Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 288 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 тамызда № 19214 болып тіркелді
ID документа скопирован в буфер обмена
Бұйрық № 288 от 2019-08-05г./Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Редакция 04.06.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы № 288 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)
1. «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидалары Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.11.2020 жылғы № 337 Бұйрығымен (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2021 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (04.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес (05.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен бекітілген
Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аттестаттау туралы куәлік – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) берген, мемлекеттің аттестатталған бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілердің, тұқым өткізушілердің қызметін тануын куәландыратын құжат;
2) бірегей тұқымдар – ауыл шаруашылығы өсімдігі сортының авторы, ол уәкілдік берген адам немесе сорттың оригинаторы өсіріп шығарған және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқым;
3) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар – элиталық тұқымдардың жылдар бойынша кейіннен көбейтілуі: бірінші жыл – бірінші көбейтілген тұқым, екінші жыл – екінші көбейтілген тұқым, үшінші жыл – үшінші көбейтілген тұқым;
4) өтініш беруші – аттестаттаудан өту және аттестаттау туралы куәлікт алу үшін «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
5) суперэлиталық тұқымдар – тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін және элиталық тұқым өндіруге арналған, көбейту питомнигі түсімінен алынатын бірегей тұқымдарға жататын тұқым;
6) тұқым өндіруші – тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
7) тұқым өсiру шаруашылығы – жергiлiктi атқарушы орган аттестаттаған, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдарды өндiру мен өткізуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект;
8) тұқым өткізуші – жергілікті атқарушы орган аттестаттаған, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының партияларын өткізу және (немесе) тұқымдық несие беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
9) элиталық тұқымдар – бірегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары;
10) элиталық тұқым өсіру шаруашылығы – жергілікті атқарушы орган аттестаттаған, элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;
11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы.
3. Бірегей тұқым өндірушілерді, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарын, тұқым өсіру шаруашылықтарын, тұқым өткізушілерді аттестаттауды жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген қызмет түріне сәйкес аттестаттау туралы куәлік бере отырып, жүргізеді.
4. Бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге аттестаттау жүргізу үшін облыстардың жергілікті атқарушы органының бұйрығымен құрамы кемінде бес адамнан (комиссияның төрағасы және төрт мүшесі) тұратын тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) құрылады.
Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы орган өкілдері кіреді.
Облыстардың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы/Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы/ Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.
5. Аттестаттау туралы куәлік мәлімделген қызмет түріне сәйкес өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тиісінше бірегей тұқым өндiрушiлерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға (бұдан әрі – талаптар) сәйкес болған жағдайда беріледі.
6. Элиталық тұқым өсіру шаруашылығын аттестаттау туралы куәлікті алған және бірегей тұқым өндірушілерге қойылатын талаптарға жауап беретін шаруашылық жүргізуші субъект бірегей тұқым өндірушіні аттестаттау туралы куәлікті алуға үміттене алады.
Элиталық тұқым өсіру шаруашылығын аттестаттау туралы куәлікті алған және тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын талаптарға жауап беретін шаруашылық жүргізуші субъект тұқым өсіру шаруашылығын аттестаттау туралы куәлікті алуға үміттене алады.
2-тарау. Бірегей тұқым өндірушілерді, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарын, тұқым өсіру шаруашылықтарын, тұқым өткізушілерді аттестаттау тәртібі
7. Аттестатаудан өту және аттестаттау туралы куәлікті алу үшін өтініш беруші веб-портал арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған аттестаттауды (қайта аттестаттауды) өткізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) осы Қағидаларға 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес тиісінше бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мәліметтер нысаны.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрcетiлген құжаттар ұсынылған жағдайда, комиссия бес жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтердің толықтығын тексереді және жергілікті жерге бара отырып, өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан (өтініш берушінің өтініште көрсеткен қызмет түріне сәйкес) зерттеп-қарау жүргізеді.
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен