БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Бесплатные документы
-
Рубрики:
Обзоры изменений законодательства
Аннотации
Аннотации
Бесплатные документы
Обзоры изменений законодательства
Аннотации
Аннотации
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 549 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 шілдеде № 19114 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-миниcтріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2019 жылғы «____» _____________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 2019 жылғы «____» _____________
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 549 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14764 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларында:
«субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызының ең жоғарғы сомасы тұрғын үйді Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында сатып алған кезде – 20 млн. теңгеге дейін, ал басқа өңірлерде – 15 млн. теңгеге дейін қоса алғанда;»;
2. «Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14765 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидалары осы тізбеге қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. «Салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осы бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16572 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 наурыздағы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осы бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесінде:
«
2. |
«Samruk-Kazyna Construction»акционерлікқоғамы |
».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес (25.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 92, 94 және 95-баптарына сәйкес әзірленді және тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мынадай бағыттарын іске асыру шеңберіңде жүзеге асырылады:
1) жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру;
2) жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) екінші деңгейдегі банктер – банктік және өзге де операцияларды, оның ішінде банктік қарыз операцияларын жүргізуге қызметін тиісті лицензиясы бар Қазақстан Республикасының банктері (бұдан әрі – ЕДБ);
2) төлемдер кестесі – негізгі борышты, сыйақы сомасын, оның ішінде банктік қарыз шартының және субсидиялау шартының ажырамас бөлігі болып табылатын субсидияланатын сыйақы сомасын өтеу бойынша төлемдер кестесі;
3) субсидиялау шарты – қаржы агенті бекітетін үлгілі шарт, оның шарттары бойынша қарыз алушының кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін өтеу үшін субсидияны кезең-кезеңмен төлеу жүзеге асырылады;
4) банктік қарыз шарты – ЕДБ мен қарыз алушының арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қарыз алушыға кредит беріледі немесе қайта қаржыландырылады;
5) қарыз алушы – меншікті қаражаты және субсидияланатын кредит қаражаты есебінен жобаны іске асыруды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (жеке құрылыс салушы);
6) кредит – Бағдарламада және осы Қағидаларында белгіленген шартының негізінде жобаны іске асыру үшін қарыз алушыға банктік қарыз ЕДБ беретін ақшалай қаражаттың сомасы;
7) субсидиялар – қарыз алушыға ЕДБ беретін (қайта қаржыландырылатын) кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржы агенті арқылы жіберілетін республикалық бюджеттен бөлінген қаражат;
8) субсидиялау – кредит бойынша сыйақы ретінде ЕДБ қарыз алушыға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын, қарыз алушыны мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
9) жоба – жалпы алаңының 40 %-нан аспайтын, коммерциялық алаңдардың (бар болған жағдайда) үлесі бар тұрғын үй құрылысының (тұрғын ғимарат), аз қабатты тұрғын үйдің жобасы;
10) уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық мемлекеттік орган;
11) қаржы агенті – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.
2-тарау. Жобаларды қарау кезінде кредит беруге қойылатын талаптар
4. Бағдарламаға және осы Қағидаларға сәйкес келетін шарттарда кредиттер есебінен жобаларды іске асыруды жүзеге асыратын қарыз алушылар субсидия алушылар болып табылады.
5. Құрылтайшылары тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар болып табылатын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған жеке кәсіпкерлік субъектілері (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда), жеке кәсіпкер, коммерциялық емес ұйымдар, оның ішінде тұрғын үй-құрылыс кооперативтері ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін берілген кредиттер субсидиялауға жатпайды.
6. Субсидиялау осы Қағидаларға сәйкес экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiге сай өз қызметін жүзеге асыратын қарыз алушылардың кредиттері бойынша беріледі.
7. ЕДБ субсидиялау туралы шешім қабылданған күні қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5 %-дан артық емес сыйақының мөлшерлемесі бойынша қарыздар береді.
8. Қарыз алушының кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7 % субсидиясын ЕДБ-ге мемлекет қаржы агенті арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтейді.
9. Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін қарыз алушы төлейді.
10. Қарыз алушының қатысуы үшін міндетті шарттар:
нысаналы мақсаты – жобаны қаржыландыру (кредитті қайта қаржыландыру);
кредит валютасы – теңге;
субсидиялаудың ең ұзақ мерзімі 36 айға дейін қоса алғанда.
Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенті алғашқы субсидиялау шартына қол қойған күннен бастап белгіленеді.
Осы Қағидалар шеңберінде қаржыландырылатын жобаларға тікелей байланысты емес шығыстарға жол берілмейді.
Субсидиялау шеңберінде қайта қаржыландыруға ЕДБ-ге өтініш жасаған күні 18 ай мерзіммен бұрын ЕДБ берген кредиттерге рұқсат етіледі.
11. Кредитті нысаналы жұмсау:
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеуге, жобаларды басқару жөніндегі шығындарға, авторлық және техникалық қадағалау бойынша қызметтер көрсетуге;
2) жобаны іске асыруға байланысты өзге де шығыстарды, оның ішінде жарнама, басқару персоналын ұстау, коммуналдық және телекоммуникациялық қызметтер көрсету жөніндегі шығыстарды, жалдау төлемақыларына, сапаны бақылау бойынша техникалық паспорттар дайындауға арналған шығыстарға, зертханалық сынақтарға, салықтарға және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге, міндетті зейнетақы жарналарына және міндетті кәсіби зейнетақы жарналарына, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына рұқсат етіледі.
12. Осы Қағидалардың 5-тармағының шарттарын ескере отырып, Бағдарламаның «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» деген міндеті шеңберінде пилоттық жобаларды іске асыруға кредиттерді субсидиялауға рұқсат етіледі.
13. Мыналарды:
қарыз алушы бастама жасаған банктік қарыз шартының, субсидиялау шартының, кредиттеу талаптарының өзгеруіне байланысты жағдайларды;
қарыз алушының қарыз, субсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін бұзуына байланысты алынатын комиссиялар, алымдар және (немесе) өзге де төлемдерді;
кепіл затына (қамтамасыз ету) тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл затын (қамтамасыз ету) сақтандыруға, кепілдік шартын тіркеуге және ауыртпалықты алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, ЕДБ қарыз алуға немесе оған қызмет көрсетуге, субсидиялау шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге төлемдерді алмайды.
14. Субсидиялауға бұрын қарыз алушы алған, мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған тұрғын үй құрылысына арналған кредиттер жатпайды.
3-тарау. Субсидия беру тәртібі
1-параграф. Қарыз алушыға субсидия беруді қарау тәртібі
15. Қарыз алушы ЕДБ-ге Бағдарламаға және осы Қағидаларға сәйкес келетін шарттармен жобаны іске асыру үшін кредит алуға немесе қайта қаржыландыруға өтініш (ЕДБ ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) береді.
16. ЕДБ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне ЕДБ-нің ішкі құжаттарына сәйкес бағалау жүргізеді.
Оң бағалау кезінде ЕДБ қарыз алушыға 3 (үш) жұмыс күні ішінде жобаға кредит беру дайындығы және қаржы агентінің кредитті субсидиялау туралы шешімін беру қажеттілігі туралы жазбаша жауап жібереді.
17. Қарыз алушы қаржы агентіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтініш-сауалнамамен (бұдан әрі – өтініш – сауалнама) өтініш жасайды, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) іске асырылатын жобаның сипаттамасы (жобаның құрылысына рұқсат беру құжаттамасы, бизнес-жоспар қоса берілген еркін нысанда қалыптастырылады);
2) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы;
3) объекті бойынша ақпарат (таныстыру, жарнамалық материалдар, пәтерлердің жобалары, пәтерлердің саны мен алаңдары), оның ішінде электрондық түрде;
4) жобаны іске асыру үшін кредит беру (қайта қаржыландыру) мүмкіндігі туралы оң шешімі бар ЕДБ - ның хаты.
18. Қаржы агенті құжаттарды алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарыз алушының жобасын осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді және оң не теріс шешім қабылдайды.
19. Ескертулер болған кезде құжаттар топтамасы құжаттарды алғаннан кейін күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушыға пысықтау үшін нақты кемшіліктерді көрсете отырып қайтарылады.
20. Жобаны қарастыру кезінде бас тартуға үшін негіздемелер мыналар:
1) өтініш берушінің дұрыс емес деректерді (мәліметтерді) ұсынуы;
2) құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну;
3) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеу.
21. Қаржы агенті шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушыға және ЕДБ-ге қабылдаған шешім туралы хаттама (хаттамадан үзінді) жібереді. Кредитті субсидиялау мүмкін еместігі туралы шешім қабылданған жағдайда бас тарту себебі көрсетіледі.
22. Қаржы агенті қажет болған жағдайда, жобаны барынша толық талдау және шешім қабылдау үшін қарыз алушыдан қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұрайды. Мұндай жағдайда қарыз алушының құжаттары қайтарылады және белгіленген тәртіпте қайта қарауға жатады.
23. Қаржы агенті шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылданған күннен бастап 6 (алты) айдан аспауға тиіс. Қаржы агенті субсидиялаудың бекітілген үлгілік нысанын ЕДБ-ге жібереді.
24. ЕДБ қаржы агентінен алынған шешімнің негізінде қарыз алушымен және қаржы агентімен субсидиялау шартын жасайды.
25. Субсидиялау шартына:
1) қаржы агентінен хаттама (хаттамадан үзінді-көшірмелер) алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ЕБД мен қарыз алушы;
2) ЕДБ-ден субсидиялау шартын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенті қол қояды.
Субсидиялау шартына қосымша келісім, сондай-ақ қаржы агенті пысықтауға жіберген субсидиялау шарты осы тармақта көзделген мерзімдерде жасалады.
26. Субсидиялау шарты оған қарыз алушы, ЕДБ және қаржы агенті қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Бұл ретте субсидиялау шартында қаржы агенті субсидиялау шартына қол қойған күнге дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын, бірақ қаржы агентінің шешімі шыққан күнге дейін субсидиялау басталған мерзім көрсетіледі.
27. Осы Қағидалардың 25-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде субсидиялау шарты уақтылы жасалмаған жағдайда, ЕДБ 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне ресми хатпен кешіктіру себептерін түсіндіре отырып хабарлама жібереді.
28. Қаржы агенті:
1) бекітілген үлгілік нысанға;
2) банктік қарыз шарты Бағдарламаның және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, субсидиялау шартына қол қоюдан бас тартады.
Қаржы агенті аталған сәйкессіздіктердің бар екені туралы ескертулерді жою үшін осы Қағидалардың 25-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзімнен кешіктірмей ЕДБ-ге жазбаша нысанда хабарлама жібереді.
29. Кредит бойынша сыйақыны төлеу күнін ЕДБ қарыз алушымен келісім бойынша айқындайды. Егер кредит бойынша сыйақы аудару қарыз алушы, ЕДБ субсидиялау шартына қол қойған күннен кейінгі күннен басталатын болса, субсидиялау кезеңіне қарыз алушымен, ЕДБ-мен субсидиялау шартына қол қойылған күн қосылмайды.
30. Қаржы агенті субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін төлемдер кестесі бойынша субсидияны төлейді. Бұл ретте, субсидия уәкілетті органнан қаражат түскен кезде төленеді.
2-параграф. Субсидияны аудару тәртібі
31. Қарыз алушыларға ЕБД беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеуге субсидия төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
32. Қаржы агентіне қаражатты аударуды уәкілетті орган қаржыландырудың жеке жоспарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агентінің арнайы шотындағы шартқа сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші төлем тиісті қаржы жылына көзделген қаражаттың сомасынан 50 % мөлшерінде қаржы агентіне аударылады. Келесі төлемдер қаржы агентінің қажеттілігі жөніндегі өтінімі бойынша жүзеге асырылады.
33. Субсидиялау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы шотынан түскен қаражат бір траншпен ЕДБ-ның бірінде ашылған қаржы агентінің операторлық арнайы шотына аударылады.
34. Қаржы агенті субсидияны ЕДБ-де ашылған қаржы агентінің операторлық ағымдағы шотынан тиісті ағымдағы шоттарына аударады. Бұл ретте ЕДБ-ге осы ағымдағы шотты жүргізу (субсидия сомасын есептен шығару, аудару, қайтару, өтеу) үшін комиссия алуға рұқсат етілмейді.
35. Қаржы агенті қарыз алушылардың төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен ЕДБ ағымдағы шотына субсидияны аударады, қарыз алушы, өңір атауын, субсидия сомасын және төлем жүзеге асырылған кезеңді көрсетіп, электрондық пошта арқылы қаражаттың аударылғаны туралы өкімнің (бұдан әрі – өкім) көшірмесін жібере отырып, ЕДБ хабардар етеді.
36. Қаржы агенті ағымдағы шоттан операторлық шотқа субсидиялау тоқтаған және тоқтата тұрған кредиттер бойынша, сондай-ақ субсидияларды қолданыстағы және субсидиялау үшін жаңа мақұлданған жобаларға жіберу үшін олар бойынша кредит толық және мерзімінен бұрын ішінара жүргізілген субсидия қаражатын қайтаруды қамтамасыз етеді.
37. Қаржы агентінің операторлық ағымдағы шотындағы субсидия қаражатының ағымдағы қаржы жылында пайдаланылмаған қалдығы есепті қаржы жылы үшін қарыз алушыдан қабылданған өтініш бойынша, сондай-ақ қарыз алушының қарауда жатқан өтініштері бойынша келесі қаржы жылында пайдаланылуы мүмкін.
38. Қаржы агентінің операторлық ағымдағы шотына орналастырылған қаражат бойынша ЕДБ сыйақы аударған жағдайда алынған сыйақыны қаржы агентінің кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бойынша өз бағдарламасын іске асыру үшін пайдалануына рұқсат етіледі.
3-параграф. ЕДБ-нің қаржы агентінің ағымдағы шотынан субсидияны есептен шығару шарттары
39. ЕДБ қаржы агентінен алынған өкімге сәйкес қарыз алушы негізгі борыштың сомасын және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін толық өтеген жағдайда қаржы агентінің ағымдағы шотынан әрбір қарыз алушы бойынша субсидияны есептен шығарады.
40. Қарыз алушының негізгі борышы ішінара не толық мерзімінен бұрын өтелген жағдайда, ЕДБ қаржы агентін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлемдерді өтеу кестесін өзгертіп, кейін субсидиялау шартына қосымша келісімді және банктік қарыз шартына жасалған қосымша келісімнің көшірмесін қоса бере отырып хабардар етеді.
41. ЕДБ қарыз алушы негізгі борыштың сомасын және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігі бойынша берешекті толық өтегенге дейін қаржы агентінің ағымдағы шотынан:
1) қарыз алушы күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төлемдер кестесіне сәйкес міндеттемелерді орындамаған;
2) қарыз алушы 3 (үш) ай қатарынан төлемдер кестесіне сәйкес міндеттемелерді орындамаған;
3) қарыз алушының міндеттемелерін қайта құрылымдау бойынша рәсімдер жүргізілген жағдайларда субсидияны есептен шығармайды.
ЕДБ қаржы агентімен ақпарат алмасудың электрондық арнасы болмаған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне көрсетілген жағдайлар бойынша жазбаша нысанда хабарлама жібереді.
42. Осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда қаржы агенті ЕДБ-тен тиісті хабарлама алғанға дейін кейінгі субсидияны уақытша аудармайды.
43. ЕДБ қаржы агентіне осы Қағидалардың 40 және 41-тармақтарында көзделген мерзімдерде уақтылы хабарламаған жағдайда, күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл санкцияларын төлейді.
4-параграф. Банктік қарыз шартына өзгерістер енгізген кезде қарыз алушыны субсидиялау тәртібі
44. Егер қарыз алушының қолданыстағы банктік қарыз шартының шарттары (сыйақы мөлшерлемесі, жеңілдік кезең, төлемдер төлеу бойынша жеңілдік кезең, мерзімін ұзарту, өтеу күні, қарыз алушының атауын өзгерту, борышты аудару, міндеттемелерді қайта құрылымдау) өзгерген жағдайда, ЕДБ қаржы агентіне тиісті құжаттарды қоса бере отырып, тиісті хабарлама жібереді, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы мәселені қаржы агентінің отырысында алқалық қарайды.
Қараудың қорытындысы бойынша қарыз алушының қолданыстағы банктік қарыз шартына өзгерістер енгізу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылданады және шешімнің көшірмесі ЕДБ-ге жіберіледі.
45. Қарыз алушының қолданыстағы банктік қарыз шарты шарттарының өзге де өзгерістері бойынша ЕДБ қаржы агентіне хабарлама жібереді, ол 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарыз алушының қолданыстағы банктік қарыз шартына енгізілетін өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады және ЕДБ-ге жазбаша нысанда хабарлама жібереді.
46. Қарыз алушының банктік қарыз шартының (оған қосымша келісімнің) шарттарына сәйкес қаржы агенті ол бойынша ЕДБ-ның сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін төлеуге және (немесе) негізгі борышты өтеуге жеңілдік кезең берілген (мерзімі ұзартылған) субсидияны аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте жеңілдік кезеңнің мерзімі (ұзартылған мерзім) қаржы агентінің шешімінде көрсетіледі.
5-параграф. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау тәртібі
47. Қаржы агенті мынадай:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредит мақсатсыз пайдаланылған;
2) жоба және (немесе) қарыз алушы Бағдарламаның және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген;
3) қарыз алушы төлемдер кестесіне сәйкес ЕДБ-ның алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамаған;
4) қарыз алушының шоттарына тыйым салынған жағдайларда қарыз алушыны субсидиялауды тоқтата тұрады.
48. Осы Қағидалардың 47-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды анықтау мақсатында ЕДБ жоба іске асырылатын жерге барып, ЕДБ ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен есеп жасай отырып, қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізеді.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің қарыз алушы бекіткен жоспарынан 3 (үш) айдан астам артта қалған жағдайда, ЕДБ - ны субсидиялауды тоқтату үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне хабарлама жібереді.
49. Қаржы агенті субсидия төлеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЕДБ-ны және қарыз алушыны субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді.
50. Қаржы агенті осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген фактілер белгіленгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату не қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
Шешімде субсидиялауды тоқтату (қайта бастау) туралы негіздеме көрсетіледі.
Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау субсидиялау тоқтатылған күннен бастап жүзеге асырылады.
51. Қарыз алушы субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді жойған жағдайда, қаржы агенті белгіленген тәртіпте субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
52. Қаржы агенті қабылданған шешім туралы хаттаманы (хаттамадан үзінді-көшірмені) отырыс өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ЕДБ-ге және қарыз алушыға жібереді.
53. Қарыз алушының кредиті бойынша субсидиялауды қайта бастауға осы Қағидалардың 47-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайлар бойынша субсидиялауды тоқтату себептері жойылған кезде жол беріледі.
Қарыз алушының кредиттік қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ЕДБ сот тәртібінде осы Қағидалар шеңберінде жасалған субсидиялау шарты бойынша қарыз алушы төлеген субсидияны қайтару бойынша шаралар қабылдайды.
Субсидияның өндірілген сомасы қаржы агентінің операторлық шотына қайтарылуға жатады.
54. Қаржы агенті субсидиялауды қайта бастау туралы қабылданған шешім бойынша тоқтатылған кезеңде төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді.
Осы Қағидалардың 47-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша субсидиялау тоқтатылған жағдайда, субсидия төлеуді қайта жалғастыру кредит бойынша мерзімі өткен күнінен бастап жүзеге асырылады.
Қарыз алушыны субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агентінің шешімі бар кредиттер қайта беруге жатпайды.
55. Қарыз алушыны субсидиялауды толық тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенті біржақты тәртіппен қарыз алушыны субсидиялау шартын бұзу туралы хабардар етіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және шарттың талаптарына сәйкес субсидиялау шартын бұзады.
56. Субсидиялауды тоқтату үшін мыналар:
1) қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы кредитті толық өтеуі. Бұл ретте, қарыз өтелген күн субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;
2) қарыз алушының субсидиялауды тоқтату туралы шешімі;
3) субсидиялау шартының қарыз алушының бастамасы бойынша бұзылуы негіз болып табылады.
4-тарау. Қаржы агентінің субсидиялауды және мониторингті жүзеге асыру тәртібі
57. Қаржы агенті:
1) ЕДБ ұсынатын деректер негізінде қарыз алушының төлем тәртібін ай сайын мониторингтеуді;
2) алынған және төлем жасалған субсидиялар бойынша жүйелі түрде есеп жүргізуді;
3) қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануын мониторингтеуді;
4) қарыз алушының Бағдарлама және осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін мониторингтеуді;
5) осы тармақтың 1-4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мониторинг тәртібін, мерзімін, есептілік нысанын белгілеуді жүзеге асырады.
58. Қаржы агенті ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін қаржы агентіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.
Қаржы агенті сыйақының есептелуін және ЕДБ төлеген қаражатты тексеруді жүзеге асырады.
59. Қаржы агенті уәкілетті органға ай сайын:
1) есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесі) күніне дейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есепті;
2) есепті айдан кейінгі айдың 15-і (он бесі) күніне дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушылар бөлінісінде іске асырылатын жобалар туралы жиынтық мәліметтерді;
3) қабылданған міндеттер мен қалған қаражаттарды субсидиялау жоспары бойынша есеп осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау үшін қабылданған міндеттемелер және қаражаттың болжамды қалдығы бойынша есеп жібереді.
60. Қаржы агенті ай сайын ҚТҚЖБ-ға, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өткізілген жобалар туралы мәліметтерді жібереді.
61. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда, қарыз алушының кредиті бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтелген, қарыз алушының міндеттемелерін қайта құрылымдау рәсімдері жүргізілген жағдайда, ЕДБ 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісін береді.
Бұл ретте, ЕДБ салыстырып тексеру актісінде іс жүзінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы мен күндерін көрсетеді.
Өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісіне қол қойылғаннан кейін қаржы агенті мен ЕДБ оны орындау бойынша іс-әрекет жасайды.
62. Қаржы агенті ЕДБ-ден (қажет болған кезде қарыз алушыдан) қажетті құжаттарды және мониторингтің мәніне жататын, оның ішінде банктік және салықтық құпияны құрайтын ақпаратты сұратады, бұл ретте ЕДБ қаржы агенті сұратқан ақпаратты ұсынуға міндетті.
63. Қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануына мониторинг ЕДБ мен қарыз алушы ұсынатын деректердің негізінде және жоба іске асырылатын жерге барып жүзеге асырылады, жергілікті жерге барудың нәтижелері бойынша мониторинг туралы есеп қалыптастырылады, оған ЕДБ, қарыз алушы мен қаржы агенті бұрыштама қояды, бұл ретте мониторингтің тәртібін, мерзімділігі мен мерзімін, сондай-ақ есептіліктің нысандарын қаржы агенті белгілейді. Жоба іске асырылатын жерге баруды ұйымдастыру қарыз алушы есебінен іске асырылады.
64. Мониторинг жүргізілген күні өтелген не қаржы агенті шешімінің негізінде олар бойынша субсидиялау тоқтаған кредиттер мониторингтеуге жатпайды.
65. Қарыз алушылардың құрылыс, құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу, жобаны іске қосу және өзге де объективті себептері сатысында тұрған жобалары бойынша қаржы агенті қарыз алушы жобасының ерекшеліктерін негізге ала отырып, ескертулерді жою үшін қосымша мерзім береді. Жоба бойынша едәуір ауытқу болған жағдайда қаржы агенті осындай жобаларды одан әрі субсидиялаудың орындылығы тұрғысынан шешім қабылдайды.
66. Қаржы агенті қарыз алушының Бағдарлама шарттарын бұзғаны және (немесе) кредитті мақсатты пайдаланбағаны анықталған жағдайлар бойынша қарыз алушының жобасы бойынша субсидиялауды тоқтата тұрады, ол осы Қағидалардың 3-тарауының 5-параграфына сәйкес субсидиялауды тоқтатады.
67. Қаржы агентінің субсидиялау бойынша көрсеткен қызметіне республикалық бюджеттің қаражаты есебінен төленеді. Қызмет көрсету үшін қаржы агентіне комиссия төлеу уәкілетті орган мен қаржы агентінің арасында жасалған қызметтер көрсетуге арналған шарттың негізінде жүзеге асырылады.
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Қайда: _____________________________________________________________ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамға кімнен ___________________________
Субсидия алуға арналған № ____ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес Сізден жобаны іске асыру бойынша кредитті субсидиялау туралы мәселені _____________________ қарауына төменде көрсетілгендерге сәйкес шығаруға бастамашылық етуіңізді сұраймын:
1. Қатысушы туралы мәліметтер
ЖКС атауы |
|
Құрылтайшы (лар) туралы деректер |
|
Заңды мекенжайы |
|
Нақты мекенжайы |
|
Пошталық мекенжайы |
|
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу күні, нөмірі |
|
Қызмет түрі |
|
Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе бас компания |
|
Жұмыс тәжірибесі |
|
2. Басшылық
Бірінші басшы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
|
Лауазымы |
|
Жұмыс/үй телефоны |
|
Туған жылы және жері |
|
Жеке басын куәландыратын құжаттың № |
|
Тұрғылықты (нақты) жері |
|
Тіркелген жері |
|
Жұмыс тәжірибесі |
|
Бас бухгалтер (бар болған жағдайда)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
|
Жұмыс/үй телефоны |
|
Туған жылы және жері |
|
Жеке басын куәландыратын құжаттың № |
|
Тұрғылықты (нақты) жері |
|
Тіркелген жері |
|
Жұмыс тәжірибесі |
|
Байланыс жасаушы тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы |
|
Жұмыс/үй телефоны |
|
3. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін – акциялардың 1 % және одан көп пайызына иелік ететін ортақ құрылтайшылар)
Атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
% |
Деректемелері |
|
|
|
4. Ағымдағы қызметі туралы ақпарат
Сала (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiге сәйкес) |
|
Кіші сала (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiге сәйкес) |
|
Өнімдер мен қызметтердің түрлері |
|
Жылдық айналым |
|
Соңғы есептік күнге пайда немесе шығын |
|
Жұмыскерлердің нақты саны |
|
Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы) |
|
Жобаны іске асыру орны (облыс, қала) |
|
Жұмыс орындарының саны |
|
5. Банктік есепшоттар туралы ақпарат
Банктік деректемелері (барлық қызмет көрсетілетін банктердегі барлық ағымдағы және жинақ шоттарын көрсету):________________________________________
6. Тарихы
ЖКС-ның жұмыс процесінде пайдаланылған барлық қарыздар, өтелген, сол сияқты қазіргі уақытта өтелмеген қарыздар да көрсетіледі.
Кредитор |
Сомасы |
Берілген күні |
Сыйақыны өтеу шарттары |
Негізгі қарызды өтеу шарттары |
Банктік қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі |
Нақты өтеу күні |
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
7. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат
Күні және валюта бағамы: ___/___
Р/с № |
Кредитор атауы |
Банктік қарыз шартының деректемелері (№, күні) |
Сыйақы мөлшерлемесі, % |
Кредит валютасы |
Кредит сомасы |
Негізгі борыш бойынша берешек тің қалдығы, көрсетілген күнгі |
Кредит мерзімінің аяқталу күні |
Кредит мақсаты (қысқаша сипаттама) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және ЖКС-ге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат
Р/с № |
МБ /МҚШ атауы |
МДИ атауы |
Қосымша ақпарат |
|
|
|
|
9. Кепілдіктер және келісімдер
ЖКС қаржы агентіне мыналарды мәлімдейді және мынадай кепілдіктер береді:
1. Осы өтінішпен бірге не қаржы агентінің сұрау салуы бойынша қаржы агентіне тапсырылған (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама анық болып табылады және төменде көрсетілген күндегі шындыққа толығымен сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгертілген жағдайда, қаржы агентін дереу хабардар етуге.
2. Осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпаратты қаржы агентінің алғашқы талап етуі бойынша беруге және ашуға.
3. ЖКС-ға жалған, толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілігі туралы ескертілген.
4. ЖКС-ның жарғылық құзыреті берілген өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретіндігін ЖКС растайды.
5. Көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталатын кез келген кезеңде осы өтініштің қабылданбайтындығымен келісемін.
ЖКС қаржы агентіне төмендегілер бойынша өз келісімін береді:
1. Қаржы агенті осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мемлекеттік органдарға (қаржы агентіне) ұсынады.
2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенті талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылған.
3. Қаржы агенті ЖКС хабарлаған өзі туралы кез келген ақпаратты тексеру мүмкіндігін өзіне қалдырады, ал ЖКС ұсынған құжаттар мен өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмесе де, қаржы агентінде сақталатын болады.
4. Қаржы агентінің осы өтінішті қарау үшін қабылдауы, сондай-ақ ЖКС-ның ықтимал шығыстары (субсидиялауды алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу шығыстары және басқа да шығыстар) қаржы агентінің субсидиялауды беру немесе ЖКС көтерген шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейін қаржы агентіне наразылық білдірмеймін.
10. Қосымшалар
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)_______________________ (қолы) күні
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖКС Жеке кәсіпкерлік субъектісі
МДИ Мемлекеттік даму институттары
МБ Мемлекеттік бағдарлама
МҚШ Мемлекеттік қолдау шаралары
БҚШ Банктік қарыз шарты
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 2-қосымша
Нысан
___________________________
(ЕДБ толық атауы)
_____________ ________________ аралығындағы кезең үшін субсидиялау туралы есеп
ЕДБ атауы |
Өңір атауы |
Қарыз алушы атауы |
IBAN коды* |
БСН |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
БҚШ (қосымша келісімнің) нөмірі |
БҚШ (қосымша келісімнің) күні |
Кредит (транш) сомасы |
Кредит (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі |
Субсидиялау шартының нөмірі |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Субсидиялау шартының күні |
Кезеңде қаржы агенті аударған субсидиялар сомасы |
Кезеңде есептен шығарылған субсидиялар сомасы |
Кредит бойынша мерзімі өткізілген күндер саны |
Кредиттің (транштың) мақсатты пайдаланылуын нақтылау |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Лауазымды тұлға ______________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) М.О. Жауапты жұмыскер ________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Ескертпе: * - ЕДБ-нің банктік жүйесінен туындайтын субсидиялау шартын сәйкестендірудің бірегей коды.
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 3-қосымша
Нысан
_____________ ________________ аралығындағы кезең үшін субсидиялау туралы есеп
ЕДБ атауы |
Өңір атауы |
Қарыз алушы атауы |
Банктік қарыз шартының (қосымша келісімнің) нөмірі |
Банктік қарыз шартының (қосымша келісімнің) күні |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|||
|
|
|
|
|
|||
Кредит (транш) сомасы |
Кредит (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі |
Кредит бойынша субсидия-ланатын сыйақы мөлшерле-месінің көлемі |
Субсидиялау шартының нөмірі |
Субсидиялау шартының нөмірі |
|||
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|||
Барлық қарастырылған субсидиялар |
Барлық аударылған субсидиялар |
Соның ішінде есептік айға |
Тоқтата тұрылған/ тоқтатылған субсидиялар бойынша субсидия-лардың қайтарылған сомасы |
|
|||
11 |
12 |
13 |
14 |
|
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 4-қосымша
Нысан
________жылғы «____»__________жобалар туралы мәліметтер
№ |
Өңір атауы |
ЕДБ атауы |
Құрылыс салушы атауы |
Жоба атауы |
Жоба құны |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|||||||
|
|
|
|
|
|
|||||||
Объек-тінің жалпы алаңы |
оның ішінде: |
Пайдалануға беру мерзімі |
Өткізілген пәтерлер саны |
|||||||||
ком-мер-циялық |
пәтер алаңы |
жоспарлы |
нақты |
мың шаршы метр |
бар-лығы |
оның ішінде бекітілген бағада |
||||||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 5-қосымша
Нысан
________жылғы «____»__________ субсидиялау үшін қабылданған міндеттемелер және қаражаттың болжамды қалдығы бойынша есеп
теңге
Р/с № |
Кезеңнің басындағы қалдық |
Ағымдағы жылы түскен қаражат |
Тоқтата тұрылған/тоқтатылған субсидиялар бойынша ЕДБ-дан қайтарылған сома |
Аударылды |
Кезеңнің соңындағы қалдық |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Субсидиялаудың барлық кезеңі үшін қабылданған міндеттемелердің төленбеген субсидияларсыз қалдығы |
Субсидиялау үшін қаражаттың болжамды қалдығы (6-7-бағандар) |
|||||
7 |
8 |
|||||
|
|
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |