• Мое избранное

Отправить по почте

1

Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарына сертификат беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 558 қаулысы

«Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарына сертификат беру қағидалары бекітілсін (қызмет бабында пайдалану үшін).
1) «Мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарына сәйкестік сертификатын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 қазандағы № 1561 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.