2010 жылдардағы жол карталарының» кадрларды жұмыспен қамту және қайта даярлау стратегиясы) қисынды жалғасы болып табылды әрі дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін қамтиды.
Еңбек нарығын дамыту және халықтың тұрмыс деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында Мемлекет басшысы 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкімет алдына жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамту жөнінде міндет қойды.
Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу, адами капиталдың сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулы болуын қамтамасыз ету «Қазақстан – 2050» Стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес даму басымдықтары ретінде айқындалды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс деп атап өтілді.
Жолдауда жастардың барлық санатын қолдаудың толық кешенді шараларын қамтитын әлеуметтік лифттердің кең платформасын құру тапсырылды.
Технологиялық жаңғырудың әсері, бұрын болмаған жаңа кәсіптердің пайда болуы мемлекеттен еңбек нарығының жаңа бейнесін әзірлеуді талап етеді, бұл қазақстандық жастар үшін өте маңызды.
Тез өзгеріп жатқан әлемде адами және инновациялық капиталды нәтижелі пайдалана алатын елдер стратегиялық артықшылыққа ие болады.
Осы капиталдың дамуында білім ерекше орын алады, яғни жас ұрпақ қазірдің өзінде өмір бойы оқу қағидатымен қамдануы қажет, ал білім беру жүйелері еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар беруге тиіс.
Сонымен қатар жастардың кәсіпкерлік, туризм, демалыс салаларына жеткіліксіз қатысуы, жастар саясатын ақпараттық сүйемелдеудің болмауы бүгінгі күні жастарды жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.
Осыған байланысты жастарды жұмыспен қамту саласындағы стратегиялық шешім кешенді сипатқа ие болуға және қайта оқыту мен біліктілік арттыру бағдарламаларын қолдана отырып, өндірістің өсуін және жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Бұл ретте жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу кезінде әлеуметтік және экономикалық сипаттағы белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын жастарға ерекше көңіл бөлу қажет.
Жастарды мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын іске асыру білім беру бағдарламаларының қолжетімділігі мен сапасын, жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлік бастамаларды дамыту, жастар ортасында бейәлеуметтіктің пайда болуына қарсы іс-қимыл арқылы қамтамасыз етуі тиіс.
Бұдан басқа, мемлекет тарапынан көңіл бөлуді талап ететін маңызды мәселелердің бірі халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары арқылы жас отбасылардың кірісін арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |