Toggle Dropdown
2
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамының акцияларын сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 687 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 04.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1
1. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) акциялар пакетінің 100 (бір жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының ұсынысы қабылдансын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 687 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Toggle Dropdown
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
Toggle Dropdown
«Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі
Toggle Dropdown
123-152-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«123-152. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы.».
Toggle Dropdown
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі
Toggle Dropdown
375-9-5-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«375-9-5. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы.».
Toggle Dropdown
1
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)