«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 қазанда № 19424 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) қағидаларға сәйкес Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін осы медициналық ұйымға бекітілуінің болмауы.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) сәйкес Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін осы медициналық ұйымға бекітілуінің болмауы.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭҚҚ) қол қойылған электрондық құжат форматында бекіту туралы хабарлама (талон).»;
«9-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын жердегі емханаға бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын тұлғаларды қоспағанда, қызметті алушының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) тыс нақты (тұрақты немесе уақытша) тұруын белгілеу;
3) балалар бекітілген жағдайда заңды өкілдігін растайтын құжаттың болмауы.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.»;
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
1) зерттеп-қараудың теріс нәтижесі жағдайында – 3 (үш) жұмыс күні, ауылдық жерлер үшін 5 (бес) жұмыс күні;
зерттеп-қараудың оң нәтижесінде - 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут.»;
«6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз түрінде:
1) адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерге (АИТВ 1, 2) және р24 антиденелерге зерттеп-қарау нәтижесі;
2) АИТВ инфекциясының антиденесін зерттеп-қарау туралы анықтама -сертификат (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу мақсатында талап ету бойынша) «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) және «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 508 бұйрығына сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11803 болып тіркелген) жүргізіледі.
Анықтама оны берген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды.
«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін медициналық ұйымдар «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 201/е нысан бойынша жолдама береді.
18 жасқа дейінгі тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайда нәтижесі оның ата-анасына немесе заңды өкіліне беріледі.»;
«7. Мемлекеттік қызмет мына адамдарға тегін көрсетіледі:
Қазақстан Республикасы азаматтары мен оралмандарына;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;
«Медициналық қызметтер көрсету тәртібі бөлігінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді іске асыру тетігі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Хаттамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттары үшін.
Осы тармақта көрсетілмеген адамдарға, мемлекеттік қызметті ақылы шартта көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету құнын көрсетілетін қызметті беруші «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес айқындайды және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында не көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылады.
Төлем қолма-қол төлеу, банктік карта немесе көрсетілетін қызметті беруші ұйымының шотына аудару арқылы жүргізіледі.»;
«9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті құпия медициналық зерттеп-қарау, АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қызметін алған кезде-жеке басын куәландыратын құжат.
2) АИТВ-инфекциясының бар-жоғына анонимді медициналық зерттеп-қарау қызметін алған кезде құжаттар талап етілмейді, тұтынушыға жеке код беріледі.»;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |