• Мое избранное

Отправить по почте

1

Арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 6 тамыздағы № 621 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 қыркүйекте № 19360 болып тіркелді

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Арнайы экономикалық және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
1) «Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 224 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 10699 тіркелген, 2015 жылы 20 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1290 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 12958 тіркелген, 2016 жылы 29 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы  Т. Жанжуменов
1
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрі міндетін атқарушының
2019 жылғы 6 тамыздағы
​ № 621 бұйрығына
1-қосымша
Арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидалары
1. Осы Арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылдың 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 18)-тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
2. Атқарушы органның басшысы ретінде адамды не мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бастамасы бойынша құрылған басқарушы компанияның атқарушы органы функциясын жеке дара орындайтын адамды сайлау «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы экономикалық аймақ – Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі;
2) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Заңға және «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;
3) конкурсқа қатысушылар - басқарушы компанияларды басқару үшін адамдарды іріктеу конкурсына қатысуға өтініш берген жеке тұлғалар;
4) Бірыңғай үйлестіру орталығы – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
4. Конкурстың мәні атқарушы органның басшысын сайлау үшін жеке тұлғаларды не арнайы экономикалық аймақ басқарушы компаниялардың атқарушы органының функциясын жеке дара орындаушы адамды іріктеу болып табылады.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын құрған жағдайда, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы экономикалық аймақты құру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде уәкілетті орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесе отырып өткізген конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша тағайындалады.
6. Басқарушы компанияларды басқару үшін адамдарды іріктеуге арналған конкурстық комиссияны (бұдан әрі - Конкурстық комиссия) уәкілетті орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесе отырып құрады.
7. Басқарушы компанияның атқарушы орган функциясын жеке дара атқаратын адаммен немесе атқарушы орган басшысымен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда, арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары күнтізбелік бес күн ішінде бұл туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 341 Бұйрығына сәйкес (06.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуден жүргізу тәртібі
8. Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларынан жазбаша хабарлама алғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін тұлғаны іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы, сондай-ақ күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзім туралы хабарландыру орналастырады, осы мерзім ішінде қатысушылар осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш береді, уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 341 Бұйрығына сәйкес (06.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеу рәсімі мынадай екі кезеңнен тұрады:
уәкілетті органның конкурсқа қатысуға өтінішдерді Арнайы экономикалық және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарауы;
Конкурстық комиссияның конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қарауы және олармен әңгімелесу жүргізуі, оның қорытындысы бойынша арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқарудың атқарушы органына сайлау үшін ұсынылған адамдарды айқындау жүзеге асырылады.
10. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды іріктеу конкурсына қатысу үшін конкурс қатысушылары уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) электронды және қағаз тасығыштарда осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;
3) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес конкурсқа қатысушының еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) жоғарғы оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломның, сондай-ақ магистрлық немесе докторлық бағдарламаларды аяқтағандығы туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса);
5) сертификаттардың және басқа да наградалардың көшірмелері (бар болса);
8) құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде мемлекеттік немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі.
Сондай-ақ, қатысушы Арнайы экономикалық және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере алады.
Конкурсқа қатысушы осы тармақта қарастырылған тізімге сәйкес, әрекет ету мерзімі өтіп кеткен және (немесе) құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, уәкілетті орган өтінішті қабылдап алудан бас тартады.
Өтінішті қайтару конкурсқа қатысушымен жіберілген кемшіліктерді жойғаннан кейін конкурсты өткізу туралы хабарландыруда белгіленген мерзім шегінде уәкілетті органға өтінішімен қайта жүгіну құқығынан айырмайды.
11. Конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысуға өтініш берген кезде уәкілетті орган:
1) өтініш берілген күні оны өтінішдерді осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу журналында тіркейді;
2) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын, олардың осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді.
12. Конкурсқа қатысушы ұсынған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі уәкілетті органның құжатты қабылдаған күні туралы белгі сала отырып, өтініш берушіге жіберіледі (табысталады).
13. Өтініш пен конкурсқа қатысушы ұсынған құжаттардың Арнайы экономикалық және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкессіздігін және оларда көрсетілген деректердің дұрыстығын уәкілетті органның қарау мерзімі конкурсқа қатысуға өтінішдерді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайды.
14. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың арнайы экономикалық аймақтардың Арнайы экономикалық және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган айқындаған конкурстың екінші кезеңінде қатысуға жіберілген қатысушылар тізімін конкурсқа қатысуға өтінішді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті орган бекітеді және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
15. Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында конкурстың екінші кезеңіне өткен қатысушылар тізімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Конкурстық комиссияның қарауына одан әрі шығару үшін мемлекеттік органға еркін нысандағы конкурстық ұсыныстарды ұсынады, ол мыналарды қамтиды:
1) арнайы экономикалық аймақтар қызметінің мамандану бейіні ескерілген жұмыс тәжірибесі жазылған анықтама;
2) арнайы экономикалық аймақтардың даму стратегиясының пайымдауы;
3) арнайы экономикалық аймақтардың даму тетігі және/немесе схемасы;
4) арнайы экономикалық аймақтарға инвесторларды тарту тәсілдері;
5) күтілетін нәтижелер (сапалық және сандық көрсеткіштер);
6) мемлекеттің, басқарушы компанияның және арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының мүдделерін ескере отырып, басқару шешімдерін қабылдау және қолдануы жоспарланған әзірлеу әдістері.
16. Конкурстық комиссия әңгімелесу жүргізеді және конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынылған конкурстық ұсыныстарды қарайды.
Конкурстық комиссия өткен конкурстың қорытындысы бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
2) жарияланған бос лауазымға тағайындаудан бас тартылсын.
17. Қатысушылармен конкурстың қорытындысы хаттама түрінде ресімделеді, және техникалық жазба (аудио және (немесе) бейне) құралдарын қолдануы белгіленеді.
Қатысушылармен конкурстың хаттамасына Конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
Конкурстық комиссияның техникалық жазба құралдарын қолдануы туралы Конкурстық комиссия отырысының хаттамасында белгі қойылады.
Техникалық жазба құралдарының көмегімен Конкурстық комиссия отырысы барысында тіркелген материалдар конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде 1 жыл уәкілетті органда сақталады.
Конкурсқа қатысушы Конкурстық комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алады.
Дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
18. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушылар конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде қатыса алады.
Конкурстық комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Әңгімелесу процесінде байқаушылар кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушылардың Конкурстық комиссия жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жария етуіне, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.
Бақылаушылар қатысқан жағдайда, олардың пікірі Конкурстық комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.
19. Уәкілетті орган Конкурстық комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында конкурс нәтижелері туралы хабарлайды.
20. Конкурсқа қатысушы Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, оған сот тәртібінде шағымдануға болады.
21. Конкурстық комиссияның оң шешімі конкурстық іріктеуден өткен адаммен еңбек шартын жасасуға негіз болып табылады.
Конкурстық комиссияның оң шешімі болған жағдайда, Бірыңғай үйлестіру орталығы конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде басқарушы компанияның директорлар кеңесінің отырысына конкурстық іріктеуден өткен адамды басқарушы компанияның басшысы лауазымына тағайындау туралы ұсыныс енгізеді.
Басқарушы компанияның директорлар кеңесі (жалғыз қатысушының немесе қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен) конкурстық іріктеуден өткен адаммен еңбек шартын жасасу туралы шешім қабылдайды, онда оның қызметінің негізгі көрсеткіштері қамтылуға тиіс.
22. Конкурсқа қатысуға басқарушы компанияны басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келетін екі адамнан кем қатысқан жағдайда, Конкурс өткізілмеген болып танылады.
23. Конкурс өткізілмеген болып танылған жағдайда, уәкілетті орган конкурс өткізілмеді деп танылған күннен бастап екі айдан кешіктермей конкурсты қайта өткізу туралы хабарлайды.
1
Арнайы экономикалық аймақтардың 
басқарушы компанияларын басқару
 үшін адамдарды конкурстық 
​іріктеуді жүргізу қағидаларына
1-қосымша
 __________________________________________________________________
 (кандидаттың тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) көрсетіледі)
 ____________________________________________________________________ 
(Басқарушы компанияның атауы)

Туған күнi және орны


 

Азаматтығы


 

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен деректерi


 

Оқу орнының атауы

Түскен уақыты - бiтiрген уақыты

Мамандығы

Бiлiмi туралы дипломның нөмірi, бiлiктiлiгi

Оқу орны орналасқан жер

1.


 


 


 


 


 

3. Ерi (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлi-қарындасы, балалары) және жекжаттары (ерiнiң (зайыбының) ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлi-қарындасы, балалары) туралы мәлiметтер:

Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1.


 


 


 


 

4. Кандидаттың заңды адамдардың жарғылық капиталына қатысуы және акцияларын иеленуi туралы мәлiметтер:

Заңды адамның атауы және орналасқан жерi

Заңды тұлға қызметiнiң жарғылық түрi

Жарғылық капиталдағы қатысу үлесi немесе кандидатқа тиесiлi акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.


 


 


 

5. Соңғы үш жылдағы бiлiктiлiгін арттыру жөнiндегi семинарлардан, курстардан өткені туралы мәлiметтер:

Ұйымның атауы

Өткiзілген күнi және орны

Сертификат нөмірi

1.


 


 


 

кандидаттың барлық еңбек қызметiндегi атқарған лауазымдары туралы;
осы ұйымның мекенжайы және байланыс телефоны көрсетiлген, осы мәліметтерді берген күнi кандидат басқа ұйымдарда атқарған лауазымдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.

Жұмыс кезеңi (күнi, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртiптiк жазасының болуы

Қызметтен шығу, босатылу себептерi


 


 


 


 


 


 

7. Қолда бар жарияланымдары, ғылыми әзiрленiмдері және басқа да жетiстiктерi:
 (иә/жоқ, бар болған жағдайда күнiн, басылымдарды көрсету) 
______________________________________________________________
8. Кандидаттың бұрын банкрот деп танылған не лицензиясынан айыру, ерiксiз тарату, консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылданған қаржы ұйымының басшы қызметкерi болғаны туралы мәлiметтер:
  (иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсiн)
9. Кандидат арнайы экономикалық аймақта жұмыс істеп жатқан қатысушыларға қатынасы бойынша афилиирленген адам болып табылатын-табылмайтын туралы мәлімет
Осы ақпаратты мен тексердiм және оның толық әрі дұрыс болып табылатындығын растаймын.
Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) 
____________________________ 
(баспа әрiптерiмен)
Мен __________________________________________________________ 
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидаларымен бекітілген талаптарға, сондай-ақ оның талаптарына сәйкес келетінімді растаймын
Арнайы экономикалық аймақтардың
 басқарушы компанияларын басқару 
үшін адамдарды конкурстық ​іріктеуді
 жүргізу қағидаларына 2-қосымша 
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының атауы

Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Құжаттарды тапсырған күні

Кандидаттың қолы

1.


 


 


 

1
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрі
міндетін атқарушының
2019 жылғы 6 тамыздағы
​ № 621 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидалары
1. Осы Мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылдың 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 18)-тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
2. Атқарушы органның басшысы ретінде адамды не мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бастамасы бойынша құрылған басқарушы компанияның атқарушы органы функциясын жеке дара орындайтын адамды сайлау «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) индустриялық аймақ – жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы қызмет объектілерін орналастыру және пайдалану үшін берілетін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ;
2) мемлекеттік индустриялық аймақтар – республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтар, сондай-ақ шағын индустриялық аймақтар;
3) индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы – индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Заңға сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;
4) конкурсқа қатысушылар - басқарушы компанияларды басқару үшін адамдарды іріктеу конкурсына қатысуға өтініш берген жеке тұлғалар;
5) Бірыңғай үйлестіру орталығы - арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
4. Басқарушы компанияларды басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу шағын индустриялық аймақтар үшін қажет емес.
5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік индустриялық аймақты құру туралы шешімі өз күшіне енгеннен кейін жергілікті атқарушы органмен мемлекеттік индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын құру және (немесе) қатысу туралы шешім қабылданады.
6. Республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды іріктеу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен жергілікті атқарушы органының мемлекеттік индустриялық аймақты құру туралы шешімін қабылдаған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте республикалық маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды іріктеу уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды іріктеуге арналған конкурстық комиссияны (бұдан әрі – Конкурстық комиссия) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесе отырып құрады.
8. Басқарушы компанияның атқарушы орган функциясын жеке дара атқаратын адаммен немесе атқарушы орган басшысымен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда, басқарушы компанияларды басқару үшін адамдарды іріктеу арналған тұлғаны іріктеу конкурсы еңбек қатынастары тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесіп өткізеді.
2-тарау. Мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуден жүргізу тәртібі
9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамды іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы, сондай-ақ осы Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес қатысушылар конкурсқа қатысуға өтініш беретін күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзім туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында орналыстырады.
10. Мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеу рәсімі мынадай екі кезеңнен тұрады:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының конкурсқа қатысуға өтінішдерді Арнайы экономикалық және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарауы;
Конкурстық комиссияның конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қарауы және олармен әңгімелесу жүргізуі, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқарудың атқарушы органына сайлау үшін ұсынылған адамдарды айқындау жүзеге асырылады.
11. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды іріктеу конкурсына қатысу үшін конкурс қатысушылары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) электронды және қағаз тасығыштарда осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;
3) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес конкурсқа қатысушының еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) жоғарғы оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломның, сондай-ақ магистрлық немесе докторлық бағдарламаларды аяқтағандығы туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса);
5) сертификаттардың және басқа да наградалардың көшірмелері (бар болса);
8) құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде мемлекеттік немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі.
Сондай-ақ, қатысушы Арнайы экономикалық және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере алады.
Конкурсқа қатысушы осы тармақта қарастырылған тізімге сәйкес, әрекет ету мерзімі өтіп кеткен және (немесе) құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, уәкілетті орган өтінішті қабылдап алудан бас тартады.
Өтінішті қайтару конкурсқа қатысушымен жіберілген кемшіліктерді жойғаннан кейін конкурсты өткізу туралы хабарландыруда белгіленген мерзім шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына өтінішімен қайта жүгіну құқығынан айырмайды.
12. Конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысуға өтініш берген кезде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
1) өтініш берілген күні оны өтінішдерді осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу журналында тіркейді;
2) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын, олардың осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді.
13. Конкурсқа қатысушы ұсынған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен құжатты қабылдаған күні туралы белгі сала отырып, өтініш берушіге жіберіледі (табысталады).
14. Өтініш пен конкурсқа қатысушы ұсынған құжаттардың Арнайы экономикалық және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкессіздігін және оларда көрсетілген деректердің дұрыстығын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен қарау мерзімі конкурсқа қатысуға өтінішдерді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайды.
15. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың Арнайы экономикалық және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау қорытындысы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы айқындаған конкурстың екінші кезеңінде қатысуға жіберілген қатысушылар тізімін конкурсқа қатысуға өтініш қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бекітеді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында жарияланады.
16. Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында конкурстың екінші кезеңіне өткен қатысушылар тізімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Конкурстық комиссияның қарауына одан әрі шығару үшін мемлекеттік органға еркін нысандағы конкурстық ұсыныстарды ұсынады, ол мыналарды қамтиды:
1) мемлекеттік индустриялық аймақтар қызметінің мамандану бейіні ескерілген жұмыс тәжірибесі жазылған анықтама;
2) мемлекеттік индустриялық аймақтардың даму стратегиясының пайымдауы;
3) мемлекеттік индустриялық аймақтардың даму тетігі және/немесе схемасы;
4) мемлекеттік индустриялық аймақтарға инвесторларды тарту тәсілдері;
5) күтілетін нәтижелер (сапалық және сандық көрсеткіштер);
6) мемлекеттің, басқарушы компанияның және мемлекеттік индустриялық аймақтар қатысушыларының мүдделерін ескере отырып, басқару шешімдерін қабылдау және қолдануы жоспарланған әзірлеу әдістері.
17. Конкурстық комиссия әңгімелесу жүргізеді және конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынылған конкурстық ұсыныстарды қарайды.
Конкурстық комиссия өткен конкурстың қорытындысы бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
2) жарияланған бос лауазымға тағайындаудан бас тартылсын.
18. Қатысушылармен конкурстың қорытындысы хаттама түрінде ресімделеді, және техникалық жазба (аудио және (немесе) бейне) құралдарын қолдануы белгіленеді.
Қатысушылармен конкурстың хаттамасына Конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
Конкурстық комиссияның техникалық жазба құралдарын қолдануы туралы Конкурстық комиссия отырысының хаттамасында белгі қойылады.
Техникалық жазба құралдарының көмегімен Конкурстық комиссия отырысы барысында тіркелген материалдар конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде 1 жыл облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органда сақталады.
Конкурсқа қатысушы Конкурстық комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алады.
Дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
19. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушылар конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде қатыса алады.
Конкурстық комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Әңгімелесу процесінде байқаушылар кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушылардың Конкурстық комиссия жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жария етуіне, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.
Бақылаушылар қатысқан жағдайда, олардың пікірі Конкурстық комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.
20. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды іріктеуге арналған конкурстық комиссияның шешімі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен уәкілетті органға жіберіледі.
Уәкілетті орган Конкурстық комиссияның шешімін алған уақыттан бастап үш күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына Конкурстық комиссия шешімінің келісілгені туралы немесе келісілмегені туралы хабарлайды.
Уәкілетті орган конкурсқа қатысушының Арнайы экономикалық және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда Конкурстық комиссияның шешімімен келіседі.
1) конкурсты өткізу және ұйымдастыру кезінде бұзушылықтар анықталған;
2) конкурсқа қатысушының Арнайы экономикалық және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі жағдайларында келіспейді.
21. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы Конкурстық комиссия шешімінің уәкілетті органмен келісілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында конкурс нәтижелері туралы хабарлайды.
22. Конкурсқа қатысушы Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, оған сот тәртібінде шағымдануға болады.
23. Акционерлік қоғамдар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз болып танылған конкурсқа қатысушы атқарушы органның басшысы немесе мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компаниялары атқарушы органының функцияларын жеке дара орындаушы адам ретінде сайлауға ұсынылады.
24. Конкурсқа қатысуға басқарушы компанияны басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келетін екі адамнан кем қатысқан жағдайда, Конкурс өткізілмеген болып танылады.
25. Конкурс өткізілмеген болып танылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы конкурс өткізілмеді деп танылған күннен бастап екі айдан кешіктермей конкурсты қайта өткізу туралы хабарлайды.
1
Мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы
 компанияларын басқару үшін
 адамдарды конкурстық
​ іріктеуді жүргізу қағидаларына
1-қосымша
 ___________________________________________________________________ 
(кандидаттың тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) көрсетіледі)
 ____________________________________________________________________ 
(Басқарушы компанияның атауы)

Туған күнi және орны


 

Азаматтығы


 

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен деректерi


 

Оқу орнының атауы

Түскен уақыты - бiтiрген уақыты

Мамандығы

Бiлiмi туралы дипломның нөмірi, бiлiктiлiгi

Оқу орны орналасқан жер

1.


 


 


 


 


 

3. Ерi (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлi-қарындасы, балалары) және жекжаттары (ерiнiң (зайыбының) ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлi-қарындасы, балалары) туралы мәлiметтер:

Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1.


 


 


 


 

4. Кандидаттың заңды адамдардың жарғылық капиталына қатысуы және акцияларын иеленуi туралы мәлiметтер:

Заңды адамның атауы және орналасқан жерi

Заңды тұлға қызметiнiң жарғылық түрi

Жарғылық капиталдағы қатысу үлесi немесе кандидатқа тиесiлi акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.


 


 


 

5. Соңғы үш жылдағы бiлiктiлiгін арттыру жөнiндегi семинарлардан, курстардан өткені туралы мәлiметтер:

Ұйымның атауы

Өткiзілген күнi және орны

Сертификат нөмірi

1.


 


 


 

кандидаттың барлық еңбек қызметiндегi атқарған лауазымдары туралы;
осы ұйымның мекенжайы және байланыс телефоны көрсетiлген, осы мәліметтерді берген күнi кандидат басқа ұйымдарда атқарған лауазымдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.

Жұмыс кезеңi (күнi, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртiптiк жазасының болуы

Қызметтен шығу, босатылу себептерi


 


 


 


 


 


 

7. Қолда бар жарияланымдары, ғылыми әзiрленiмдері және басқа да жетiстiктерi:
 (иә/жоқ, бар болған жағдайда күнiн, басылымдарды көрсету) 
_________________________________________________________________
8. Кандидаттың бұрын банкрот деп танылған не лицензиясынан айыру, ерiксiз тарату, консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылданған қаржы ұйымының басшы қызметкерi болғаны туралы мәлiметтер:
  (иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсiн)
9. Кандидат мемлекеттік индустриялық аймақта жұмыс істеп жатқан қатысушыларға қатынасы бойынша афилиирленген адам болып табылатын-табылмайтын туралы мәлімет
Осы ақпаратты мен тексердiм және оның толық әрі дұрыс болып табылатындығын растаймын.
 Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) 
____________________________ 
(баспа әрiптерiмен)
Мен _____________________________________________________________ 
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық 
iрiктеуді жүргiзу қағидаларымен бекітілген талаптарға, сондай-ақ оның талаптарына сәйкес келетінімді растаймын
1
Мемлекеттік индустриялық
аймақтардың басқарушы компанияларын
 басқару үшін адамдарды 
конкурстық іріктеуді 
​жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Мемлекеттік индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының атауы

Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Құжаттарды тапсырған күні

Кандидаттың қолы

1.


 


 


 

1
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрі
міндетін атқарушының
2019 жылғы 6 тамыздағы
​ № 621 бұйрығына
3-қосымша
Арнайы экономикалық және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптары
1. Конкурсқа қатысуға келесідей біліктілік талаптарына сай келетін жеке тұлғалар жіберіледі:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 341 Бұйрығына сәйкес (06.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жоғары білімі бар. Тең жағдайларда артықшылық Басқарушы компанияның негізгі қызметіне және арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың салалық бағытына (экономика, қаржы, басқару (менеджмент) саласындағы және арнайы экономикалық аймақтың салалық бағытына сәйкес келетін басқа салаларда (магистр, ғылым кандидаты/докторы, PhD дәрежесі) сай келетін салаларда қосымша білімі бар үміткерлерге беріледі;
2) негізгі қызмет түрі экономика және (немесе) өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғалардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 10 (он) жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл; не арнайы экономикалық және (немесе) мемлекеттік индустриялық аймақтарды басқарушы компаниясында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 1 (бір) жыл.
2. Конкурсқа қатысуға мынадай жеке адамдар жіберілмейді:
1) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамамен расталған соттылығы бар адамдар;
2) оны мәжбүреп тарату туралы немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын директорлар кеңесінің бірінші басшылары, басқарманың бірінші басшылары (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асырған адамдар) және олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлері, акционерлік қоғамның орналастырылған (дауыс беретін) акцияларының жалпы санының он және одан артық пайызы мөлшеріндегі акцияларды иеленуші, пайдаланушы, билік етуші акционер болғандар;
3) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қазіргі қатысушыларына қатынасы бойынша афилиирленген адамдар болып табылатындар.