«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 155-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № ҚР ДСМ-133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 қазанда № 19441 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-264/2020 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 155-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген, 2010 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының № 3 нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидалары мен кезеңділігі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі К.Т. Надыровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануы тиіс.
Министр Е. Биртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № ҚР ДСМ-133 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына 1-қосымша
Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтары
р/с № |
Нысаналы топ |
Профилактикалық медициналық қарап тексеру түрі |
1 |
18 жасқа дейінгі балалар |
Ауруды ерте айқындауға |
2 |
30-70 жастағы артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, онкологиялық патология бойынша скринингтен өтетін әйелдер мен ерлер |
Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға |
3 |
Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 30-70 жастағы әйелдер |
Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған |
4 |
Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер |
Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық қарап-тексеру |
5 |
Глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер |
Глаукоманы ерте анықтауға |
6 |
Сүт безінің қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы әйелдер |
Сүт безінің обырын ерте анықтауға |
7 |
Жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер |
Колоректалдық обырды ерте анықтауға |
8 |
Қауіп топтары: 1) медицина қызметкерлері: - қанды өңдеуге қатысатын инвазивті ем-шараларды жүргізетін, гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары; -хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін; -клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар; 2) жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар; 3) гемодиализ, гематология, онкология, транспланттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері; 4) гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды транспланттау және ауыстырып қондыруды алатын пациенттер; 5) Жүкті әйелдер; 6) Инъекциялық есірткіні қолданатын адамдар, ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер, секс қызметкерлері |
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № ҚР ДСМ-133 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына 2-қосымша
Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидалары мен кезеңділігі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу қағидалары мен кезеңділігі (бұдан әрі – Қағидалар) халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу тәртібін және кезеңділігін айқындайды.
2. Осы бұйрықта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) Бетесда терминологиялық жүйесі – цитологиялық зерттеу нәтижесін стандарттау;
2) динамикалық байқау - пациенттің денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
3) Медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) — медициналық ұйымдардың бизнес-процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе ;
4) жүрек-қантамырының жалпы қаупін бағалау шкаласы – жақын 10 жылда жүрек-қантамыр ауруларының өлім қаупін бағалау шкаласы (бұдан әрі – SCORE шкаласы);
5) Кетле индексі – ағзаның дене дамуының үйлесімділігін бағалау көрсеткіші, дененің салмағының бойдың ұзындығына қатынасы;
6) сүт безін сәулелік зерттеудің нәтижелер талдау және хаттамалау жүйесінің жіктеуі – маммографиялық зерттеулерді стандарттау (бұдан әрі - ВI-RADS жіктеуі);
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі-МӘМС) пакеттері бойынша бөле отырып, профилактикалық медициналық қарап-қарап-тексеруге жататын 18 жасқа дейінгі балалардың және ересек халықтың нысаналы топтары үшін зерттеулер тізбесі жүргізіледі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес осы қызметтің түріне лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілер осы Қағидаларға 1,2-қосымшаларға сәйкес жүргізеді.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары:
1) осы Қағидаларға сәйкес халықтың нысаналы топтарына жыл сайын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізуді;
2) МАЖ профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткені туралы деректерді енгізу;
3) профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізудің мониторингі және талдау.
5. Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді динамикалық бақылаумен (бұдан әрі – ДБ) және сауықтырумен МСАК ұйымдары жүзеге асырады:
1) қала халқы үшін –меншік нысанына қарамастан МСАК ұйымдары;
2) ауыл халқы үшін – медициналық пункттер, фельдшерлік-акушериялық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, арнайы автокөлік пен темір жол көлігі базасындағы жылжымалы медициналық кешендерді (пойыз) пайдаланумен аудандық емханалар.
6. МСАК ұйымдары:
1) медициналық ұйымға тіркелген халық санынан профилактикалық медициналық қарап-қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы тобын қалыптастырады;
2) осы қарап-тексерулер жүргізу үшін бейінді медициналық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз етеді;
3) халықты профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өту қажеттілігі туралы ақпараттандырады;
4) МАЖ профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткені туралы деректерді енгізеді;
5) өткізілетін профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге ай сайын талдау жүргізеді;
7. Осы профилактикалық қарап-тексерулер өткізілетін ауруларының бейіні бойынша ДБ тұрған адамдар профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жатпайды.
8. Қосымша диагностикалық зерттеулер мен бейінді мамандардың қарап-тексерулері көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.
9. МСАК ұйымының орта медициналық персоналы немесе МСАК ұйымының жауапты адамы жүргізілген профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша профилактикалық қарап-тексеруден өткен және толық қарап-тексеруге жіберілген нысаналы топтағы пациенттердің зерттеп-қарауға шақырылғандардың тізімін салыстырады. Жолдама МАЖ енгізіледі және ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы беріледі.
2-тарау. Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу тәртібі
1-параграф. 18 жасқа дейінгі балаларға профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу тәртібі
10. Мектепке дейінгі мекемелерге баратын жастағы балаларды, мектеп оқушыларын, орта-арнайы және жоғары оқу орындарының 18 жасқа дейінгі оқушылары мен студенттерін профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді аумақтық МСАК ұйымдарының мамандары білім беру ұйымдарының аумағына шыға отырып жүргізеді.
11. Мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын мектепке дейінгі жастағы балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулер бекітілген жері бойынша МСАК ұйымдарында жүргізіледі.
12. 18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу дайындық сатысын, скрининг және қорытынды сатыны қамтиды.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |