Bestprofi Logo

Бұйрық № 581 от 2019-07-30г./Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 581 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19146 болып тіркелді

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі  № 581 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10273 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларында:

«2-тарау. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібі»;

«2. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы береді.»;

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің ЭСҚ куәландырылған, электрондық құжат түріндегі жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішті;

2) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын нақтылайтын есептер, кесектердің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтық, екпінді ауа толқынының әсері, жарылыс, сейсмикалық әсер ету кезінде улы газдардың әсері көрсетілген мәліметтерді қамтатын электрондық құжат;

3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:

жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орындарын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты және оның шегінде орналасқан тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, каналдарды, құбыржолдарды, электр беру желілерін күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, жергілікті жер жоспарын қамтатын электрондық құжат ұсынылады;

жерасты жағдайларындағы жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақ шекараларын, қауіпті аймақты күзету бекеттерін орналастыру орындарын енгізе отырып, кен өндіру жұмыстары жоспары; сондай-ақ шахтаның (кеніш, геологиялық барлау жұмыстары объектісі) газ және шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтерді қамтатын электрондық құжат ұсынылады;

4) жарылғыш материалдарды қолдана отырып, сейсмологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс профильдері және қауіпті аймақты қорғау схемаларын қамтатын электрондық құжат ұсынылады.

5. Аумақтық бөлімшенің ұсынылған құжаттарды қарау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.»;

«7. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруден бас тарту үшін:

1) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) оның еместігі айқындалса;

2) өтініш берушінің және (немесе) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағида (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келмеуі;

3) өтініш берушіге қатысты оның қызметіне немесе жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.

Өтініш беруші осы Қағидалардың 4- тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, аумақтық бөлімше оларды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

2-тармақ күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес (30.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

3-тармақ күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес (30.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша

Заңды (жеке) тұлғаның деректемелері (мекенжайы, ЖСН/БСН, телефоны және т.б.) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық (облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) департамент басшысына ___________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге Өтініш

__________________________________________________ Сізден қарауды және (ұйымның атауы) __________________________________________________________мақсатында ____________________________________________________________________ (ұйымның атауы) ____________________________________________________________________ (жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.

Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау ___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі, берілген күні) ____________________________________________________________ жүктелді.

Жарылыс материалдарын сақтау орны______________________________ (атауы, орналасқан жері)

Салалық тиістілігі бойынша лицензияны беру күні мен нөмірі көрсетілсін (бірінші және екінші тармақтарда екі лицензияның болуы да міндетті).

Негізгі қызмет түрі лицензиялануға жатпайтын болса, 3-тармақта көрсетілген лицензияның болуы жеткілікті.

1. Көмірсутек саласында, тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға лицензия, лицензияға мұнай; газ; газ конденсаты; айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары қызметінің кіші түріне қосымшасымен және жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия қызметтің кіші түрлеріне қосымшасымен:

1) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) өзінің өндірістік қажеттілігі үшін сатып алу;

2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сақтау.

2. Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия, лицензияға пайдалы қазбаларды өндіру үшін жару жұмыстарын жүргізу қызметінің кіші түріне қосымшасымен және жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия қызметтің кіші түрлеріне қосымшасымен:

1) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) өзінің өндірістік қажеттілігі үшін сатып алу;

2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сақтау.

3. Лицензияға қызметтің кіші түрлеріне қосымшасымен жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы:

1) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) өзінің өндірістік қажеттілігі үшін сатып алу;

2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сақтау.

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.

___________________________ (ұйым басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңба

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша

2-қосымша күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес (30.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымша

3-қосымша күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес (30.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымша

4-қосымша күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес (30.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание