• Мое избранное
Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысы

Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР Үкіметінің 08.05.2026 жылғы № 372 Қаулысына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 08.05.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.05.2026 жылғы № 372 Қаулысына сәйкес (31.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес (24.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1370 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 24 маусымдағы № 429
 қаулысымен
бекітілген
  • 2
Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.05.2026 жылғы № 372 Қаулысына сәйкес (31.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының ұзақ сақтаудағыны қоспағанда, қару-жараққа қабылданған ойық жауынгерлік қол атыс қаруынан (бұдан әрі – жауынгерлік қару) бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ ішкі істер органдарының жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасы ұзақ сақтаудағыны қоспағанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының уәкілетті бөліністерінің сақтауындағы қару-жараққа қабылданған жауынгерлік қарудан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың ведомстволық коллекциялары, сондай-ақ ішкі істер органдарының уәкілетті бөліністерінде сақтаудағы жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың ведомстволық коллекциялары болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау үшін ату – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының уәкілетті тұлғаларының Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру үшін құзыреті бойынша жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан атуы;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің криминалистикалық оқ-гильза қоймасы (бұдан әрі – ІІМ КОГҚ) – осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қаруды қоспағанда, тергеу әрекеттері барысында алынған қару ізі бар оқтардың, гильзалар мен патрондардың, сондай-ақ ұрланған (жоғалған) немесе алып қойылған, табылған, ерікті түрде тапсырылған ойық ұңғылы атыс қаруынан, оның ішінде ойық ұңғылы атыс қаруына арналған патрондарға әзірленген және (немесе) қайта жасалған тегіс ұңғылы қарудан эксперименттік атылған оқтар мен гильзалардың, ұңғысыз атыс қаруынан, газды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қарудан атылған гильзалардың коллекциялары;
3) қару иесі – қаруды иеленуге, алып жүруге және сақтауға арналған рұқсат негізінде қаруды иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
4) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының құзыреті бойынша уәкілетті бөліністері жүзеге асыратын жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін ату, бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды есепке алу, сақтау, ауыстыру, алып қою және жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
5) уәкілетті бөлініс – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру жөніндегі қызметті ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты қару-жарақ және (немесе) тылдық қамтамасыз ету (материалдық-техникалық қамтамасыз ету) қызметінің құрылымдық бөлінісі;
6) эксперименттік ату – зерттеу жүргізу үшін алып қойылған, табылған, ерікті түрде тапсырылған ойық ұңғылы атыс қаруынан, оның ішінде ойық атыс қаруына арналған патрондарға әзірленген және (немесе) қайта жасалған тегіс ұңғылы қарудан оқтар мен гильзаларды ату, ұңғысыз атыс қаруынан, газды қарудан, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қарудан атылған гильзалар.
2-тарау. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларының объектілері
4. Жауынгерлік қарудан, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан, оның ішінде:
1) негізгі із қалдыратын бөлшектері (оқжатары, ұңғы оқпаны, шүріппесі, шаппасы ауыстырылған немесе механикалық өңделген) жөндеуден өткен жауынгерлік қарудан, сондай-ақ азаматтық және қызметтік ойық атыс қаруынан;
2) сатқанға дейін өнім беруші кәсіпорындар шетелден әкелген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған;
3) тіркеу және сақтау мен алып жүруге рұқсат ресімдеу алдында Қазақстан Республикасының азаматы шет елден сатып алған;
4) беру немесе сату алдында кәсіпорындар және (немесе) ұйымдар беретін немесе сататын;
5) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуды жүзеге асыратын ұйымдарда сатып алынатын жаңа ойық ұңғылы атыс қаруын қоспағанда, азаматтық ойық ұңғылы атыс қаруын сақтауға, сақтау мен алып жүруге, жоюға рұқсат алу кезінде Қазақстан Республикасының азаматына тиесілі;
6) ішкі істер органдарында (бұдан әрі – ІІО) сақтау мен алып жүруге рұқсат ресімдеудің алдында ойық ұңғылы марапаттық атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларының объектілері болып табылады.
5. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясына:
1) калибрі 11,56 мм асатын ойық ұңғылы атыс қаруынан;
2) қарудың оқтары мен гильзаларынан сапалы эксперименттік іздер алу мүмкін болмаған жағдайда із қалдыратын бөлшектері қатты коррозияға ұшыраған атыс қаруынан;
3) ауыспалы ұңғылары немесе тегіс ұңғылардағы ойық қондырмалары бар қаруды қоспағанда, аңшылық тегіс ұңғылы қарудан атылған оқтар мен гильзалар орналастырылмайды.
6. Жаңадан дайындалатын, сондай-ақ зауыттық жағдайларда қайта жасалатын, жөнделетін азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін ату дайындаушы кәсіпорындарда жүргізіледі, оған аумақтық тиесілілік бойынша полиция департаментінің қызметкерлерінен тұратын комиссия қатысады.
Жаңадан дайындалатын, сондай-ақ зауыттық жағдайларда қайта жасалатын, жөнделетін жауынгерлік қарудан бақылау үшін ату дайындаушы кәсіпорындарда жүргізіледі, оған әскери өкілдіктің лауазымды тұлғасы қатысады.
Бақылау үшін ату туралы жазбалар жаңадан дайындалатын, қайта жасалатын, жөнделетін отандық қарудың зауыттық паспорттарына енгізіледі.
Қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарында әскери өкілдіктер болмаған жағдайларда жаңадан дайындалатын, сондай-ақ зауыттық жағдайларда қайта жасалатын, жөнделетін жауынгерлік қарудан бақылау үшін ату дайындаушы кәсіпорындарда жүргізіледі, оған кәсіпорынның өнім сапасын бақылау жөніндегі бөлінісінің (техникалық бақылау бөлімі) қызметкері қатысады.
Қару иесі немесе мемлекеттік қорғаныс тапсырысын алушы жауынгерлік, азаматтық немесе қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей дайындаушы кәсіпорынға оның жеткізілгені туралы хабарлама жібереді.
Азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес дайындаушы кәсіпорындарда буып-түйіледі және қару иесінен азаматтық немесе қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруының жеткізілгені туралы хабарлама алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясына орналастыру үшін аумақтық тиесілілігі бойынша полиция департаментіне жіберледі.
Жауынгерлік қарудан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес дайындаушы кәсіпорындарда буып-түйіледі және жауынгерлік қарудың жеткізілгені туралы хабарлама алынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясына орналастыру үшін мемлекеттік қорғаныс тапсырысын алушыға жібереді.
7. Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарында жауынгерлік қарудан бақылау үшін ату мақсатында комиссия құрылады, оған қарудың ведомстволық коллекциясының қалыптастырылуына, сақталуы мен есепке алынуына жауапты уәкілетті бөліністің қызметкері қатысады.
8. Азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атуды ІІО бөліністерінде комиссия жүзеге асырады, оның құрамына азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау, жедел-криминалистикалық, қаржымен қамтамасыз ету бөліністерінің және уәкілетті бөліністің қызметкерлері кіреді.
ІІО бөліністерінің қызметкерлері өзі құзыреті шегінде келесі функцияларды жүзеге асырады:
азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлінісінің қызметкері:
ІІО бөліністерінде азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін ату жөнінде комиссия құру туралы бұйрық жобасын дайындау;
азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын бақылау үшін атудың уақтылы жүргізілуін бақылау;
жедел-криминалистикалық бөліністің қызметкері:
азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруының таңбалау және нөмірлік белгілерін рұқсат беру құжатында көрсетілген деректермен салыстыра тексеру;
азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруының зауыттық сипаттамаларға сәйкестігін тексеру, сондай-ақ конструкциясына енгізілген өзгерістерді немесе оның жөнделгенін анықтау;
азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруы бөліктерінің және механизмдерінің өзара әрекетке түсуін, сондай-ақ ұсынылған оқ-дәрілердің осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарының талаптарына сәйкестігін тексеру;