• Мое избранное
Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 маусымда № 18889 болып тіркелді

Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 01.10.2024 жылғы № 82 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 22.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 жылғы № 92 Бұйрығына сәйкес (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын желіге беруді техникалық диспетчерлендіру және тұтыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Тауарлық газды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тауарлық газды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Топтық резервуарлық қондырғыларды пайдаланудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарт;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарт;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Тіреуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үсті ағындарын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Кеменің теңіз портына, кейіннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге де мақсаттарда кіргені үшін теңіз портының (кеме кірісі) қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарт;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарт;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Суды магистральдық құбыржолдар және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес Концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарт;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын өндірудің-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт бекітілсін;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт бекітілсін.
1-тармақ 20-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 жылғы № 128 Бұйрығымен (өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі )
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес Суды арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт.
1-тармақ 21-тармақшамен толықтырылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 04.11.2024 жылғы № 99 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 22.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына), сондай-ақ өзге ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) үлгі шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11254 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заннамасында белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  • 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
1-қосымша
Электр энергиясын желіге беруді техникалық диспетчерлендіру және тұтыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт
_______________________                                                                                  20__ жылғы "__" __________
(шарттың жасалған орны)



Бұдан әрi Өнім беруші деп аталатын электр энергиясын желiге берудi және 
тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтердi ұсынатын
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті ұсынатын субъектiнiң атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)
_________________________________________________________________________ атынан
___________________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн 
________________________________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.) 
бiр тараптан және бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын
________________________________________________________________________________
(пайдаланушының деректемелерi, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________ атынан
__________________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
__________________________________________________________________ екінші тараптан
(лауазымы, А.Ә.Т. (болған жағдайда)
төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.
1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.10.2021 жылғы № 92 Бұйрығымен (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2023 жылғы № 128 Бұйрығымен (26.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
авариялық бұзылыс – электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулар;
есеп айырысу кезеңі – Шартта Өнім берушінің техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне есеп айырысу жүргізілетін күнтізбелік бір айға тең айдың бірінші күні сағат 00:00-ден бастап соңғы күні сағат 24:00-ге дейін уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең (орташа еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат);
жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы – Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде электр энергиясын және қуатын өндіру, беру және тұтыну режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару функцияларын жүзеге асыратын жүйелік оператордың құрылымдық бөлімшесі;
коммерциялық есепке алу кешені – коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан, коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;
Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі – есеп айырысу кезеңінде жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының көлемін көрсететін, жүйелік оператор жасаған құжат;
нақты көлем – желiлердiң тиесілілігіне қарамастан, кернеулердiң барлық сыныптарының желiсіне (желiлерi арқылы), оның ішінде Тұтынушының желісіне (желiлеріне) Тұтынушы босатқан (импорттайтын) электр энергиясының көлемi;
өнім беруші – Тұтынушыға электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді көрсететін жүйелік оператор;
өңірлік диспетчерлік орталық – жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығына жедел бағынысты және жедел-диспетчерлік функцияларды жүзеге асыратын жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталығы;
өтiнiм – Тұтынушының уәкiлеттi өкiлi қол қойған және Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде Өнім берушіге жолданатын, электр энергиясының көлемi, электр энергиясын беру уақытының кезеңi, осы кезең iшiнде қуаты бойынша көлемдi бөлу туралы ақпаратты қамтитын жазбаша құжат. Өтінiм айлық, тәулiктiк және жедел болуы мүмкін;
тұтынушы – энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы немесе энергия беруші ұйым, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс электр энергиясын жеткізуді (импорттауды) жүзеге асыратын заңды тұлға;
уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;
электр желiлерi – Өнім берушіге де және/немесе Тұтынушыға да, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға да меншiк құқығында, заттық құқықта немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өзге де негiздер бойынша тиесiлi электр энергиясын беруге және/немесе таратуға арналған шағын станциялардың, таратушы құрылғылардың және оларды бiрiктiрушi электр беру желiлерiнiң жиынтығы;