• Мое избранное
"Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 607 қаулысы.

Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес 
"Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2019 жылғы 19 тамыздағы
 № 607 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 16 мамырдағы
 № 519 қаулысымен
 бекітілген
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже  
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі – кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
2. Кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің даму бағыттары бойынша алқалы органдар болып табылады.
3. Кеңестер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылым бағыттары бойынша құрылады.
4. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыратын Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (бұдан әрі – сараптама орталығы) кеңестердің жұмыс органы болып табылады.
2. Кеңестердің құрамы
5. Кеңестердің құрамы 3 (үш) жыл мерзімге бекітіледі және 25 (жиырма бес) адамнан аспайтын мүшелердің тақ санынан құралуы тиіс.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы кеңес құрамының кемінде үштен екісінің мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерге рұқсаты болуы тиіс.  
6. Кеңестердің құрамдарын ғылым саласындағы уәкілетті орган  қазақстандық және шетелдік құзыретті ғалымдар, мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатарынан қалыптастырады және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.  
Кеңес құрамын қалыптастыру үшін ұйымдар ғылым саласындағы уәкілетті органға кандидаттың осы Ереженің талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтерді көрсете отырып, еркін түрде жазылған түйіндемесін ұсынады.
Түйіндемедегі ақпараттың дұрыстығына кандидатты ұсынған ұйым жауап береді.
Кеңестер құрамына кандидаттар тізімдері ғылым саласындағы уәкілетті органның және сараптама орталығының интернет-ресурстарында жарияланады.
Ғылым саласындағы уәкілетті орган кеңестерді қалыптастыру кезінде кеңес мүшелерінің кеңестің бағытына жататын негізгі салаларға өкілдік етуін қамтамасыз етеді.
Кеңестің құрамына қосуға ұсынылған әрбір кандидаттың біліктілік саласы кеңестің бағытына сәйкес келуі тиіс.
7. Кеңестердің құрамдарына сайланатын Қазақстандық ғалымдар кеңес құрамы қалыптасқан күнге дейін 3 (үш) жыл бойы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің қызметкерлері болып табылатын немесе қызметкерлері болған немесе шетелдік ғылыми ұйымдарда немесе жоғары оқу орындарында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесі бар  Қазақстан Республикасының азаматтары болуы және олардың:
1) кеңес бағыты бойынша кемінде 10 (он) жыл ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі;
2) кандидатураны ұсынған күнге Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларына сәйкес кемінде 3 (үш) Хирш индексі;
3) Web of Science базасының 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші) квартиліне кіретін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар басылымдарда соңғы 5 (бес) жыл ішінде кандидатураны ұсынған күнге дейін жарияланған кемінде 2 (екі) мақаласы болуы тиіс.
Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласындағы қазақстандық ғалымдарға Хирш индексінің болуы туралы талап қолданылмайды. 7-тармақтың 3) тармақшасында белгіленген талаптың орнына гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласындағы қазақстандық ғалымдарға қатысты кандидатураны ұсыну күніне соңғы 5 (бес) жыл ішінде Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларында индекстелетін басылымдарда кемінде 3 (үш) жарияланымның болуы ескеріледі.
Хирш индексінің және Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларында индекстелетін басылымдарда мақалалардың болуы туралы талап тиісті кеңеске қосуға ұсынылатын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қазақстандық ғалымдарға қолданылмайды.
8. Қазақстандық ғалымдарды кеңестердің құрамдарына іріктеу осы Ереженің 7-тармағына сәйкес келетін кандидаттар арасынан ғылым саласындағы уәкілетті орган жасаған, өзінен өзі дәйексөз алу есепке алынбаған, Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларына сәйкес соңғы 
5 (бес) жылдағы олардың жарияланымдарынан дәйексөздердің алыну саны бойынша сараланған тізімнің негізінде жүргізіледі.
Кеңестердің құрамдарына сараланған тізімге сәйкес дәйексөздер неғұрлым көбірек алынған ғалымдар іріктеледі. Қазақстандық ғалымдардың аталған екі халықаралық базаға сәйкес дәйексөздері болса, сараланған тізімді жасау кезінде дәйексөз алудың ең көбі ескеріледі.  
Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласындағы қазақстандық ғалымдарды іріктеу кезінде кеңестің құрамына кандидаттарды ұсынған күнге Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларында индекстелетін басылымдарда көбірек жарияланымдары бар ғалымдар кеңестер құрамына кіреді.
Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласындағы қазақстандық ғалымдардың Хирш индексі болған жағдайда, жарияланымдарының санына қарамастан, Хирш индексі жоқ ғалымдар алдында кеңес құрамына кандидат ретінде артықшылықтары болады. Хирш индексі үлкен ғалымдар Хирш индексі аз ғалымдар алдында басымдыққа ие.
9. Әрбір кеңес құрамының 20% (жиырма процентінен) аспайтын бөлігі, бірақ кемінде бір мүшесі ағылшын тілін меңгерген және Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларына сәйкес кемінде 10 (он) Хирш индексі бар, ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары мен ғылыми қоғамдық бірлестіктер немесе дербес білім беру ұйымдары ұсынған шетелдік ғалымдар қатарынан қалыптастырылады.
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе ғылыми дәрежесі бар Қазақстан Республикасындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінде және (немесе) дербес білім беру ұйымында немесе шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдарында немесе жоғары оқу орындарында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын шет мемлекеттердің азаматтары шетелдік ғалымдар болып саналады.
Шетелдік ғалымдарды кеңес құрамына енгізу туралы талап ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы кеңеске қолданылмайды.
10. Әрбір кеңес құрамының кемінде 50% (елу проценті) ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы кеңестерді қоспағанда, кеңестің бағытына сәйкес келетін салаларда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар:
1) тиісті мемлекеттік органдар ұсынған мемлекеттік органдар;  
2) тиісті ұйымдар ұсынған ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;  
3) Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері қызметкерлерінен қалыптастырылады.
11. Әрбір кеңестің құрамына:  
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің басшылары мен олардың орынбасарлары;  
2) әрбір кеңес үшін аталған ұйым негізгі жұмыс орны болып табылатын бір ұйымнан бір қызметкерден артық кірмейді.
 12. Кеңестің жаңа құрамының бірінші отырысында осы Ереженің 29-тармағына сәйкес кворум болған жағдайда кеңеске қатысушы мүшелердің қарапайым көпшілік дауысымен ашық түрде дауыс беру арқылы кеңес төрағасы және кеңес төрағасының орынбасары сайланады.
Кеңестің төрағасы кеңестің құрамындағы кеңес ұсынатын қазақстандық ғалымдар болып табылатын кемінде 2 (екі) кандидатураның ішінен сайланады.
Кеңес төрағасының орынбасары кеңес мүшелерінің кеңес ұсынатын кемінде 2 (екі) мүшесінің кандидатурасының ішінен сайланады.
Кеңестің төрағасы мен кеңес төрағасының орынбасары өкілеттігінің мерзімі олар сайланған күннен бастап 1 (бір) жылды құрайды. Бір жыл өткеннен кейін кеңестің төрағасы мен кеңес төрағасының орынбасары қайта сайланады. Жұмыс істеп жатқан кеңес төрағасы мен кеңес төрағасының орынбасары бір реттен артық қайта сайлана алмайды.
13. Кеңес төрағасы оның қызметін басқарады, кеңестің жұмысын жоспарлайды және мемлекеттік органдармен, басқа да ұйымдармен және тұлғалармен кеңес қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау кезінде кеңестің атынан өкілдік етеді.
14. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады.