«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамын «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы деп қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 546 қаулысы
Редакция 04.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 546 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-117-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-117. «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 386-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«386. «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы.».
3. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)».
4. «Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1092 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
«Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастырудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері» деген 2-бөлімде:
«Кластерлік бастамаларды мемлекеттік қолдау» деген кіші бөлімде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының және Ғылым қорының технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарын бөлуі, кластерлерге қатысушы ірі кәсіпорындардың бірлесіп қаржыландыруы арқылы кластерлер үшін перспективалы ҒЗТКЖ-ні қолдау;».
5. «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Дәстүрлі секторлардағы кәсіпорындарды жаңғырту есебінен тиімді базалық индустрияны құруды аяқтау» деген 1-міндеттің реттік нөмірі 2-жолында «ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатура мен сөздер «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 15, 19, 34, 35, 36, 37, 38, 86, 87-жолдардағы «ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатура мен сөздер «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 24-жолдағы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатура мен сөздер «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 53, 54-жолдардағы «ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатура мен сөздер «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 55, 59, 60, 61, 62-жолдардағы «ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатура мен сөздер «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
«Инновациялық белсенді бизнестің сындарлы мөлшерінің пайда болуы үшін алғышарттар жасау» деген 4-міндеттің реттік нөмірлері 1 және 2-жолдарындағы «ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатура мен сөздер «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 80, 85-жолдардағы «ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатура мен сөздер «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ (келісім бойынша)» деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын;
Ескертпеде:
аббревиатуралардың толық жазылуында:
«ҚИЭО – «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«QazIndustry» ҚИЭО – «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы».
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.11.2022 жылғы № 932 Қаулысына сәйкес (15.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.07.2022 жылғы № 482 Қаулысымен (17.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.05.2022 жылғы № 311 Қаулысымен (02.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.02.2022 жылғы № 43 Қаулысымен (29.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 862 Қаулысымен (21.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
11. «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 469 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы болып айқындалсын.».