• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысы

Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.04.2022 жылғы № 232 Қаулысына сәйкес (18.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.01.2023 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 29.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.01.2023 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі –«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті болып;
6) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер;
7) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне және оның ведомстволарына берсін.
4. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.11.2021 жылғы № 825 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.04.2022 жылғы № 232 Қаулысына сәйкес (18.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2019 жылғы 5 шілдедегі
 № 479 қаулысымен
 бекітілген
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесіне өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 25.05.2022 № 330 Қаулысымен (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереже
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2019 жылғы № 951 Қаулысымен (05.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.02.2020 жылғы № 54 Қаулысымен (20.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.04.2020 жылғы № 166 Қаулысымен (14.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.08.2020 жылғы № 527 Қаулысымен (03.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.09.2020 жылғы № 558 Қаулысымен (20.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 955 Қаулысымен (08.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.03.2021 жылғы № 128 Қаулысымен (31.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысымен (09.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.04.2021 жылғы № 241 Қаулысымен (18.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.08.2021 жылғы № 559 Қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.11.2021 жылғы № 825 Қаулысымен (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.11.2021 жылғы № 825 Қаулысымен (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.12.2021 жылғы № 867 Қаулысымен (22.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2021 жылғы № 971 Қаулысымен (07.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.01.2022 жылғы № 20 Қаулысымен
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.04.2022 жылғы № 232 Қаулысына сәйкес (18.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.01.2023 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.08.2023 жылғы № 643 Қаулысына сәйкес (05.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, «жасыл экономиканы» дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (медициналық, биологиялық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, басқару процестерін үйлестіру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.01.2023 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.05.2023 жылғы № 359 Қаулысына сәйкес (16.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 863 Қаулысына сәйкес (01.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.02.2024 жылғы № 68 Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.01.2023 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.02.2024 жылғы № 68 Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)
4) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 863 Қаулысына сәйкес (01.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен қазақ және орыс тілдерінде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.10.2022 жылғы № 834 Қаулысына сәйкес (18.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, табиғи ресурстарды қорғауды, пайдалануды және молықтыруды мемлекеттік бақылау, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу (медициналық, биологиялық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда) салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау және іске асыру салаларында мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану салаларында, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту салаларында өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.01.2023 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.05.2023 жылғы № 359 Қаулысына сәйкес (16.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)
2) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Министрліктің құзыретіне жатқызылған салаларда халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) табиғи ресурстарды сақтау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру;
5) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласында ақпарат тарату мен ағарту жүйесін дамыту;
6) қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
7) қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг саласында басшылық жасау және салааралық үйлестіру;
8) реттелетін салаларда мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;
9) биологиялық әртүрлілікті сақтау;
10) орманды, жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша басшылық жасау және салааралық үйлестіру;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 863 Қаулысына сәйкес (01.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.02.2024 жылғы № 68 Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)