«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 және «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2013 жылғы 28 тамыздағы № 874 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 614 қаулысы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 19-құжат);
2) «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 874 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 51, 713-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |