• Мое избранное
Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығы

Редакция 01.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Ұлттық комиссия туралы ереже;
2) Ұлттық комиссияның құрамы;
3) Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 141 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) Президенттік жастар кадр резервін (бұдан әрі – Резерв) қалыптастыру мақсатында құрылады.
2. Ұлттық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және осы ережені басшылыққа алады.
2. Ұлттық комиссияның міндеттері
3. Ұлттық комиссияның міндеттері:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.12.2022 жылғы № 77 Жарлығына сәйкес (18.05.2021  ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023  жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.12.2023 жылғы № 418 Жарлығы сәйкес (13.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Резервті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру;
2) Резервке алу, Резервтен шығару туралы мəселелерді шешу;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Резервті қалыптастыру мәселелері жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
4) іріктеу жүргізілмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервтеріне (бұдан әрі – өңірлік резервтер) алынуға жататын кандидаттарды айқындау болып табылады.
3. Ұлттық комиссияның функциялары
4. Ұлттық комиссияға міндеттеріне сәйкес мынадай функциялар жүктеледі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.12.2022 жылғы № 77 Жарлығына сәйкес (18.05.2021  ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023  жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.12.2023 жылғы № 418 Жарлығы сәйкес (13.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Резервке алуға ұсынылған кандидаттарды қарау;
2) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салуларды жіберу және мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан ақпарат алу;
3) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
4) адамды Резервтен шығару туралы мәселені қарау;
5) іріктеу жүргізілмей, өңірлік резервтерге алынуға жататын кандидаттардың тізімін бекіту.
4. Ұлттық комиссияның құқықтары
5. Ұлттық комиссия өз міндеттеріне сәйкес мынадай құқықтарға ие:
1) Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарауға мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары мен мамандарын тарту;
2) Ұлттық комиссияның отырысына Ұлттық комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды және өзге де адамдарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақыру.
5. Ұлттық комиссияның құрамы және қызметін ұйымдастыру
6. Ұлттық комиссия төрағадан, оның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады.
7. Ұлттық комиссияның төрағасы:
1) Ұлттық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Ұлттық комиссияның отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;
3) Ұлттық комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;
4) Ұлттық комиссияның мүшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді.
8. Ұлттық комиссияның төрағасы болмаған уақытта, сондай-ақ оның тапсырмасы бойынша оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындай алады.
9. Ұлттық комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі.
10. Ұлттық комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Ұлттық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілуі мүмкін.
Ұлттық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі Ұлттық комиссия мүшелеріне материалдар жіберілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Ұлттық комиссия мүшелері өз пікірлерін Ұлттық комиссияның жұмыс органына жазбаша түрде жолдайды.
Көрсетілген мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда Ұлттық комиссия мүшесі шешім жобасын қабылдауға дауыс берді деп саналады.
11. Ұлттық комиссияның отырысы немесе сырттай дауыс беру оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі отырысқа қатысқан немесе сырттай дауыс беруге қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Ұлттық комиссияның мүшелері отырыстарға және сырттай дауыс беруге ауысу құқығынсыз қатысады.
12. Ұлттық комиссияның шешімдері Ұлттық комиссия отырысына қатысушы немесе сырттай дауыс беруге қатысушы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру немесе сырттай дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
13. Ұлттық комиссияның шешімдері, оған Ұлттық комиссияның төрағасы және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Ұлттық комиссияның шешімдері тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға жіберіледі және Ұлттық комиссия белгілеген мерзімде міндетті түрде қаралуға тиіс.
14. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі Ұлттық комиссияның хатшысы болып табылады.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 350 Жарлығына сәйкес (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)
15. Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімі Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 350 Жарлығына сәйкес (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Ұлттық комиссияның қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 141 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ҚҰРАМЫ
Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.05.2021 жылғы № 580 Бұйрығына сәйкес (27.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 195 Жарлығымен (31.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 15.06.2023 жылғы № 255 Жарлығымен (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 350 Жарлығына сәйкес (15.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (22.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 12.02.2025 жылғы № 779 Жарлығымен (29.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.03.2025 жылғы № 817 Жарлығымен (12.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 11.10.2025 жылғы № 1035 Жарлығымен (17.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі, хатшы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы
Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі
Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 141 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру 
ҚАҒИДАЛАРЫ
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.05.2021 жылғы № 580 Бұйрығына сәйкес (27.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) Президенттік жастар кадр резервін (бұдан әрі – Резерв) қалыптастыру тəртібін айқындайды.
2. Резервке іріктеуді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан əрі – Ұлттық комиссия) жүзеге асырады.
3. Резервке іріктеуге отыз бес жастан аспаған, жоғары білімі жəне бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервінде тұрған адамдар Резервке іріктеуге қатысуға жіберілмейді.
4. Резервке алынған адамдар Ұлттық комиссияның Резервке кандидаттарды қабылдау туралы шешімі шығарылған күннен бастап Президенттік жастар кадр резервінің резервшісі (бұдан әрі – резервші) мәртебесіне ие болады және осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Резервтен шығарылған күннен бастап резервші мәртебесін жоғалтады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.03.2025 жылғы № 817 Жарлығына сәйкес (12.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Резервшілерді мемлекеттік саяси лауазымдарға, сондай-ақ «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы уәкілетті комиссияның шешімі бойынша Резервке алынған күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) резервшілердің одан әрі мемлекеттік қызметті өткеруіне мониторингті жүзеге асырады.
5. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарындағы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығына сəйкес жүзеге асырылатын құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдардағы басшы лауазымдарға орналасу мəселелерін реттемейді.
2-тарау. Резервке іріктеу
6. Резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:
1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
2) мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
3) ситуациялық тапсырмаларды шешу;
4) құзыреттерді бағалау;
5) Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда (бұдан əрі – Сарапшылық комиссия) кандидаттармен əңгімелесу;
6) Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау.
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.12.2023 жылғы № 418 Жарлығы сәйкес (13.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Резервке іріктеудің кезеңдері ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.
Резервке іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерін Ұлттық комиссия айқындайды.
7. Іріктеуді жүргізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында, сондай-ақ республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жəне басқа ресурстарда Резервке іріктеуге қатысуға кандидаттардың құжаттарын қабылдау басталғанға дейін 10 жұмыс күн ішінде жарияланады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.03.2025 жылғы № 817 Жарлығымен (12.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Хабарландыру осы Қағидаларда айқындалған Резервке іріктеудің тəртібі туралы ақпаратты, құжаттарды қабылдау мерзімдерін қамтиды.
8. Іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) жеке басты куəландыратын құжаттың көшірмесі;
2) білім туралы құжаттың көшірмесі;
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік тіл бойынша емтиханды тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат*.
Кандидат құжаттарды тапсыру кезінде Резервті қалыптастыру тәртібімен танысады, осы Қағидаларды қатаң сақтауға, сондай-ақ дербес деректерді жинау мен өңдеуге өз келісімін береді.
9. Резервке іріктеуді өткізу барысында уәкілетті орган:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.03.2025 жылғы № 817 Жарлығына сәйкес (12.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) кандидаттардың осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін;
2) кандидаттар ұсынған ақпарат пен құжаттарды толықтығы мен анықтығы тұрғысынан;
3) кандидаттар туралы мәліметтерді, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдардан сұратылатын мәліметтерді, сондай-ақ кандидаттардың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3 және 3-1-тармақтарының талаптарына сәйкестігін қарайды.
10. Іріктеудің әрбір кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары нəтижелерді жинаған кандидаттар Резервке іріктеудің келесі кезеңіне жіберіледі.
Резервке іріктеудің әрбір келесі кезеңіне жіберілетін, ең жоғары нəтижелері бар кандидаттардың шекті санын Ұлттық комиссия айқындайды.
Бірнеше кандидатта тестілеудің бірдей нəтижелері болған жағдайда іріктеудің келесі кезеңіне Ұлттық комиссия айқындаған саннан асатын кандидаттардың саны жіберілуі мүмкін.
11. Резервке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ситуациялық тапсырмаларды шешу және құзыреттерді бағалау кезеңдерінде сарапшылар қоғамдастығының өкілдері тартылуы мүмкін.
11-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.03.2025 жылғы № 817 Жарлығымен (12.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ситуациялық тапсырмаларды шешу және құзыреттерді бағалау кезеңдерін өткізу қорытындылары бойынша кандидаттарға бағалары көрсетіле отырып, әрбір кезең бойынша нәтижелер беріледі.
12. Сарапшылық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі, соның ішінде мемлекеттік органдардың басшылары қатарынан айқындайды.
12-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.03.2025 жылғы № 817 Жарлығымен (12.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сарапшылық комиссия әңгімелесудің қорытындысы бойынша іріктеудің алдыңғы кезеңдерінің нəтижелерін ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы Резервке алуға ұсынылатын кандидаттардың тізімін жасайды жəне Ұлттық комиссияның қарауына жолдайды.
13. Ұлттық комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен қалыптастырылады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.12.2023 жылғы № 418 Жарлығы сәйкес (13.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ұлттық комиссия:
1) кандидаттарды Резервке алу туралы шешім шығарады;
1-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 17.03.2025 жылғы № 817 Жарлығымен (12.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) іріктеу жүргізілмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервтеріне алынуға жататын кандидаттардың тізімін бекітеді.
Қажет болған жағдайда Ұлттық комиссия кандидаттармен әңгімелесу өткізеді.
Іріктеу жүргізілмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервтеріне алынуға жататын кандидаттардың тізіміне Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау сатысында іріктеуге қатысқан, бірақ Резервке енгізілмеген кандидаттар енгізіледі.
14. Іріктеуге қатыстырудан бас тартудың және оның кез келген кезеңінен шығарудың негізі мыналар болып табылады:
1) кандидаттың Резервті қалыптастыру тәртібін сақтамауы;
2) анық емес ақпаратты және құжаттарды ұсыну;
3) кандидаттардың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3 және 3-1-тармақтарының талаптарына сәйкес болмауы.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.03.2025 жылғы № 817 Жарлығына сәйкес (12.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тарау. Резервтен шығару
15. Резервші мынадай:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.12.2022 жылғы № 77 Жарлығына сәйкес (18.05.2021  ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023  жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.03.2025 жылғы № 817 Жарлығымен (12.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) өз қалауы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
3) шет мемлекеттің азаматтығы болған;
4) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған;
5) қызметінің тиімділігін бағалау негізінде лауазымнан төмендетілген не шығарылған;
6) қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
7) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
8) Резервте болу кезеңінде қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық жасаған не қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;
10) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған не Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 13), 14), 15) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда, уәкілетті орган тиісті ұсыныстар берген кезде Ұлттық комиссияның шешімі бойынша Резервтен шығарылады.
4-тарау. Тарау алып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тарау алынып тасталды ҚР Президентінің 17.03.2025 жылғы № 817 Жарлығына сәйкес (12.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)