• Мое избранное
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.01.2026 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 шілдеде № 18957 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2026 жылғы 11 қаңтардан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 23.12.2025 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес
Редакция 15.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 225-1-бабының 4-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 29.03.2024 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (02.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
  • 1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлігі 
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 2 шілдедегі
№ 60 бұйрығымен
 бекітілді
  • 2
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 225-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 29.03.2024 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (02.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 29.03.2024 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (02.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспортты қолдау бойынша кепілдік шартының талаптарына сәйкес Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі алдындағы оның сақтандыру және кепілді төлемдер бойынша берешегін толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі;
2) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды) – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігіне экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік берудің орындылығы (сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның оң салалық қорытындысы негізінде дайындалған, оның елдің экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі) тұрғысынан қорытындысы;
3) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы – сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның тиісті Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігіне экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру арқылы саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысына қорытындысы.
2-тарау. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар
  • 1
3. Қорытынды Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға қосымшасымен бірге қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынған мынадай құжаттардың негізінде әзірленеді:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 29.03.2024 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (02.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) мемлекеттік кепілдік сомасын, оның қолданылу мерзімін, мемлекеттік кепілдікті пайдаланудың институционалдық схемасын (процестің барлық қатысушылары туралы ақпарат, олардың өзара іс-қимылы) қамтитын мемлекеттік кепілдік бойынша ақпарат;
2) құрылтай құжаттарының, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмелерін, компанияның даму стратегиясын, рейтингтік есепті қамтитын Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі туралы ақпарат;
3) Кодекстің 225-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы.
4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Талаптардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды.
5. Осы Талаптардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсынған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды дайындайды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 29.03.2024 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (02.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Егер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қорытындыны ұсынғаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мемлекеттік кепілдік бермеген жағдайда, осы қорытынды түзетілуге тиіс.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 29.03.2024 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (02.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Қорытынды түзетілген жағдайда Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға осы Талаптардың 3-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 29.03.2024 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (02.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік
 кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
 орталық уәкілетті органның қорытындысын
әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарға
 қосымша
Осы Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 29.03.2024 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (02.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қортындысы

1.

Мемлекеттік кепілдік бойынша жалпы ақпарат

2.

Мемлекеттік кепілдік сомасы

3.

Мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі

4.

Мемлекеттік кепілдікті пайдаланудың институционалдық схемасы (процестің барлық қатысушылары туралы ақпарат, олардың өзара іс-қимылы)

5.

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі туралы ақпарат

6.

Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптардың 3-тармағында көзделген ұсынылған құжаттаманың болуы

7.

Тиісті Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігіне мемлекеттік кепілдік берудің негіздемесі (сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның қорытындысына сәйкес)

8.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестікке талдау (құжаттың деректемелерін көрсету)

9.

Тұжырымдар мен ұсынымдар