Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 545 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 40, 253-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 545 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiн жүргiзу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) – нормативтік құқықтық актілердің деректемелерін және осы актілер туралы басқа да ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алудың бірыңғай жүйесі;
2) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi (бұдан әрі – Эталондық бақылау банкі) – олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген қағаз жеткізгіштегі нормативтік құқықтық актілер жиынтығы және электрондық құжат нысанындағы нормативтік құқықтық актілердің электрондық жүйесі;
3) мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі – МОИП) – мемлекеттік органдардың ведомстволық және ведомствоаралық бизнес-процестерін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
4) эталондық бақыланатын нормативтік құқықтық акт – қағаз жеткізгіштегі және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйымның (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы (өзгерістермен және толықтырулармен) нормативтік құқықтық акт;
5) электрондық құжат айналымы жүйесі – қатысушылары арасындағы қатынастар «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;
6) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
3. Мемлекеттік тізілім және Эталондық бақылау банкі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бірыңғай мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
4. Мемлекеттік тізілімді және Эталондық бақылау банкін жүргізуді уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
5. Эталондық бақылау банкіне енгізілген нормативтік құқықтық актілер хронологиялық тәртіппен есепке алуға жатады.
6. Эталондық бақыланатын нормативтік құқықтық актілер үшін сақтау мерзімі – «тұрақты».
7. Заңның 22-бабының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларына сәйкес «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Баспасөзде жарияланбайды», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер электрондық түрде Эталондық бақылау банкіне деректемелер түрінде орналасады.
«Ерекше маңызды», «өте құпия», «құпия» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер Мемлекеттік тізілімге және Эталондық бақылау банкіне енгізілуге жатпайды.
2-тарау. Мемлекеттік тізілімді және Эталондық бақылау банкін жүргізу тәртібі
8. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік органның мөрімен расталған және Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көшірмелерін қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде бір данада қағаз және электрондық түрде уәкілетті ұйымға жібереді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілері уәкілетті ұйымға Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында ғана жіберіледі.
9. Әділет органдары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде және (немесе) оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін олар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген сәттен бастап автоматты түрде бір күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде МОИП арқылы уәкілетті ұйымға жібереді.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары МОИП-қа толық қосылғанға дейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен, мемлекеттік органның мөрімен расталған және Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің нормативтік құқықтық шешімдерінің көшірмелерін аталған әкімдердің аппараттары мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде бір данада қағаз және электрондық түрде уәкілетті ұйымға жібереді.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде және (немесе) оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Баспасөзде жарияланбайды», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылып, электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті ұйымға деректемелер түрінде жібереді.
10. Қағидалардың 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде және (немесе) оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде уәкілетті ұйымға жібереді.
11. Осы Қағидалардың 8-тармағында, 9-тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде, сондай-ақ 10-тармағында көзделген электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерді уәкілетті ұйымға жіберу электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жүргізіледі.
Бірлескен нормативтік құқықтық актілерге электрондық цифрлық қолтаңбаның қойылуын нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге жауапты болып белгіленген уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
12. Эталондық бақылау банкіне келіп түскен нормативтік құқықтық актіні тіркеу ол қағаз және электрондық түрде болған кезде жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 9-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 10-тармағында көрсетілген, келіп түскен нормативтік құқықтық актіні тіркеу ол қағаз түрінде болмай-ақ жүзеге асырылады.
13. Электрондық түрде келіп түскен нормативтік құқықтық актілер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен расталған электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалылығын тексеру рәсімінен өтеді. Нормативтік құқықтық актілердің деректемелері мен мәтіні бір нормативтік құқықтық актіге тиесілігі тұрғысынан тексеріледі.
Тексерудің нәтижесі теріс болған жағдайда, нормативтік құқықтық актілер электрондық түрде алынбаған деп есептеледі, бұл туралы жөнелтушіге құжаттың алынбау себептері көрсетіле отырып, Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінен электрондық құжат айналымы жүйесіне хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік органдар құжаттың алынбауы туралы хабарлама алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрде қайта жібереді.
14. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс нормативтік құқықтық актілер уәкілетті ұйымға келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде енгізіледі және оларға тіркеу нөмірі беріледі.
15. Келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне енгізу олар уәкілетті ұйымға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
16. Эталондық бақылау банкіне енгізілген нормативтік құқықтық актілер оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, нормативтiк құқықтық актілердің жекелеген бөлiктерiнiң күшi жойылды деп тану не олардың қолданылуын тоқтата тұру арқылы бақыланатын жағдайда ұсталады.
Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілердің жекелеген бөліктерінің күші жойылды деп танылған не олардың қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде олардың мәтініне енгізілетін нормалардың тұжырымын, сондай-ақ актінің нысаны, қабылданған күні мен нөмірі туралы ақпарат нақты көрсетілетін белгілер енгізіледі.
17. Нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылған не оның қолданылуы белгiлі бiр мерзiмге тоқтатыла тұрған кезде Мемлекеттiк тiзiлiмге тиiстi жазбалар және Эталондық бақылау банкіне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актінің қағаз және (немесе) электрондық мәтініне тиiстi нормативтiк құқықтық актіге сiлтеме жасай отырып, оның күшi жойылды деп тану не қолданылуын тоқтата тұру туралы белгi жасалады.
18. Эталондық бақылау банкiн қалыптастыру кезiнде нормативтiк құқықтық актілердің қазақ және орыс тiлдеріндегi мәтiндерi салыстырылып тексерілмейді.
19. Эталондық бақылау банкiн қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ оған мәліметтер енгізуді Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайды.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |