Toggle Dropdown
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 қыркүйекте № 19327 болып тіркелді
Редакция 08.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі А. Смаилов
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар жəне
аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 953 бұйрығына
1-қосымша
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар
1. Осы Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар:
1) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелер (құрылғылар) - төлем карточкаларын қызмет көрсетуге қабылдауға арналған электрондық-механикалық құрылғылар, бір немесе әртүрлі банктерде қолма-қол ақшасыз төлем қатысушыларына қызмет көрсетуге қарамастан, бенефициардың пайдасына ақшаны жедел есептей отырып, пайдаланбай жедел төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін төлем ұйымдарының, банктердің веб-сервистері және мобильдік қосымшалары;
2) үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің құқық иеленушісі – үш құрамдасты интеграцияланған жүйенінің (бұдан әрі – ҮИЖ) өндірушілері болып табылатын немесе ҮИЖ меншік, жалға алу құқығына тиесілі немесе ҮИЖ пайдаланушыларына сату немесе жалға беру үшін өзге де заңды негізге жеке немесе заңды тұлғалар;
3) ҮИЖ пайдаланушысы – ҮИЖ қызметін жүзеге асыру кезінде қолданатын салық төлеуші;
4) ҮИЖ бірыңғай тізілімі – салық салу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген ҮИЖ моделдерінің тізбесі;
5) ҮИЖ интеграциялау технологиялары – серверлік аппараттық және бағдарламалық бөлігі, клиенттік бағдарламалық бөлігі бар техникалық шешімдер, бұл ретте клиенттік аппараттық бөлігі ҮИЖ пайдаланушысының жеке құрылғысымен ұсынылады;
6) ҮИЖ клиенттік модулі (ҮИЖ Орталық торабымен жұмыс бойынша модуль) – сату нүктесінің жұмысын және деректерді ҮИЖ Орталық торабына тұрақты үздіксіз беруді, оның ішінде ҮИЖ Орталық торабымен байланысты жоғалтқан кезде 72 (жетпіс екі) сағаттан артық емес кезеңге автономды жұмыс режимін (ол болған кезде) қамтамасыз ететін ҮИЖ аппараттық-бағдарламалық кешенінің бөлігі;
7) ҮИЖ орталық торабы – операцияларды өңдеуді және деректерді сақтауды, сыртқы жүйелермен өзара әрекеттесуді, автономды операцияларды (олар болған кезде) қабылдау мен өңдеуді және ҮИЖ деректерін сақтауды қамтамасыз ететін ҮИЖ аппараттық - бағдарламалық кешенінің бөлігі.
3. ҮИЖ бірыңғай тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады.
4. Ақпараттық серверлік бөлім (серверлік жабдық) және (немесе) ҮИЖ Орталық торабының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыс станциялары Қазақстан Республикасының аумағында мамандандырылған үй-жайда (деректерді өңдеу орталығында) орналастырылады.
2-тарау. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге қойылатын талаптар
1-параграф. Техникалық талаптар
5. Жүйені техникалық қамтамасыз ету ҮИЖ жұмыс істеуі үшін жеткілікті техникалық құралдардан тұрады. Техникалық қамтамасыз етудің құрамына ақпаратты жинау және дайындау құралдары, деректерді беру құралдары, ақпаратты өңдеу және шығару құралдары енеді.
6. Жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуі ҮИЖ функцияларын іске асыру үшін қажетті ҮИЖ Орталық торабынан және ҮИЖ Клиенттік модулінен, техникалық қамтамасыз етудің белгіленген жұмыс істеу режимінен және ҮИЖ болжамды дамуынан тұратын бағдарламаны (бағдарламалар жиынтығы) білдіреді.
Жалпы бағдарламалық қамтамасыз ету операциялық жүйелерді, қызметтік және стандартты бағдарламаларды қамтиды.
1) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір және (немесе) бірнеше бақылау-касса машинасынан тұратын (бұдан әрі – БКМ) бақылау құрамдасын;
2) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған бір және (немесе) бірнеше жүйеден тұратын (құрылғы) ҮИЖ төлем құрамдасын;
3) ҮИЖ есепке алу құрамдасын (сауданың басқарылуын, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыруға арналған, сондай-ақ осы Талаптың 14-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарлама) қамтитын аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып қамтамасыз етіледі.
8. ҮИЖ қойылатын жүйелік талаптар:
функционалдық үйлесімділік – осы Бұйрықта көзделген ақпараттық жүйелермен өзара әрекеттесуді және жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
масштабтау – өңделетін ақпарат көлемінің және бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылар санының өсуіне қарай жүйенің өнімділігін ұлғайту мүмкіндігін қамтамасыз ету;
кеңею – пайдаланушылардың ерекше қажеттіліктеріне сәйкес бастапқыда қабылданған даму тұжырымдамасы мен технологиялық базаның шеңберінен шықпастан, жүйенің функциясын арттыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
1) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелер (немесе құрылғылар) арқылы қабылдауды;
2) Қазақстан Республикасының фискалдық деректер операторына (бұдан әрі – ФДО) деректерді берудің хаттамасы бойынша қосуды және ҮИЖ бөлігі болып табылатын БКМ арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде салық төлеуші жүзеге асыратын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының фискалдық деректер операторына беруді;
3) Салық кодексінің 412-бабына сәйкес Комитеттің «Электрондық шот-фактуралар» (бұдан әрі – ЭШФ) ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АЖ) тіркеуге жататын құжаттарды, оларды ЭШФ АЖ-де тіркеуге беруді, сондай-ақ виртуалды қоймаларды қалыптастыру мақсатында «Виртуалды қойма» модулінің бизнес-процестерін іске асыруды, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – ТІЖ), ТІЖ негізінде электрондық шот-фактураны қалыптастыру;
4) осы Талаптарға сәйкес операцияларды немесе оқиғаларды ресімдеу үшін қолданылатын ҮИЖ-де құжаттарды қалыптастыруды;
5) енгізілетін деректердің толықтығын бақылауды (функциялар немесе операциялар барлық ашық жолдарды толық толтырмай орындалған жағдайда, жүйе пайдаланушыны тиісті хабарламамен хабардар етеді);
6) қоймалық және сауда жабдығымен жұмыс істеу және принтер мен штрих-код сканерін қолдау мүмкіндігін;
7) ҮИЖ-де есепке алуды жүргізу бухгалтерлік есепке алу шоттарын қолданумен және (немесе) қолданбай жүзеге асырылуын;