• Мое избранное
«Кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 06.09.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 661 бұйрығы. ​Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 23 тамызда № 19282 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 6 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.08.2020 жылғы № 433 Бұйрығына сәйкес 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Р. Скляр
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
  • 1
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 22 тамыздағы
​ № 661 бұйрығына
1-қосымша
«Кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтініш беруші жүгінген сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы, немесе кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ, немесе кеме ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру, немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің «жеке кабинетіне» жолданады және сақталады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 553-бабының 3-тармағына сәйкес мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады.
Алым мөлшері:
1) жеке тұлғалар үшін – 1 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
2) заңды тұлғалар үшін – 5 АЕК;
3) құжаттың телнұсқасын беру үшін – 0,5 АЕК құрайды.
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасының бірі, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар) кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеуден босатылады.
Төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі мен жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
  • 1
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, немесе кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, немесе кеменің (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған нысан бойынша өтініш (көрсетілетін қызметті алушыға қажет мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне байланысты);
осы шартта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен қоса кеменің, шағын көлемді кеменiң, жасалып жатқан кеменің ипотекасы туралы шарттың электрондық көшірмесі;
2) кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты, немесе кеменің (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған нысан бойынша өтініш (көрсетілетін қызметті алушыға қажет мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне байланысты);
осы шартта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен қоса кеменің, шағын көлемді кеменiң, жасалып жатқан кеменің ипотекасы туралы шартқа қосымша келісімнің электрондық көшірмесі;
3) кеме ипотекасын тоқтату туралы ақпаратты, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын тоқтату туралы ақпаратты, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын тоқтату туралы ақпаратты алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған нысан бойынша өтініш (көрсетілетін қызметті алушыға қажет мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне байланысты);
кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын өтеу туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген тәртіппен операция жүзеге асырылған жағдайда, өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын иеленуін көздейтін шарттың, (тапсыру актісін немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқығын басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
  • 1
10. Мемлекеттік қызметті беруден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;