Toggle Dropdown
3
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысыың 2019 жылғы 1 тамыздағы № 8-Ө бұйрығы
Toggle Dropdown
Редакция 11.10.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшының өкілеттіктерінің 1-тарамағы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ереже бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Жауапты хатшы С. Нұрлыбай
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Жауапты хатшысының
2019 жылғы 1 тамыздағы
№ 8-Ө бұйрығымен
бекітілді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті туралы ереже
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік орган және оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен жүктелген су қорын пайдалану және қорғау саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Комитет Министрлікке ведомстволық бағынысты, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болады.
Toggle Dropdown
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Комитеттің құрылымы, штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесi.
Toggle Dropdown
10. Комитеттің осы Ереженің 1-қосымшасына және 2-қосымшасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдары және аумақтық органдары бар.
Toggle Dropdown
11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
12. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
13. Комитет Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілері мен шарттық қатынастарға түспейді.
Toggle Dropdown
Егер Комитетке заңнамалық актілер мен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Комитеттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері
Toggle Dropdown
14. Мақсаттары:
Toggle Dropdown
су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету, стратегиялық, реттеушілік, атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын орындау.
Toggle Dropdown
15. Функциялары:
Toggle Dropdown
1) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және белдеулерінде шаруашылық қызметтің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
1-1) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылысжайларының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
2) су объектілерінің бассейндері бойынша табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық су жіберу көлемдерін белгілейді;
Toggle Dropdown
2-1) бассейндер және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде он жылдық кезеңге арналған су пайдалану лимиттерін белгілейді;
Toggle Dropdown
3) жерүсті су объектілері үшін су сапасы стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесін құрады;
Toggle Dropdown
5) су объектілерінің ақпараттық дерекқорын құрады және оған барлық мүдделі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
6) су объектілерін бірлесіп пайдалануға беруді келіседі;
Toggle Dropdown
7) мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
8) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;
Toggle Dropdown
9) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа) саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
10) республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
11) елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
12) судың және оны пайдаланудың мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастры мен су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
13) орталық атқарушы органдар әзірлеген өндіргіш күштерді және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдарын су ресурстарын пайдаланудың жол берілетін деңгейі тұрғысынан келіседі;
Toggle Dropdown
14) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;
Toggle Dropdown
15) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
16) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарастырады;
Toggle Dropdown
17) жалпы республика бойынша негізгі өзендер мен басқа да су объектілерінің бассейндері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемасын әзірлейді;
Toggle Dropdown
18) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;
Toggle Dropdown
19) республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
20) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;
Toggle Dropdown
21) су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;
Toggle Dropdown
22) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануды келіседі;
Toggle Dropdown
23) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі;
Toggle Dropdown
24) ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртiбiн келіседі;
Toggle Dropdown
25) ұйымдарды бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткізеді;
Toggle Dropdown
26) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу өлшемшарттарын айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді;
Toggle Dropdown
27) су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;
Toggle Dropdown
28) жер үсті су объектілері үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
29) су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерін қоспағанда) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;
Toggle Dropdown
30) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
Toggle Dropdown
31) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады;
Toggle Dropdown
32) өз құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
33) өз құзыреті шеңберінде халықаралық шарттарды жасасу және шарт күшін жою бойынша ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
34) өз құзыреті шеңберінде халықаралық шарттарды жасасу және шарт күшін жою жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, сондай-ақ оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
16. Комитеттің құқықтары және міндеттері.
Toggle Dropdown
Комитеттің құқықтары:
Toggle Dropdown
1) Комитет құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қатынасқа түсу;
Toggle Dropdown
2) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан Комитет құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрату және алу;
Toggle Dropdown
3) Комитетпен реттелген қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
Комитеттің міндеттері:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау болып табылады, оның ішінде:
Toggle Dropdown
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаттандырылуын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпарат беруге қатысу;
Toggle Dropdown
қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті ақпарат беруге қатысу;
Toggle Dropdown
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау.
Toggle Dropdown
2) Осы Ережеге сәйкес Комитетке жүктелген қызметтерді уақытылы және сапалы орындау.
Toggle Dropdown
3-тарау. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
Toggle Dropdown
17. Комитетке басшылығын төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.
Toggle Dropdown
18. Төрағаны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстары министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Toggle Dropdown
19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппараты басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
Toggle Dropdown
20. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
Toggle Dropdown
1) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Toggle Dropdown
2) Министрлікке Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді;
Toggle Dropdown
3) еңбек қатынасы мәселелерізаңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Toggle Dropdown
4) Министрлікің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Toggle Dropdown
4-1) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары орынбасарларын лауазымға (конкурстық рәсімдер өткізуді қоса алғанда) тағайындайды және лауазымынан босатады;
Toggle Dropdown
4-2) аумақтық бөлімшелердің басшылары орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Toggle Dropdown
5) Министрлікпен келіскеннен кейін ведомстволық бағынысты ұйымдардың және олардың аумақтық бөлімшелердің басшыларын (өңірлік филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын) қызметке тағайындауға және қызметтен босатуғы келісім береді;
Toggle Dropdown
6) Министрлікке аумақтық бөлімшелердің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
7) еңбек қатынасы мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды, Комитет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Toggle Dropdown
8) өзінің құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапкершілікте болады;
Toggle Dropdown
8-1) Комитетте, Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады және іс-шараларды ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
8-2) Комитетте қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік сатып алуды өткізуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
9) еңбек қатынасы мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Toggle Dropdown
10) еңбек қатынасы мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, оларға еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемеақы мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
Toggle Dropdown
11) аумақтық бөлімшелердің басшыларын іссапарға жіберу (шетелге іссапарды қоспағанда), материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;
Toggle Dropdown
11-1) Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын іссапарға жіберу, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеумәселелерін шешеді, тәртіптік жаза қолданады;
Toggle Dropdown
12) Комитеттің аумақтық бөлімшелердің басшылары болмаған уақытта оның міндеттерін уақытша орындау басшы орынбасарына немесе Комитеттің аумақтық бөлімшесін басқа қызметкеріне жүктеу туралы ұсыныс енгізеді;
Toggle Dropdown
1
13) құрылымдық бөлімшелердің ережелерін және өз құзыреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын, сондай-ақ Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің ережелерін бекітеді;
Toggle Dropdown
14) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымын бекітеді және штаттық кестесіне келісім береді;
Toggle Dropdown
15) нысаналы бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылатын объектілерді салуға жобалау-сметалық құжаттаманы немесе техника-экономикалық негіздемені заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді;
Toggle Dropdown
16) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;
Toggle Dropdown
17) аумақтық бөлімшелердің Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;
Toggle Dropdown
18) аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың актілерінің қолданылуын жояды не толық немесе ішінара тоқтатады;
Toggle Dropdown
19) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің өкілі болады;
Toggle Dropdown
20) Министрлікпен келіскеннен кейін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізеді;
Toggle Dropdown
21) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.
Toggle Dropdown
21. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Toggle Dropdown
22. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан мемлекеттік органдарға және Министрлігінің құрылымдық бөлімдерімен жіберілетін құжаттарға Комитет басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Toggle Dropdown
4-тарау. Комитеттің мүлкi
Toggle Dropdown
23. Комитеттiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Комитеттiң мүлкi оған меншік иесі берген мүлiктiң, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
24. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Toggle Dropdown
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығара алмайды немесе оған өзгедей тәсілмен билік ете алмайды.
Toggle Dropdown
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және жою
Toggle Dropdown
26. Комитетті қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігінiң
Cу ресурстары комитеті
туралы ережеге
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі
Toggle Dropdown
1-тарау. Республикалық мемлекеттік мекемелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігінiң
Cу ресурстары комитеті
туралы ережеге
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
3. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалану реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
4. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
5. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
6. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
7. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
8. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.