Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 660 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 14 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.04.2024 жылғы № 336 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1060 Қаулысына сәйкес (05.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 660 қаулысына 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1060 Қаулысына сәйкес (05.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 660 қаулысына 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1060 Қаулысына сәйкес (05.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 660 қаулысына 3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1060 Қаулысына сәйкес (05.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 660 қаулысына 4-қосымша
Басым жобаларға кредит беру тетігіне қосымша
Басым жобаларға кредит беру үшін тауарлар тізбесі
№ |
Тауарлар тобының атауы |
№ |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші |
Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ |
|||||
1 |
Еттен және құс етінен жасалған өнімдер |
1. |
Етті өңдеу және консервілеу |
1011 |
Ұша/шағын ұша түрінде жас немесе тоңазытылған етті өндірісі Тағамдық субөнімдер |
2. |
Үй құсының етін өңдеу және консервілеу |
1012 |
Қасапханада үй құстарын сою, етті өңдеу немесе өлшеп орау, мүшеленген жас немесе мұздатылған ет өндіріс |
||
3. |
Еттен және үй құсының етінен жасалған өнімдер өндірісі |
1013 |
Кептірілген, тұздалған немесе ысталған ет өндірісі, дайын орамалар Ет өнімдерін: шұжық, салями, қызыл шұжық, сүрленген құрғақ шұжық, сервелат, ысталған болон шұжығы, бас, орамалар, пісірілген ветчина жасау |
||
2 |
Балықтан, шаян тәрізділер мен моллюскілерден жасалған өнім |
4. |
Балықты, шаян тәрізділер мен моллюскілерді өңдеу және консервілеу |
1020 |
Балық, шаян тәрізділер мен моллюскілерді дайындау және сақтау: мұздату, терең мұздату, кептіру, өңдеу, сақтау, тұздау, консервілеу және т.б. Балық, шаян тәрізділер мен моллюскілер өндірісі: балық сүбесі, уылдырық, жасанды уылдырық және т.б. Адамдардың тамаққа пайдалануы үшін немесе жануарларды азықтандыру үшін балық өнімдерінің өндірісі, адамдардың тамаққа пайдалануына жарамсыз балықтан және өзге де су жануарларының түрлерінен ұн және еритін заттар өндірісі, кемелердің балықты қайта өңдеуге және сақтауға, теңіз балдырларын қайта өңдеуге бағытталған қызметі |
5. |
Теңіз акваөсіру |
0321 |
Аквариум балықтарын өсіруді, моллюскілер (устрица, мидия және т.б.) уылдырығының, ірі теңіз шаяндарының, асшаяндардың, балық шабақтарының өндірісін және оларды қолмен өңдеуді қоса алғанда, теңіз суында балық өсіру, қызыл балдырлар мен басқа да жеуге жарамды балдырларды өсіру, шаян тәрізділерді, қос жақтаулы моллюскілерді, теңіз суындағы басқа да моллюскілер мен басқа да су жануарларының түрлерін, теңіз суындағы акваөсіру, резервуарларда тұздалған суда акваөсіру Теңіз балықтарының түрлерін өсіру жөніндегі инкубаторлық станциялар, жылы теңіз фермалары |
||
6. |
Тұщы су акваөсіру |
0322 |
Тұщы су балықтарының аквариумдық түрлерін өсіруді, тұщы суды мекендейтін шаян тәрізділерді, қос жақтаулы моллюскілерді, өзге де моллюскілерді және су жануарларының басқа да түрлерін өсіруді, инкубаторлық станциялардың (тұщы су) жұмысын қоса алғанда, тұщы суда балық өсіру Бақа өсіру |
||
7. |
Тұщы суда балық аулау |
0312 |
Ішкі суларда коммерциялық негізде балық аулау Тұщы суларда шаян тәрізділер мен моллюскілерді аулау Тұщы суларда теңіз жануарларының түрлерін аулау Тұщы су материалдарын жинау |
||
3 |
Сүт және ірімшік өнімдері |
8. |
Сүтті өңдеу және ірімшік жасау |
1051 |
Жаңа сауылған, пастерленген табиғи, зарарсыздандырылған, гомогенделген және/немесе ультра тазартылған сүт өндірісі Сүт негізіндегі сусындар өндірісі Жаңа сауылған қаймағы алынбаған, пастерленген, зарарсыздандырылған және гомогенделген сүттен қаймақ жасау Құрғақ сүт немесе қоюлатылған сүт, қатты түрдегі сүт немесе кілегей өндірісі Сары май, йогурт, ірімшік және сүзбе, айран, кілегей, сары су, казеин немесе лактоза өндірісі |
|
9. |
Балмұздақ өндірісі |
1052 |
Балмұздақ өндірісі |
|
4 |
Өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі |
10. |
Қант өндірісі |
1081 |
Қант қызылшасынан қант өндірісі |
11. |
Какао, шоколад және қантты кондитерлік тағамдар өндірісі |
1082 |
Шоколад және шоколад кәмпиттерінің өндірісі Қантты кәмпиттер: карамель, какао, нуга, помадка, ақ шоколад өндірісі Сағыз өндірісі Қантталған жемістер өндірісі Шоколадты жаңғақ, цукат өндірісі Кәмпиттер, жастықша кәмпиттер, қақ өндірісі |
||
5 |
Балалар тағамы |
12. |
Балалар тағамының және диеталық тамақ өнімдерінің өндірісі |
1086 |
Арнайы диеталар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерін: балалар тағамын; қосымша сүт және басқа да тамақ өнімдерін; жасы кіші балаларға арналған тамақ өнімдерін; калориясы аз және калориясы азайтылған өнімдерді жасау |
6 |
Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі |
13. |
Крахмал және крахмалдан жасалған өнімдер өндірісі |
1062 |
Күріштен, картоптан, жүгеріден, бидайдан крахмал жасау Шикі жүгеріні майдалау Глюкоза және (немесе) глюкоза-фруктоза шәрбатын, қант шәрбатын, мальтоза, инулин жасау Дәннің маңызын жасау Жүгері майын жасау |
14. |
Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі |
1061 |
Құрғақ бұршақ дәндерінің, тамырлар немесе сабақтар немесе жеуге жарамды жаңғақтар өндірісі Құрғақ таңғы ас сияқты дәнді тамақ өнімдерінің өндірісі Ұн қоспаларының және нанға, тортқа, бәлішке, пирогтар мен бисквиттерге, печеньелерге немесе құймақтарға арналған, дайын ұн қоспалары мен қамырлар өндірісі Бидай қауыздарының, қара бидай, сұлы, жүгері немесе басқа да дән қауыздарының өндірісі |
||
7 |
Нан-бөлке және ұннан жасалған өнімдер өндірісі |
15. |
Кептірілген нан және печенье өндірісі; ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер және бисквиттер өндірісі |
1072 |
Кептірілген нан, печенье және өзге де құрғақ нан пісіру өнімдері өндірісі Ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар мен торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер мен бисквиттер өндірісі Печенье, крекерлер, крендельдер және т.б. сияқты тұздалған және тәтті өнімдер өндірісі |
16. |
Макарон өнімдерінің өндірісі |
1073 |
Макарондар, кеспелер, кеспе және (немесе) олардан жасалған жартылай фабрикаттар (тез дайындалатын) өндірісі Қамырдан жасалған консервіленген немесе тоңазытылған өнімдер, оның ішінде макарон өнімдерінің өндірісі |
||
8 |
Дайын тамақ өнімдері (өндірістік ауқымда) |
17. |
Дайындалған тамақ өнімдерінің өндірісі |
1085 |
Ет тағамдарының өндірісі Тартылған балық етін қоса алғанда, балық тағамдарының өндірісі Көкөністерден жасалған тағамдар өндірісі Тоңазытылған пицца немесе өзге тәсілмен сақтау үшін дайындалған пицца өндірісі |
9 |
Жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу |
18. |
Картопты өңдеу және консервілеу |
1031 |
Өңделген мұздатылған картоп, құрғақ картоп езбесінің, картоптан жасалған басытқы, картоп қытырлақтары, картоп ұны мен түйіршіктерінің өндірісі |
19. |
Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі |
1032 |
Жемістерден және (немесе) көкөністерден жасалған шырындар өндірісі Жас жемістерден және көкөністерден жасалған концентраттар қойылтпалар өндірісі |
||
20. |
Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеудің және консервілеудің өзге де түрлері |
1039 |
Мұздатылған немесе консервіленген түрдегі дайын тағамдарды қоспағанда, негізінен жемістерден немесе көкөністерден тұратын тамақ өнімдерінің өндірісі Жемістерді, жаңғақтарды немесе көкөністерді сақтау: мұздату, кептіру, май немесе сірке суын сіңіру, консервілеу және т.б. Жемістерден немесе көкөністерден тамақ өнімдерінің өндірісі Джемдер, мармеладтар және асханалық желе өндірісі Жаңғақ қуыру Жаңғақтардан жасалатын паста және өзге де азық-түлік өнімдерінің өндірісі |
||
10 |
Мал азығының өндірісі |
21. |
Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндірісі |
1091 |
ІҚМ, ұсақ малға, жылқыларға, құстар мен шошқаларға арналған азық өндірісі |
11 |
Ауыл шаруашылығы |
22. |
Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақты дақылдар мен майлы тұқымдарды өсіру |
0111 |
Қытайбұршақ, жер жаңғағы, мақта тұқымы, кәдімгі майкене, зығыр тұқымы, қыша тұқымы, майлы нуга тұқымы, рапс тұқымы, бояғыш мақсары тұқымы, күнжіт тұқымы, күнбағыс тұқымы, өзге де майлы тұқымдар сияқты майлы тұқымдарды өсіру |
23. |
Көкөністер және бақша өнімдерін, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру |
0113 |
Көкөніс, оның ішінде қызанақ, басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және басқа да пияз тұқымдас көкөністер, қауданды қырыққабат, түрлі-түсті қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат, сәбіз, шалқан, тамыр балдыры, шалғам және басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды тамыр жемістілер, бұрыш, қияр мен корнишон, қант қызылшасы және асханалық қызылша өсіру. Көкөніс, картоп, қант қызылшасының тұқымдарын өсіру Бақша дақылдарын, оның ішінде қарбыз, қауын және асқабақ өсіру |
||
24. |
Талшықты иіру дақылдарын өсіру |
0116 |
Мақта, зығыр өсіру Мақта тұқымын өсіру |
||
25. |
Басқа да маусымдық дақылдарды өсіру |
0119 |
Тарна, жемдік қызылша, жем-шөп, беден, жоңышқа, эспарцет, жемдік жүгері және басқа шөптерді, жемдік қырыққабат және қарапайым Жемдік өнімдерді өсіру Қызылша қарақұмық өсіру (қант қызылшасы тұқымдарын қоспағанда) және азықтық өсімдіктер тұқымын өсіру |
||
26. |
Жүзім өсіру |
0121 |
Шарап жүзімі және жүзімнің асханалық сорттары |
||
27. |
Дәнді және сүйекті жемістер өсіру |
0124 |
Дәнді және сүйекті жемістер: алма, өрік, шие және қызыл шие, шабдалы және тақыр шабдалы, алмұрт және беже, қара өрік және шомырт өсіру |
||
28. |
Өзге де жеміс ағаштарын, бұталар мен жаңғақ түрлерін өсіру |
0125 |
Жидек өсіру: қарақат/көкжидек, қарақат, қарлыған, киви, таңқурай, құлпынай/бүлдірген, өзге де жеміс түрлері Жемістердің тұқымдарын өсіру Жеуге жарамды жаңғақтарды өсіру: бадам, кешью, талшын, фундук/орман жаңғағы, пісте, грек жаңғағы, басқа да жаңғақ түрлері Жеміс ағаштарының, бұталардың басқа түрлерін өсіру: айлауық жемістері |
||
29. |
Малдың және қодастың басқа да тұқымдарын көбейту |
0142 |
Ет алу үшін ірі қара мал мен қодасты көбейту |
||
30. |
Малдың сүтті тұқымдарын көбейту |
0141 |
Малдың сүтті тұқымдарын өсіру және көбейту Шикі сүт алу |
||
31. |
Жылқы өсіру |
0143 |
Жылқы өсіру |
||
32. |
Түйелер мен түйе тұқымдастарды өсіру |
0144 |
Түйелер мен түйе тұқымдастарды өсіру және молайту |
||
33. |
Қой мен ешкі өсіру |
0145 |
Қой мен ешкі өсіру және молайту Қой мен ешкінің шикі сүтін өндіру Жүн дайындау Қозылардың терілерін дайындау |
||
34. |
Шошқа және торай өсіру |
0146 |
Торайлар, шошқалар, шошқа еті |
||
35. |
Құс шаруашылығы |
0147 |
Инкубациялық жұмыртқа өндірісі Үй құстарын өсіру және көбейту: тауық, күркетауық, үйрек, қаз және т.б. Жұмыртқа өндірісі* |
||
36. |
Жануарлардың өзге де түрлерін өсіру |
0149 |
Омарта шаруашылығы және бал мен бал балауызы өндірісі |
||
37. |
Уыт өндірісі |
1106 |
Уыт өндірісі |
||
12 |
Май–тоңмай өнімі |
38. |
Май мен тоңмай өндірісі |
1041 |
Тазартылмаған өсімдік майының өндірісі: қытайбұршақ, күнбағыс, мақта, рапс, қыша, зығыр Тазартылған өсімдік майының өндірісі: қытайбұршақ, күнбағыс, мақта, рапс, қыша, зығыр Өсімдік майын өңдеу: айдау, қайнату, дегидрация, гидрогенизация және т.б. |
39. |
Маргарин және ұқсас тағамдық тоңмай өндірісі |
1042 |
Маргарин өндірісі Қоспалар және т.б. өндірісі Тамақ дайындауға арналған құрама тоңмай өндірісі |
||
13 |
Өзге тамақ өнімдерінің өндірісі |
40. |
Татымдылықтар мен дәмдеуіштер өндірісі |
1084 |
Дәмқосарлар, тұздықтар мен дәмдеуіштер: майонез, қыша ұны мен дән түйіршіктерінің, қыша және т.б. өндірісі Сірке суы өндірісі Өнімдерді тұздау үшін тұзды өңдеу, мысалы йодталған тұз |
41. |
Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі |
1089 |
Жұмыртқа өнімдерінің, жұмыртқа альбуминінің, жұмыртқа ұнтағы мен меланж өндірісі |
||
42. |
Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі |
10899 |
Жасанды бал және карамель өндірісі Сандвич, жаңа пісірілген пицца (жартылай фабрикат) сияқты тез бұзылатын дайын тамақ өнімдерінің өндірісі) Басқа санаттарға енгізілмеген белсенді биологиялық қоспалар мен өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі Еттен, балықтан, шаян тәрізділерден немесе моллюскілерден жасалған тартылған ет өндірісі Сүт өнімдері мен ірімшік өндірісі Жасанды концентраттар өндірісі |
||
14 |
Сусындар өндірісі |
43. |
Минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі |
1107 |
Шөлмектердегі табиғи минералды су және өзге де минералды сулар өндірісі Алкогольсіз сусындар өндірісі: алкогольсіз хош иістендірілген және/немесе тәттілендірілген сусындар: лимонад, оранжад, кола, жеміс сусындары, тониктер және т.б. |
15 |
А/ш өнімдерінің сақтау |
44. |
Жүкті қоймалау және сақтау |
5210 |
Азық-түлік өнімдерін сақтау және сату жөніндегі көтерме-тарату орталықтарын құру |
II. АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕН БАСҚА ТАУАРЛАР |
|||||
1. КИІМ ЖӘНЕ АКСЕССУАРЛАР |
|||||
16 |
Сырт киім және аксессуарлар |
45. |
Басқа да тоқылған және трикотаж бұйымдарының өндірісі |
1439 |
Пуловерлер, свитерлер, кардигандар, тоқылған кофталар, жилеттер және осындай бұйымдар сияқты тоқылған немесе трикотаж бұйымдар және басқа да дайын бұйымдар өндірісі |
46. |
Арнайы киім өндірісі |
1412 |
Арнайы киім өндірісі |
||
47. |
Сырт киім өндіру |
1413 |
Ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған сырт киім: пальто, костюмдер, жакеттер, шалбарлар, белдемшелер, қалпақтар мен баскиімдер өндірісі Былғарыдан жасалған сырт киімнен басқа, тоқыма, тоқылған немесе тоқыма емес трикотаж маталардан жасалған сырт киімдердің өзге де түрлерінің өндірісі |
||
17 |
Іш киім |
48. |
Іш киім өндіру |
1414 |
Әйелдер, ерлер мен балаларға арналған тоқыма, тоқылған немесе трикотаж маталардан, шілтерден жасалған іш киімдер және түнгі киімдер: жейделер, футболкалар, кальсондар, келтешалбарлар, пижамалар, түнгі жейделер, көйлектер, блузалар, ішкі белдемшелер, комбинациялар, бюстгальтерлер, корсеттер өндірісі |
49. |
Тоқылған және трикотаж шұлық бұйымдарының өндірісі |
1431 |
Ұйықтарды, триколарды және колготкаларды қоса алғанда, шұлық бұйымдарының өндірісі |
||
18 |
Тоқыма және былғары бұйымдарын өндіруге арналған материалдар |
50. |
Тоқыма бұйымдарын өңдеу |
13 |
Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, мақта-мата, мақта талшығы өндірісі Шашақ жіп, махер мата, дәке тәрізді тоқылған материалдар өндірісі Жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, жүн мата өндірісі Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, жібек мата өндірісі Зығыр мата өндірісі Басқа да маталар өндірісі, мысалы, қытай қалақайынан, кендірден, жөкеден және арнайы иірілген жіптен Шыны талшығынан жасалған маталар өндірісі Карбонидті және арамидті жіптер өндірісі Тоқу әдісімен жасанды тері өндірісі |
51. |
Текстиль талшықтарын дайындау және иіру |
1310 |
Мақта талшығының, мақта иірімжібінің өндірісі Тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін сатуға және одан әрі өңдеу үшін жүннен иірімжіп иіру және жасау Тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін сатуға және одан әрі өңдеу үшін зығыр иірімжібін жасау Өзге де текстиль талшықтарын иіру |
||
52. |
Жіптер, арқандар, жіңішке арқандар, жіңішке баулар, баулар өндірісі және тор тоқу |
1394 |
Текстиль талшықтарынан, таспалардан және ұқсас материалдардан жасалған, сіңдірілген және сіңдірілмеген, қапталған, резеңкеден немесе пластмассадан жасалған қабықшамен қорғалған немесе қорғалмаған шпагат, арқан, жіп және трос өндірісі Шпагаттан, арқандар мен жіптерден тор жасау Арқандар мен торлы матадан жасалған бұйымдар: балық аулау торлары, кемелердегі сақтандыру торлары, түсіру жұмыстары кезінде пайдаланылатын қорғау құралдары, металл шығыршықтары бар матауыштар, жіптер немесе тростар өндірісі және т.б. |
||
53. |
Теріні илеу және өңдеу |
15111 |
Тері мен былғарыны илеу, бояу және өңдеу Күдері, қашалған былғары, тегіс немесе металдандырылған тері өндірісі |
||
19 |
Аяқ киім және оның жабдықтары |
54. |
Аяқ киім өндірісі |
1520 |
Қалыптауды қоса алғанда, аяқ киімді кез келген материалдардан кез келген тәсілмен жасау Аяқ киімдердің былғары және резеңке бөліктерін: сыртқы және ішкі бөліктерін, ұлтанын, өкшесін жасау |
2. ҮЙГЕ ЖӘНЕ КЕҢСЕГЕ АРНАЛҒАН БҰЙЫМДАР |
|||||
20 |
Тұрмыстық химия |
55. |
Сабын мен жуғыш, тазартқыш және жылтыратқыш заттар өндірісі |
2041 |
Органикалық беткі-белсенді препараттар өндірісі Жуғыш құралдар себілген немесе сіңірілген қағаздар, сулықтар өндірісі Глицерин өндірісі Косметикалық сабынды қоспағанда, сабын өндірісі Беткі-белсенді препараттар: қатты немесе сұйық түрдегі кір жуатын ұнтақтар және басқа да жуғыш құралдар, ыдыс-аяқ жууға арналған препараттар кір жуған кезде қосуға арналған хош иістендіргіш және жұмсартқыш заттар өндірісі Тазартқыш және жылтыратқыш құралдар: ауа тазартқыштар, жасанды балауыз, былғары бұйымдарды күтуге арналған құралдар, жиһазға және ағаш беттерге арналған полирольдар, шыны және металл беттерге арналған полирольдар, осыларға ұқсас құралдар себілген немесе сіңірілген сулықтарды қоса алғанда, тазартқыш пасталар мен ұнтақтар өндірісі |
21 |
Кілемдер |
56. |
Кілемдер мен кілем бұйымдарын өндірісі |
1393 |
Кілемдер, паластар және төсеніштер, едендік жабындар қамтылатын тоқыма жабындарының өндірісі Киіз жабындарының өндірісі |
22 |
Үйге арналған тоқыма және басқа да бұйымдар |
57. |
Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндірісі |
1392 |
Тоқылған немесе трикотаж маталарды қоса алғанда, кез келген тоқыма материалынан дайын бұйымдар: пледті қоса алғанда, жүн көрпе, төсек-орын, асхана, дәретхана немесе ас үй маталары, сырып тігілген көрпе, мамық көрпе, пуфиктер, жастықтар, ұйықтауға арналған қаптар өндірісі Дайын жиһаз заттарын: перделер, шымылдықтар, төсек-орын жапқышы, ас үй сүлгілері, ыдыс жууға арналған шүберектер өндірісі |
58. |
Тоқыма жаймаларының өндіру |
1391 |
Тоқылған немесе трикотаж маталар шығару және өңдеу: түкті маталар, тор көзді және шілтер маталар өндірісі |
||
23 |
Тұрмыстық тауарлар |
59. |
Резеңке-техникалық бұйымдар өндірісі |
22191 |
Табиғи немесе синтетикалық резеңкеден, вулканизацияланбаған, вулканизацияланған резеңкеден немесе беріктігі жоғары резеңкеден жасалған өзге де өнімдерді: резеңке пластиналарды, табақтарды, жолақтарды, білікшелерді және т.б.; шиналарға, құбырлар мен шлангілерге арналған камераларды; резеңке конвейерлік немесе трансмиссиялық белбеулерді; эластиктен жасалған киімдерді (тұтас, тігіссіз); аяқ киімге арналған резеңке ұлтанды және өзге де резеңке бөліктерді; резеңке жіптер мен бауларды; резеңке иірімжіптер мен маталарды; резеңке жиектерді, гарнитур мен баспаларды; резеңке үрлемелі резеңке матрастарды, үрлемелі шарларды қамтитын бұйымдарды өндіру Резеңкеден щеткалар мен қылқаламдар өндірісі Резеңке құбырлар өндірісі Қатты резеңкеден тарақтар, шашқа арналған қыстырғыштар, бигудилер және т.б. өндірісі Резеңкеден жөндеу материалдары өндірісі Резеңке негізгі материал болып табылатын резеңкеленген тоқыма маталар өндірісі Резеңкеден жасалған жүзуге арналған матрас өндірісі Резеңкеден жасалған жүзу телпегі өндірісі Резеңкеден жасалған сүңгу костюмдері өндірісі |
60. |
Тауарларға арналған пластик қаптамалар өндірісі |
2222 |
Тауарларды орауға арналған пластик бұйымдар: пластик пакеттер, қаптар, ыдыстар, қораптар, жәшіктер, үлкен бөтелкелер, бөтелкелер өндірісі |
||
61. |
Өзге де пластик бұйымдар өндіру |
2229 |
Жиһаз фурнитурасының, кеңсе немесе мектеп керек-жарақтарының, киім заттарының (түймелер, сыдырмалар), ас үй және дәретхана керек-жарақтарының, дастархан, пластик бас киімдер (каскалар) және пластиктен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі |
||
62. |
Қуыс шыны бұйымдарын өндірісі |
2313 |
Шыныдан немесе хрустальдан жасалған бөтелкелер, ыдыстар өндірісі Шыныдан немесе хрустальдан жасалған стақан, фужер, рюмка, бокал, шыныаяқ, тұрмыстық заттар өндірісі |
||
24 |
Жиһаз |
63. |
Кеңсе және студия арналған жиһазының өндірісі |
3101 |
Орындықтар, отыруға арналған жиһаз өндірісі кеңселерге, студияларға, қонақ үйлерге, мейрамханаларға және қоғамдық орындарға арналған орындықтар мен отырғыштар өндірісі Театрларға, кинотеатрларға арналған орындықтар мен отырғыштар өндірісі Зертханалық орындықтар, басқа да зертханалық табуреттер мен өзге де отырғыштар өндірісі |
64. |
Ас үй жиһазын өндірісі |
3102 |
Ас үй жиһазын өндірісі |
||
65. |
Басқа да жиһаз өндірісі |
3109 |
Дивандар, диван-кереуеттер өндірісі Бақшаға арналған орындықтар өндірісі Жатын бөлмеге, қонақ бөлмеге, бақшаға арналған жиһаз өндірісі Тігін машиналарына, теледидарларға арналған тумбалар өндірісі |
||
25 |
Жиһаз өңдіруге арналған материалдар |
66. |
Шпон, фанера, жұқа тақтайлар мен панельдер өндірісі |
1621 |
Желімделген фанера және өзге де бұйымдар өндірісі: жылтыратылған, боялған, жабылған, сіңдірілген, жақсартылған және нығайтылған (қағаз немесе мата көмегімен) Желімделген фанера, бір қабатты фанера және осыған ұқсас ламинатталған ағаш табақ бұйымдарының өндірісі Құрама тақтайлар мен өзге де табақ материалдарының өндірісі Тығыздығы орташа талшықты табақ материалдарының және өзге де талшықты материалдар өндірісі Сәндік материалдар өндірісі Желімделген ламинатталған ағаш бұйымдарының, ламинатталған бір қабатты фанера өндірісі |
26 |
Матрастар |
67. |
Матрастар өндірісі |
3103 |
Матрастар: серіппесі бар немесе тығыздалған матрастар; құрамында серпімділікті ұстап тұратын материалдар бар матрастар; қапталмаған резеңке немесе пластик матрастар өндірісі Матрастарға арналған тұғырлар өндірісі |
27 |
Тұрмыстық электроника аспаптарын өндірісі |
68. |
Механикалық шамаларды өлшеуге арналған аспаптар өндірісі |
2651 |
Жылыту жүйелеріне арналған температураны бақылау аспаптарының өндірісі Сұйықтық температурасын өлшеуге арналған шыны және биметалл термометрлер (медициналықты қоспағанда) өндірісі Тұрмыстық өлшеуіштер өндірісі (мысалы, су өлшегіш, газөлшегіш, электр энергиясын есептегіштер) Су өлшеуіштер мен есептеу қондырғыларының өндірісі Қозғалыс детекторларының өндірісі |
69. |
Сәулелендіру, электромедициналық және электротерапиялық жабдықтар өндірісі |
2660 |
Өнеркәсіптік, медициналық, диагностикалық, зерттеу, ғылыми және осыған ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын альфа-, бета-, гаммасәулеленуге, рентгендік және өзге де радиациялық сәулеленуге негізделген жабдықтар өндірісі Томографтар өндірісі Магниттік-резонанстық бейнені алуға арналған жабдықтар өндірісі Медициналық ультрадыбыстық жабдықтар өндірісі Электрокардиографтар өндірісі Электромедициналық эндоскопиялық жабдықтар өндірісі Медициналық лазерлік жабдықтар өндірісі Кардиостимуляторлар өндірісі Есту аппараттары өндірісі Тамақ өнімдері мен сүт өнімдерін сәулелендірумен өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі |
||
70. |
Электр-тұрмыстық аспаптар өндірісі |
2751 |
Өзге де тұрмыстық электр аспаптарының: электр сужылытқыштар, тасымалданатын электржылытқыштар, электрпештер, электрқыздырғыштар өндірісі |
||
71. |
Батареялар мен аккумуляторлар өндірісі |
2720 |
Бастапқы элементтер: құрамында марганец, сынап, күміс диоксиді бар батарея элементтерінің өндірісі Бөлгіштер, корпустар, қақпақтар сияқты қосалқы бөлшектерді қоса алғанда, электр аккумуляторларының өндірісі Қорғасын-қышқылды батареялар өндірісі Никель-кадмий батареяларының өндірісі Никель-металлогидридті қуат көзі батареяларының өндірісі Литий батареяларының өндірісі Құрғақ батареялар өндірісі Сұйық электролиті бар батареялар өндірісі |
||
28 |
Жарықтандыру құралдары |
72. |
Электрмен жарықтандыру жабдықтарын өндірісі |
2740 |
Газразрядты, флуоресцентті, ультракүлгін, инфрақызыл және т.б. қыздыру шамдарының өндірісі Жәндіктермен күресуге арналған электр шамдарының өндірісі Төбелік жарықтандыру аспаптарының өндірісі Аспашамдар, шамшырақтар өндірісі Үстел шамдарының (оның ішінде жарықтандыру құралдарының) өндірісі Жаңа жылдық шыршаларға арналған электр гирляндаларының өндірісі Электр каминдер өндірісі Қол электр шамдарының өндірісі Шамдар өндірісі (мысалы, карбид, электрлік, газ, газолин, керосин) Прожекторлар өндірісі Көше жарықтандыру құралдарының (бағдаршамдардан басқа) өндірісі Көлік құралдарына арналған жарықтандыру жабдықтарының (мысалы, автомобильдерге, ұшақтарға, кемелерге, қайықтарға арналған) өндірісі Электрлік емес жарықтандыру жабдықтарының өндірісі |
3. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ |
|||||
29 |
Құрылыс материалдары |
73. |
Пластик құрылыс бұйымдарын өндіру |
2223 |
Пластикалық құрылыс бұйымдарының: пластик есіктер, терезелер, жақтаулар, терезе қақпақтарының, жалюзилер, бағыттаушы жұқа тақтайшалар, ыдыстар, пластик жабындар, рулондар түріндегі қабырға мен төбеге арналған қаптауыш, тақтайшалар, пластиналар еден жабындарының өзге де түрлерінің, ванна, душ кабиналары, раковиналар, унитаздар, су ағызатын бачоктар сияқты пластик гигиена заттарының өндірісі Винил, линолеум сияқты майысқақ төсемдер өндірісі |
74. |
Бастапқы қалыптағы пластмасса өндіру |
2016 |
Полипропилен мен полистирол өндіру |
||
75. |
Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар, типография бояулары мен мастика өндірісі |
2030 |
Бояулар, лактар мен эмальдар өндірісі Дайын бояйтын заттар мен колерлер өндірісі Эмальдар, лактар және жағатын құрамдар мен сол сияқты препараттар өндірісі Мастика өндірісі Шпатлевка және сол сияқты үстіңгі беттерді тегістеуге арналған препараттар өндірісі Дайын бояу өндірісі Типографиялық бояу өндірісі Органикалық еріткіштер, бояу мен лактарды дайын еріткіштер өндірісі |
||
76. |
Желім өндірісі |
2052 |
Резеңке желімі мен дайын желімдеу құрамдарын қоса алғанда, желім мен дайын желімдеу құрамдарының өндірісі |
||
77. |
Табақ шынысын қалыптастыру және өңдеу |
2312 |
Күшейтілген немесе көп қатпарлы жалпақ шыны өндірісі Айна өндірісі Шыныдан жасалған көп қатпарлы оқшаулағыш заттар өндірісі |
||
78. |
Отқа төзімді бұйымдар өндірісі |
2320 |
Отқа төзімді ерітінді, бетон және т.б. өндірісі Отқа төзімді қыш бұйымдар: кремний ұнтағынан жасалған жылу оқшаулағыш қыш бұйымдар; отқа төзімді кірпіш, блоктар мен еден жабындары және т.б.; реторт, тигель, муфель, форсунка, келтеқұбырлар, мүштіктер мен т.б. өндірісі Құрамында магнезит, доломит немесе хромит бар отқа төзімді бұйымдар өндірісі |
||
79. |
Қыш жабындар мен плиталар өндірісі |
2331 |
Отқа төзімді емес қыш бұйымдар немесе қабырға плиткаларының, мозаика және т.б. өндірісі Отқа төзімді емес қыш тротуар плиталары мен брусчаткалар өндірісі |
||
80. |
Кірпіш, черепица және күйдірілген балшықтан жасалған өзге де құрылыс бұйымдарының өндірісі |
2332 |
Отқа төзімді емес құрылыс материалдарының: қыш плиткалар, черепица, мұржаның үстіндегі қалпақтар, құбырлар, оқшаулағыш материалдар және т.б. өндірісі Терракотадан еден плиткасын жасау |
||
81. |
Бетоннан жасалған құрылыс бұйымдарының өндірісі |
2361 |
Құрылыс мақсатында пайдалану үшін бетоннан, цементтен немесе жасанды тастан жасалған дайын бұйымдар өндірісі: еден жабындары, төсеуге арналған плиткалар, кірпіштер, плиталар, құбырлар, бағандар және т.б. Құрылысқа немесе азаматтық құрылысқа арналған құрама темір-бетон және бетон конструкциялар өндірісі Бетоннан блоктар, панельдер жасау Силикат кірпіш өндірісі |
||
82. |
Асбестоцементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндірісі |
2365 |
Цементпен, гипспен немесе басқа да минералды байланыстырушы материалдармен аралас өсімдік шикізатынан (ағаш жүнінен, сабаннан, қамыстан, құрақтан) құрылыс материалдарының өндірісі Целлюлоза талшықтары бар асбест-цементтен және талшықты цементтен немесе ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар: гофрланған табақтар (шифер), өзге де табақтар, панельдер, черепицалар, құбырлар, түтіктер, резервуарлар, чандар, жуғыштар, раковиналар, ыдыстар, жиһаз, терезе қораптары және т.б. өндірісі |
||
83. |
Бетоннан, құрылыс гипсінен және цементтен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі |
2369 |
Бетоннан, құрылыс гипсінен, цементтен немесе жасанды тастан жасалған өзге де бұйымдар өндірісі: мүсіндер, фурнитуралар, барельефтер, вазалар, гүл құмыралары және т.б. |
||
84. |
Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де бей металл минералдық өнім өндірісі |
2399 |
Минералды негіздегі оқшаулағыш материалдар: қож-мақта және ұқсас минералды мақта; қатпарлы вермикулит, қопсыған балшық және ұқсас оқшаулағыш жылу материалдары немесе дыбыс оқшаулағыш материалдар өндірісі |
||
30 |
Есіктер мен терезелер |
85. |
Металдан жасалған есіктер мен терезелер өндірісі |
2512 |
Металдан жасалған есіктер, терезелер мен жақтаулар, терезе қақпалары мен қақпалар өндіру |
31 |
Цементті қоспағанда, әрлеу материалдары |
86. |
Әк және құрылыс гипсінің өндіру |
2352 |
Құрылыс (кальцийлендірілген гипс немесе натрий сульфаты) гипсін өндіру Сылақ өндірісі |
III. ӨЗГЕ |
|||||
32 |
Химия |
87. |
Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қоспалар өндіру |
2015 |
Тыңайтқыштар: азот немесе құрамында азоты бар, фосфор немесе калий тыңайтқыштарын, шикі мұнайдан алынған несепнәр, табиғи фосфаттар және табиғи калий тұздарын өндіру |
88. |
Пестицидтер мен басқа да агрохимиялық өнімдер өндіру |
2020 |
Инсектицид/жәндіктерге қарсы заттар, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, акарицидтер, молюстицидтер, биоцидтер өндіру Өсімдіктердің өсуін реттейтін өнімдер өндіру Дезинфекциялау құралдарын өндіру (ауыл шаруашылығы мақсаттарына және басқа да мақсаттарға пайдалану үшін) Басқа санаттарға енгізілмеген өзге агрохимиялық өнімдер өндіру |
||
89. |
Өзге де негізгі бейорганикалық химиялық заттар өндірісі |
2013 |
Химиялық элементтер өндірісі (өнеркәсіптік газдар мен негізгі металдарды қоспағанда) Азот қышқылын қоспағанда, бейорганикалық қышқылдар өндірісі Аммонийден басқа, сілті, сақар және өзге де бейорганикалық заттар өндірісі Өзге де бейорганикалық қоспалар өндірісі Темір колчеданды күйдіру Тазартылған су өндірісі |
||
90. |
Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі |
2014 |
Илеу заттарын өндіру Биоэтанол өндірісі Ациклдық, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер өндірісі Циклдық, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер өндірісі Бутил эфирі өндірісі Амил эфирлерін өндіру Негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі: сірке қышқылын қоса алғанда, моно- және поликарбон қышқылдары; альдегидтерді, кетондарды, хинондарды және екі және одан да көп оттегі бар топтармен қосылыстарды қоса алғанда, құрамында оттегі бар функционалдық топтары бар өзге де қосылыстар; аминдерді қоса алғанда, синтетикалық глицерин, азот-функционалдық органикалық қосылыстар; сүректі айдау жолымен алынған өнімдерді қоса алғанда, өзге де органикалық қосылыстар (мысалы, ағаш көмірі) Синтетикалық хош иісті өнімдер өндірісі Таскөмір шайырын айдау |
||
91. |
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру |
1920 |
Мотор отыны, газолин, керосин және т.б. өндірісі Отын өндірісі: этан, пропан, бутан және т.б. сияқты жеңіл, орташа және ауыр жанғыш, тазартылған газ Мұнай қалдықтарынан өнім шығаруды қоса алғанда, майлау майлары немесе майлар өндірісі Мұнай-химия өнеркәсібіне және жол салуға арналған өнімдер өндірісі Әртүрлі өнім түрлерінің өндірісі: уайт-спирит, вазелин, қатты парафин, петролатум және т.б. Мұнай брикеттерін өндіру Шымтезекті агломерациялау және шымтезек кесектерінің өндірісі Көмір брикеттерін агломерациялау және өндіру Лигнит брикеттерін агломерациялау және өндіру |
||
33 |
Қағаз және қағаз бұйымдары |
92. |
Ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі |
1711 |
Ағартылған, толық ағартылмаған және ағартылмаған целлюлоза, ағаш массасын механикалық, химиялық (еритін немесе ерімейтін) немесе жартылай химикалық тәсілмен өндіру Мақта целлюлоза өндірісі Сия мен баспаханалық бояуды алып тастау және макулатурадан ағаш массасы мен целлюлоза өндіру |
93. |
Гофраланған картон, қағаз және картон ыдысының өндірісі |
1721 |
Гофраланған қағаз және картон өндірісі Гофраланған қағаздан немесе картоннан жасалған сыйымдылықтар өндірісі Гофраланған картоннан жасалған сыйымдылықтар өндірісі Қатты картоннан жасалған сыйымдылықтар өндірісі Қағаз бен картоннан жасалған өзге де сыйымдылықтар өндірісі Қағаздан жасалған қаптар, сөмкелер және пакеттер өндірісі Файлдары бар офистік тіркелімдер және сол сияқты бұйымдар өндірісі |
||
94. |
Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарының өндірісі |
1722 |
Жеке гигиена және тығыздау мақсатында пайдалану целлюлоза мақтасынан қағаз өнімдерінің өндірісі: қағаз сулықтар, қолорамалдар, сүлгілер, сулықтар дәретхана қағазы, гигиеналық сүлгілер мен тампондар, балалар жаялықтары мен жөргектері, қағаз стақандар, тәрелкелер және подностар, картон және қағаз ыдыс өндірісі Тығыздау үшін және тығыздалатын гигиеналық сүлгілер, тампондар үшін тоқыма материалдар өндірісі |
||
34 |
Металдан жасалған бұйымдар |
95. |
Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарының өндірісі |
25210 |
Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарының өндірісі |
96. |
Бекіту бұйымдарын өндіру |
2594 |
Тойтарма және бұрандасыз ұқсас өнімдер өндірісі Бұранда кескіш станокта жасалатын бұйымдар өндірісі Бұрандамалар, бұрамалар, сомындар, муфталар және бұрандасы бар басқа өнімдер өндірісі |
||
97. |
Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндірісі |
2592 |
Тамақ өнімдері үшін консерві банкілерін, шақшалар, қораптар, жәшіктер өндірісі Тығыздап жабу үшін металл қақпақтар мен өзге де бұйымдар өндірісі |
||
98. |
Суық қалыптау немесе бүктеу |
2433 |
Уатқыштарда суықтай қалыптау процесінде немесе баспақта бүктеу әдісімен болаттан жасалған жалпақ илектелген бұйымдардан ашық секциялар жасау Суық әдіспен болаттан қалыпталған немесе бүктелген бұдырланған табақтар мен сэндвич-панельдер жасау |
||
99. |
Шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісі |
2410 |
Темір құймалар, жылтыр шойыннан қалыптар мен құймалар, блоктар немесе өзге де бастапқы нысандарды жасау Ферроқорытпа өндірісі Темір және құрамында темір бар өзге де кеуекті бұйымдарды тікелей қалпына келтіріп, құрамында темір бар бұйымдар жасау Электролиз жолымен немесе өзге де химиялық процестер нәтижесінде таза темір өндіру Түйіршіктелген темір және темір ұнтағын өндіру Болат құймаларды немесе өзге де бастапқы нысандарды өндіру Болаттан жасалған жартылай дайын бұйымдар өндірісі Болаттан жасалған ыстықтай илектелген және суықтай илектелген жалпақ илектелген бұйымдар өндірісі Болаттан жасалған ыстықтай илектелген шыбықтар өндірісі Болаттан жасалған ыстықтай илектелген қуыс бұйымдар өндірісі Пакеттелген болат табақтар мен дәнекерленген жіктері ашық бұйымдар өндірісі Болаттан жасалған теміржол материалдарының (құрастырмалы рельс) өндірісі |
||
100. |
Болаттан жасалған құбырлар, құбыржолдар, профильдер, фитингтер өндірісі |
2420 |
Ыстықтай илемдеу тәсілімен, ыстықтай сығымдаумен немесе ыстық сығымдау немесе ыстықтай илектелген шыбық, құймалар сияқты жартылай фабрикаттарды ыстықтай өндеуді немесе үздіксіз құюды қамтитын өзге де тәсілдермен одан әрі өңдеу үшін тұтас тартылған құбырлар мен көлденең және көлденең емес қималы құбырлар және көлденең қималы дайындамалар өндірісі Кейіннен көлденең қималы құбырларды суықтай илектеу немесе суықтай созу тәсілімен және тек көлденең емес қималы құбырларды және қуыс профильдерді суықтай созу тәсілімен өңдеу жолымен ыстықтай илектелген немесе ыстықтай сығымдалған дайындамалардан жасалған мөлшері белгіленген және белгіленбеген тұтас тартылған құбырлар өндірісі Тегіс ыстықтай илектелген жалпақ бұйымдардан суық тәсілмен өндірілген, ұзына бойы немесе спираль бойымен дәнекерленген сыртқы диаметрі 406,4 мм астам немесе одан кем дәнекерлеу құбырларының өндірісі Үздіксіз құю немесе ыстықтай қалыптау тәсілімен және ұзына бойы немесе спираль бойымен дәнекерленген және ыстықтай илектелген немесе суықтай илектелген, ұзына бойы дәнекерленген жолақтардан ыстықтай немесе суықтай қалыптаумен жасалған көлденең емес қималы сыртқы диаметрі 406,4 мм немесе одан кем көлденең қималы дәнекерлеу құбырларының немесе суықтай илектелген жалпақ бұйымдар өндірісі Сыртқы диаметрі 406,4 мм немесе одан кем, илектелген, ыстықтай немесе суықтай қалыптау жолақтарынан жасалған және одан әрі суықтай илектеу тәсілімен немесе суықтай қалыптау тәсілімен көлденең емес қималы құбырлар түрінде өңдеу үшін ұзына бойы дәнекерленген дәнекерлеу құбырларының өндірісі Болаттан жасалған ыстықтай илектелген жалпақ бұйымдарды өңдеу жолымен жалпақ болат фланецтер мен қамыттары бар фланецтер өндірісі Жікті дәнекерлеу үшін иінді келтеқұбыр сияқты гарнитура және қалыптау жолымен болаттан жасалған ыстықтай илектелген жіксіз құбырлар өндірісі Бұрандалы құбырлар және болаттан жасалған өзге де құбырлар немесе гарнитура |
||
35 |
Электр жабдықтар және электр өткізгіш өндірісі |
101. |
Электр өткізгіш және кабельдің басқа түрлерінің өндірісі |
27320 |
Алюминийден және мыстан жасалған тоқ жүретін желілері бар өткізгіштер мен кабельдер өндірісі |
102. |
Электр моторлар, генераторлар және трансформаторлар өндірісі |
2711 |
Электр моторлар өндірісі (іштен жану қозғалтқыштарын қоспағанда) Тарату электр трансформаторлар өндірісі Аргон дәнекерлеу трансформаторлар өндірісі Флюоресцирлеуші бареттерлер (яғни трансформаторлар) өндірісі Электр энергиясын таратуға арналған трансформаторлық қосалқы станциялар өндірісі Электр кернеуін беру және тарату реттегіштерінің өндірісі Күштік генераторлар өндірісі (іштен жану қозғалтқыштарына арналған аккумуляторлық батареяны зарядтауды қоспағанда) Генераторлық агрегаттар өндірісі (генераторлық қондырғының беретін блогын қоспағанда) Жүзбелі балық зауыттарындағы зәкірге арналған орау құрылғысы |
||
103. |
Электр таратушы және реттеуші аппаратура өндірісі |
2712 |
Электр қоректендіргішті ажыратқыштар өндірісі Электр желісіне арналған желілік сүзгілер өндірісі (өндірістік-тарату тізбегі үшін) Электр кернеуін таратуға арналған бақылау панельдерінің өндірісі Электр релесі өндірісі Электрлік тарату қалқандарына арналған кабель өндірісі Электр детонаторлар өндірісі Қуатты ауыстырып қосуға арналған жабдықтар өндірісі Электр энергетикалық жүйеде ауыстырып қосуға арналған жабдықтар өндірісі (іске қосу кнопкаларын, ажыратқыштарды, соленоидтарды, тумблерлерді қоспағанда) Бастапқы энергия көздерін өндіру |
||
36 |
Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі |
104. |
Гидравликалық жабдықтар өндірісі |
2812 |
Гидравликалық және пневматикалық компоненттер өндірісі (гидравликалық моторларға арналған гидравликалық помпаларды, гидравликалық және пневматикалық цилиндрлерді, клапандарды, шлангілер мен гарнитураны қоса алғанда) Пневматикалық жүйелерде пайдалану үшін сығылған ауаны тазалауға арналған пневматикалық жабдықтар өндірісі Гидравликалық жүйелер өндірісі Гидравликалық трансмиссиялық жабдықтар өндірісі Көлемді гидро беру аспаптарының өндірісі |
105. |
Өзге де крандар мен вентильдер өндірісі |
2814 |
Реттеуші клапандар мен су жинау крандарын қоса алғанда, өнеркәсіптік крандар мен вентильдер өндірісі Қолжуғыш крандар мен вентильдер өндірісі Ыстық суға арналған крандар мен вентильдер өндірісі |
||
106. |
Ауыл шаруашылығы машиналарын шығару |
28302 |
Көгал шалғыларын қоса алғанда, шалғыларды шығару Өздігінен зарядталатын немесе автоматты түрде түсіретін ауыл шаруашылығы трейлерін немесе жартылай тіркемелерін шығару Топырақты дайындауға, тыңайтқыш себуге немесе енгізуге арналған ауыл шаруашылығы техникасын: соқаларды, тыңайтқыштар бөлгіштерді, себу агрегаттарын/сепкіштерді, тырмаларды және т.б. шығару Жинауға және жармалауға арналған техника: жинау машиналарын, астық бастырғыштарды, сұрыптағыштарды және т.б. шығару Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға арналған бүрку техникасын шығару Жұмыртқаларды, жемістерді және т.б. тазалауға, сұрыптауға немесе өңдеуге арналған машиналар шығару |
||
107. |
Автомобильдердің өзге де бөліктері мен керек-жарақтарының өндірісі |
2932 |
Автомобильдердің әртүрлі бөліктері мен керек-жарақтарының: тежегіштер, беріліс қораптары, көпірлер, жүріс дөңгелектері, аспалы амортизаторлары, радиаторлар, сөндіргіштер, шығарынды құбырлар, каталитикалық түрлендіргіштер, ілініс тораптар, руль дөңгелектері, руль колонкалары, рульдік механизмнің қораптарының өндірісі Автомобиль шанақтарына арналған бөлшектер мен керек-жарақтар: қауіпсіздік белдіктері мен жастықтар, есіктер, бамперлер өндірісі Автомобильдерге арналған орындықтар өндірісі |
||
108. |
Автомобильдер мен басқа да моторлы көлік құралдарын өндіру |
2910 |
Өзге де автокөлік құралдары: өрт сөндіру машиналары, жедел жәрдем машиналары, көшелер мен жолдарды жинауға арналған машиналары өндірісі Автокөлік құралдарына арналған қозғалтқыштар өндірісі Автокөлік құралдарына арналған шасси өндірісі |
||
37 |
Өзге де көлік құралдарын өндіру |
109. |
Теміржол локомотивтерін және жылжымалы құрам шығару |
3020 |
Теміржол немесе трамвай локомотивтеріне немесе жылжымалы құрамдарға арналған мамандандырылған жиынтықтауыштар: біліктер, осьтер, шпиндельдер, дөңгелектер, тежегіштер және оларға арналған жиынтықтауыштар; иінтіректер, муфталар және жалғастырушы құрылғылар, буферлер мен жиынтықтауыштар; амортизаторлар; фургондар мен локомотивтердің негіздерін; шанақтар және т.б. шығару Тау-кен өнеркәсібі үшін рельстік арбалар мен локомотивтер шығару Механикалық және электромеханикалық сигнал беру жабдықтарын, теміржол, трамвай, ішкі су жолдарында, автотрассаларда, тұрақтарда, ұшу алаңдарында және т.б. қауіпсіздікті бақылауға және қозғалысты басқаруға арналған жабдықтарды шығару Темір жол вагондарына арналған орындықтар шығару |
38 |
Велосипедтер, арбалар |
110. |
Велосипедтер және мүгедектерге арналған арбалар/креслолар өндірісі |
3092 |
Моторсыз велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді, тандемдерді, балалар велосипедін және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, өзге де ұқсас көлік құралдарының өндірісі Велосипедтерге арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі Қосалқы моторы бар велосипедтер өндірісі Пластикалық велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, жүргізу үшін дөңгелегі бар ойыншықтар өндірісі Моторлы немесе моторсыз мүгедектер арбасының өндірісі Мүгедектер арбасына арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі Балалар арбасының өндірісі |
39 |
Фармацевтика |
111. |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі |
2110 |
Дәрі-дәрмектер: антибиотиктер, негізгі витаминдер, салицил және O-ацетилсалицил қышқылдары және т. б. өндіру үшін пайдаланылатын медициналық фармакологиялық препараттар өндірісі Қанды қайта өңдеу Химиялық таза қант жасау Жануарлар шикізатынан эндокринді препараттар жасау (бездерді қайта өңдеу және бездер мен т.б. экстрактілер жасау) |
112. |
Фармацевтикалық препараттар өндірісі |
2120 |
Дәрі-дәрмектер: иммундық сарысулар және т.б.; вакциналар; гомеопатиялық препараттарды қоса алғанда, әртүрлі дәрі-дәрмектер өндірісі Сыртқа қолдануға арналған химиялық контрацептивті өнімдер мен гормоналды контрацептивтер өндірісі Жүктілік тестілерін қоса алғанда, медициналық диагностикалық препараттар өндірісі Радиоактивті заттарды анықтауға арналған диагностикалық препараттар өндірісі Биологиялық фармацевтикалық препараттар өндірісі Мақта, дәке, дәке таңғыштар, бандаж және т.б. сияқты медициналық таңу материалдары өндірісі |
||
40 |
Басқа тауар позициялары |
113. |
Басқа да техникалық және өнеркәсіптік тоқыма бұйымдарын өндірісі |
1396 |
Моторсыз велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді, тандемдерді, балалар велосипедін және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, өзге де ұқсас көлік құралдарының өндірісі Велосипедтерге арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі Қосалқы моторы бар велосипедтер өндірісі Пластикалық велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, жүргізу үшін дөңгелегі бар ойыншықтар өндірісі Моторлы немесе моторсыз мүгедектер арбасының өндірісі Мүгедектер арбасына арналған жинақтауыштар және аксессуарлар өндірісі Балалар арбасының өндірісі |
114. |
Зергерлік бұйымдар өндірісі |
3212 |
Қолдан өсірген інжу өндірісі Тастар мен синтетикалық және өңделген асыл және жартылай бағалы тастарды өнеркәсіптік өңдеуді қоса алғанда, өңдеу сатысында асыл және жартылай бағалы тастар өндірісі Гауһар өңдеу Қымбат бағалы металдардан және қымбат бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан немесе асыл және жартылай қымбат бағалы тастардан немесе қымбат бағалы металдар мен асыл немесе жартылай қымбат бағалы тастардың немесе өзге де материалдардың комбинациясынан жасалған құнды заттар жасау Қымбат бағалы металдардан немесе қымбат бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан зергерлік бұйымдар: асхана ыдыстарын, ұсақ және жалпақ ыдыстар, шұңғыл ыдыс, дәретхана керек-жарақтарын, кеңсе немесе үстел бұйымдарын, діни қызметтерде салт-жоралғы үшін пайдалануға арналған бұйымдар және т.б. жасау Қымбат бағалы металдардан техникалық және зертханалық керек-жарақтар (құралдар мен қосалқы бөлшектерді қоспағанда): тигель, шпательдер, гальванды бүркумен анодтар және т.б. жасау Қолсағаттарға, бауларға, білезіктерге және табакеркаларға арналған қымбат бағалы металл білезіктер жасау Металдан жасалған қымбат бағалы дербес және қымбат бағалы емес бұйымдарды нақыштау |
||
115. |
Хирургиялық және ортопедиялық құралдар өндірісі |
32503 |
Хирургиялық салфеткалар, стерильді ақжаймалар мен бинттер өндірісі Сүйектерді бекітуге арналған пластиналар мен бұрандалар өндірісі Тіс-техникалық зертханаларда дайындалған тіс протездер, көпірлер және т.б. өндірісі Ортопедиялық құралдар мен протездер өндірісі Көз протездерін өндіру Офтальмологиялық бұйымдар, көзді түзетуге арналған көзілдіріктер, күннен қорғайтын көзілдіріктер, көзілдіріктерге арналған линзалар, жанаспалы линзалар, қорғаныш көзілдіріктер өндірісі |
||
41 |
Білім беру |
116. |
Тұрғын үйдің басқа түрлерінде көрсетілетін қызметтер |
5590 |
Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау |
117. |
Білім беру |
85 |
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау |
||
42 |
Туризм** |
118. |
Қонақ үйлердің қызметтер ұсынуы |
5510 |
Орналастыру орындарын (қонақ үйлер, санаторийлер, люкс класты қонақ үйлер, мотельдер) салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау |
119. |
Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру |
5520 |
Орналастыру орындарын салу (балаларға арналған немесе басқа демалыс үйлері, пәтерлер мен қонақтар үшін бунгалолар, жинау немесе тамақтандыру қызметтерін көрсетпейтін коттедждер мен үйлер, жастар туристік лагерьлері, таудағы турбазалар және т.б.) |
||
120. |
Кемпингте, рекреациялық автопаркте және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер |
5530 |
Орналастыру орындарын салу (кемпингтер, трейлер парктері, ойын-сауық қалашықтары, аң аулау немесе балық аулау үшін пайдаланылатын жерлер, автомобиль демалысына арналған үй-жайлар мен керек-жарақтар) |
||
121. |
Аурухана ұйымдарының қызметі |
8610 |
Санаторийлік-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру |
||
122. |
Басқа санаттарға жатқызылмаған жерүсті жолаушылар тасымалдарының басқа түрлері |
4939 |
Тау шаңғысы курорттарын салу, егер қалалық және қалааралық көлік тасымалдары жүйесіне кірмейтін болса, конвейерлерді, аспалы жолдарды, тау шаңғысы көтергіштерін және аспалы көтергіштерді басқару |
||
43 |
Денсаулық сақтау |
123. |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
86 |
Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жабдықтау |
44 |
Көлік және қоймалау*** |
124. |
Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі |
52 |
Көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу |
* Тек инвестициялық мақсаттарға
** Алакөл көлі жағалауында (ШҚО, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (СҚО), Алматының таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай, Нарынқол аудандары) іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.
*** Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтары.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |