• Мое избранное
«Көмірсутекті шикізат пен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Көмірсутекті шикізат пен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 552 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 шілдеде № 19093 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көмірсутекті шикізат пен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11606 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұрықпен бекітілген «Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» веб-порталы аркалы жүзеге асырылады.».
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 2 (екі) жұмыс күні»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі- ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының өтініші кезінде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кейінгі жұмыс күнмен жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
белгіленген тәртіппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шарттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркеу) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.».
көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стардартқа 2-қосымша алынып тасталсын;
көрсетілген бұрықпен бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiругежер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұрықпен бекітілген «Пайдалы қатты қазбаларды қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұрықпен бекітілген «Жер қойнауын қайта өңдеу жөніндегі өтінім» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігінің
 2019 жылғы 25 шілдедегі
​ № 552 бұйрығына 1-қосымша
«Жер асты суларын,
емдік балшықты және қатты пайдалы
қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп
барлау мен өндіруге жер қойнауын
 пайдалануға арналған
келісімшарттарды жасау,
тіркеу және сақтау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Үлгі
Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шартты тіркеу туралы 
КУӘЛІК
 20 __ жылғы «___» _____________ № _____________________________________
(қала, аудан) 
Кепіл беруші: _________________________________________________________ 
заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
 мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) 
Кепіл ұстаушы: _____________________________________________________________________ 
(заңды немесе жеке тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы) ________________
_____________________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану құқығының сипаттамасы: ________________________
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану операциясының түрі, кен орнының толық атауы) 
Келісімшарт/лицензия:_________________________________________________ 
(келісімшарттың/лицензияның нөмірі мен жасалған күні)
Міндеттеменің сомасы: ________________________________________________ 
санмен және жазумен) 
Міндеттемені өтеу мерзімі: _____________________________________________ 
(күні) 
Ескертпе: ____________________________________________________________ 
Жер қойнауын пайдалану құқығн кепілі туралы шартты тіркеу туралы куәлікті
 берген мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы  
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігінің
 2019 жылғы 25 шілдедегі
 № 552  бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
Министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 521 бұйрығына 5-қосымша
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірледі (бұдан әрі – Министрлік).
3. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» веб-порталы аркалы жүзеге асырылады.
2-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға жүгінген кезде тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.