• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі Заң, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерде 2019 жылғы 05 шілдеде ресми жарияланған):
51-баптың 1)-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа 8)-тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алу саласындағы заңнамаларына сәйкес есеп айырысу операцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың және электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі операторының банк шоттарындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.»;
2. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі Заң, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерде 2019 жылғы 05 шілдеде ресми жарияланған):
62-баптың 3)-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа 10)-тармақшамен толықтырылсын:
«10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алу саласындағы заңнамарына сәйкес есеп айырысу операцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың және электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі операторының банк шоттарындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.»;
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 8 қаңтардағы Заң, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерде 2019 жылғы 10 қаңтарда ресми жарияланған ):
1) 207-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1-бөлікпен толықтырылсын:
«7-1. Әлеуетті өнім берушінің өтінімін конкурсқа (аукционға) қатысуға заңсыз жіберу, – лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
10-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тапсырыс берушінің:  
1) әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген;
2) өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындамаған;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамаған жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі, сол сияқты соттың заңды күшіне енген шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп танылған және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер туралы мәліметтерді оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін жібермеу немесе уақтылы жібермеу – лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
Ескертпелердің 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7) 7-1-бөлікте конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын, конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін, сондай-ақ осы конкурс (аукцион) бойынша камералдық бақылауды жүзеге асырған тұлғаны түсінген жөн.»;
2) 802-бап мынадай мазмұндағы 4-1)-тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалуын тіркейтін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы алынған айғақтар (деректер) себептер болып табылады;».
4. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-II, 129-құжат; 2018 ж., № 2, 5-құжат; № 22, 82-құжат, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі Заң, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерде 2019 жылғы 05 шілдеде ресми жарияланған):
1) 11-1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1-тарау. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебіне немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебіне, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына қарсылықтарды қарау және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі.»;
2) 58-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебіне немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебіне, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына қарсылықтарды (бұдан әрі - қарсылық), ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауды (шағым) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссия қарайды.»;
3) 58-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«58-2-бап. Қарсылық, шағым беру тәртібі мен мерзімдері
1. Мемлекеттік аудит объектісінің қарсылығы:
1) қол қойылған аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде апелляциялық комиссияға беріледі.
1-1. Әлеуетті өнім берушінің шағымы апелляциялық комиссияға ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекітетін камералдық бақылау жүргізу қағидалары мен апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалған мерзімдерде және тәртіппен беріледі.
2. Беру тәсіліне қарай, қарсылықты, шағымды апелляциялық комиссияға берген күн:  
1) келу тәртібімен – ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қарсылықты алған күн;
2) пошта арқылы – пошта немесе өзге байланыс ұйымы қабылдау туралы белгі қойған күн;
3) ақпараттық технологияларды қолдану арқылы – ол электрондық құжат нысанында алынған күн, ал камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтар бойынша – ол мемлекеттік сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы алынған күн болып табылады.
3. Қарсылықтың, шағымның нысаны мен мазмұны:
1) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында;
2) камералдық бақылау қағидаларында;
3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекітетін апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалады.»;
4) 58-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«58-3-бап. Қарсылықты, шағымды қараудан бас тарту
1. Қарсылық осы Заңның 58-2-бабында белгіленген мерзім өткен соң берілген жағдайда, апелляциялық комиссия қарсылықты қараудан бас тартады.
1-1. Апелляциялық комиссия нысаны мен мазмұны ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекітетін камералдық бақылау жүргізу қағидаларында және апелляциялық комиссия туралы ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін шағымды қараудан бас тартады.
2. Қарсылықты, шағымды қараудан бас тартқан жағдайда, апелляциялық комиссия қарсылық келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне жазбаша нысанда хабарлайды.»;
5) 58-6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«58-6-бап. Шағымды қарау тәртібі мен мерзімдері