«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысы
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 09.10.2024 жылғы № 835 Қаулысына сәйкес (өзгерту 07.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереже;
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті одан Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
5) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық бөлімшелері;
6) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің «Микрография ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің «Микрография ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
4. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы қаулыға 2-қосымшаның 1-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы қаулыға 2-қосымшаның 2-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
3) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті осы қаулыға 2-қосымшаның 3-4-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
4) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті осы қаулыға 2-қосымшаның 5-6-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті осы қаулыға 2-қосымшаның 7-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне және оның ведомстволарына берсін;
2) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берсін.
6. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 5-6, 64-құжат) күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.10.2019 жылғы № 765 Қаулысымен (12.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.12.2019 жылғы № 914 Қаулысымен (15.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Ереже өзгертілді 21.02.2020 жылғы № 77 Қаулысымен (10.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Ереже өзгертілді 15.04.2020 жылғы № 205 Қаулысымен (21.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.09.2020 жылғы № 559 Қаулысымен (15.04.2020 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді28.10.2020 жылғы № 714 Қаулысына сәйкес (08.09.2020 ж. редакцияны қараңыз) Бөлім кіші бөліммен толықтырылды ҚР Үкіметінің 03.12.2020 жылғы № 817 Қаулысымен Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.01.2021 жылғы № 12 Қаулысымен (03.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысымен (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.03.2021 жылғы № 172 Қаулысымен (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2021 жылғы № 285 Қаулысымен (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.08.2021 жылғы № 559 Қаулысымен (06.05.2021 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2021 жылғы № 815 Қаулысымен (03.09.2021 ж. редакцияны қараңыз) Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2021 жылғы № 992 Қаулысына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, инновациялық қызмет салаларында, елдің ғылыми-техникалық дамуы, геодезия, картография және кеңістіктік деректер, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», дербес деректер және оларды қорғау, цифрлық активтер, жобалық басқару салаларындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, сондай-ақ байланыс, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту салаларында және деректерді басқару бойынша (бұдан әрі – реттелетін салалар) басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.09.2022 жылғы № 749 Қаулысына сәйкес (05.08.2022 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.02.2023 жылғы № 133 Қаулысына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.03.2023 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес (16.02.2023 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.05.2023 жылғы № 347 Қаулысына сәйкес (15.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) «Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) «Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 27.04.2024 жылғы № 342 Қаулысына сәйкес (12.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)
5) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
6) «Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2-тармақ 6-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 27.04.2024 жылғы № 342 Қаулысына сәйкес
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ тілінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.03.2024 жылғы № 169 Қаулысына сәйкес (04.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуына құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 55/5-ғимарат.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.10.2022 жылғы № 834 Қаулысына сәйкес (26.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке өз өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |