Toggle Dropdown
5
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығы
Toggle Dropdown
Редакция 15.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі туралы ереже;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Құпия.
Toggle Dropdown
4. Өте құпия.
Toggle Dropdown
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің
2019 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 163 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі туралы ЕРЕЖЕ
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі – Қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентін және Үкіметін, мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыратын және үйлестіретін ведомствосы болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Қызмет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Қызмет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның қазақ тіліндегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
Toggle Dropdown
4. Қызмет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
5. Қызметтің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
6. Қызмет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қызмет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Қызметтің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
8. Заңды тұлғаның орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Toggle Dropdown
9. Қызметтің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
10. Осы Ереже Қызметтің құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Қызметтің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Қызметке кәсіпкерлік субъектілерімен Қызметтің өкілеттіктері болып табылатын міндеттемелерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Қызметке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттік бюджетке жiберiледi.
Toggle Dropdown
2-тарау. Қызметтің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
13. Міндеттері:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентін және Үкіметін, мемлекеттік органдары мен мемелекеттік ұйымдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
4) саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда мемлекет басшылығының саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
Toggle Dropdown
5) барлау ақпаратына қол жеткізу және шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдары, террористік және экстремистік ұйымдар, қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар), сондай-ақ жекелеген адамдар тарапынан Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне нақты және ықтимал нұқсан келтіруді болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттер.
Toggle Dropdown
14. Құқықтары мен міндеттері:
Toggle Dropdown
1) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, әскери құралымдардың қызметтік үй-жайларын, көлік және өзге де техникалық құралдарын, сондай-ақ азаматтардың үй-жайларын, көлік құралдары мен өзге де мүліктерін шарттық негізде пайдалану;
Toggle Dropdown
2) барлау қызметінің міндеттерін шешу үшін мемлекеттік органдардан және меншік нысанына қарамастан ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлерін іссапарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге жіберу;
Toggle Dropdown
4) Қызметтің штаттан тыс жедел қызметкерлері ретінде ерікті негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын тарту;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару, арнайы құралдар мен дене күшін қолдану;
Toggle Dropdown
6) Қызметке жасырын жәрдемдесуге келісім берген адамдармен өтеусіз не ақылы негізде жария емес ынтымақтастық орнату;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың ақпараттық жүйелері мен электронды ақпараттық ресурстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану;
Toggle Dropdown
8) белгіленген тәртіппен ақпараттық жүйелер мен электронды ақпараттық ресурстарды, арнайы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпаратты техникалық арналар арқылы тарап кетуден қорғау құралдарын, олардың бағдарламалық қамтылымын, қару-жарақ пен құрал-жабдық сатып алу, пайдалану, шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу бойынша ұсыныстар енгізу;
Toggle Dropdown
10) ҰҚК Төрағасына барлау қызметін, ұйымдастырушылық-штаттық, кадрлық, материалдық-техникалық және басқа да қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныс енгізу;
Toggle Dropdown
11) Қызмет іс-қимылының негізгі бағыттарына сәйкес басқа мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде жұмыс істейтін түрлі білім салаларының ғылыми жұмыскерлері мен мамандарын тарта отырып, сараптамалық топтар құру;
Toggle Dropdown
12) барлаудың бүркемелеу құрылымдарын, астыртын әрекет ететін объектілерді құру және пайдалану, оларда жұмыс істеу үшін қолданыстағы резерв қызметкерлерін, штаттық жасырын қызметкерлерді айқындау;
Toggle Dropdown
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлау қызметі материалдарына олардан құпиялылық белгісі алынғанға дейін қолжеткізуді шектеу;