Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 136 бұйрығы
Toggle Dropdown
Редакция 22.02.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
10) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
12) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
13) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
14) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
15) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
16) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Агенттіктің аумақтық органдарының басшылары осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Toggle Dropdown
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А. Жаилғанова
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасының
2019 жылғы 25 шілдедегі
№ 136 бұйрығына 1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ЕРЕЖЕ
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аумақтық органы болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, cондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Департамент мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
8. Департаменттің заңды мекенжайы: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87.
Toggle Dropdown
9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
10. Осы ЕрежеДепартаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
13. Міндеттері:
Toggle Dropdown
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік қызмет, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мемлекеттік бақылау салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызмет туралы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы сақтау мәселелерін ұйымдастыруда орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің және олардың ведомстволарының, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) қызметін үйлестіру;
Toggle Dropdown
14. Департаменттің функциялары: