• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Документ вводится в действие с 01.01.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № ҚР ДСМ-133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 қазанда № 19441 болып тіркелді

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 155-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген, 2010 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының № 3 нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидалары мен кезеңділігі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі К.Т. Надыровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануы тиіс.
Министр Е. Биртанов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
 2019 жылғы 3 қазандағы
​ № ҚР ДСМ-133 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 10 қарашадағы
№ 685 бұйрығына
1-қосымша
Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтары  

р/с №

Ны­са­на­лы топ

Про­фи­лак­ти­ка­лық ме­ди­ци­на­лық қа­рап тек­се­ру тү­рі

1

18 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар

Ау­ру­ды ер­те ай­қын­да­у­ға

2

30-70 жас­та­ғы ар­те­ри­я­лық ги­пер­то­ния, жү­рек­тің ише­ми­я­лық ау­руы, қант диа­бе­ті, гла­у­ко­ма, он­ко­ло­ги­я­лық па­то­ло­гия бой­ын­ша скри­нинг­тен өте­тін әй­ел­дер мен ер­лер

Мі­нез-құлық қа­уіп фак­тор­ла­рын ер­те анық­та­у­ға

3

Жа­тыр мой­ны­ның қа­тер­лі іс­ік­те­рі­мен ди­на­ми­ка­лық ба­қы­ла­уда тұр­май­тын 30-70 жас­та­ғы әй­ел­дер

Жа­тыр мой­ны обы­рын ер­те анық­та­у­ға ар­нал­ған

4

Ар­те­ри­я­лық ги­пер­то­ни­я­мен, жү­рек­тің ише­ми­я­лық ау­руы­мен және қант диа­бе­ті­мен ди­на­ми­ка­лық ба­қы­ла­уда тұр­май­тын 40-70 жас­та­ғы ер­лер мен әй­ел­дер

Ар­те­ри­я­лық ги­пер­то­ни­я­ны, жү­рек­тің ише­ми­я­лық ау­руын және қант диа­бе­тін ер­те анық­та­у­ға ар­нал­ған про­фи­лак­ти­ка­лық ме­ди­ци­на­лық қа­рап-тек­се­ру

5

Гла­у­ко­ма­мен ди­на­ми­ка­лық ба­қы­ла­уда тұр­май­тын 40-70 жас­та­ғы ер­лер мен әй­ел­дер

Гла­у­ко­ма­ны ер­те анық­та­у­ға

6

Сүт бе­зі­нің қа­тер­лі іс­і­гі­мен ди­на­ми­ка­лық ба­қы­ла­уда тұр­май­тын 40-70 жас­та­ғы әй­ел­дер

Сүт бе­зі­нің обы­рын ер­те анық­та­у­ға

7

Жу­ан ішек­тің қа­тер­сіз және қа­тер­лі іс­і­гі­мен ди­на­ми­ка­лық ба­қы­ла­уда тұр­май­тын 50-70 жас­та­ғы ер­лер мен әй­ел­дер

Ко­ло­рек­тал­дық обыр­ды ер­те анық­та­у­ға

8

Қа­уіп топ­та­ры:

1) ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі:

- қан­ды өң­де­у­ге қа­ты­са­тын ин­ва­зив­ті ем-ша­ра­лар­ды жүр­гі­зе­тін, ге­мо­ди­а­лиз­бен ай­на­лы­са­тын қан қыз­ме­ті ұй­ым­да­ры;

-хи­рур­ги­я­лық, сто­ма­то­ло­ги­я­лық, ги­не­ко­ло­ги­я­лық, аку­шер­лік, ге­ма­то­ло­ги­я­лық бей­ін­дер, сон­дай-ақ ди­а­гно­сти­ка мен ем­де­удің ин­ва­зив­ті әді­сте­рін жүр­гі­зе­тін;

-кли­ни­ка­лық, им­му­но­ло­ги­я­лық, ви­ру­со­ло­ги­я­лық, бак­те­рио­ло­ги­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­ха­на­лар;

2) жос­пар­лы және шұ­ғыл опе­ра­ци­я­лық ара­ла­су­лар­ға тү­се­тін адам­дар;

3) ге­мо­ди­а­лиз, ге­ма­то­ло­гия, он­ко­ло­гия, транс­плант­тау, жү­рек-та­мыр және өк­пе хи­рур­ги­я­сы ор­та­лық­та­ры мен бө­лім­ше­ле­рі­нің па­ци­ент­те­рі;

4) ге­мот­ранс­фу­зия, ағ­за­лар­ды (ағ­за­лар­дың бө­лік­те­рін), тін­дер­ді, жы­ны­стық, фе­тал­дық, дің жа­су­ша­ла­рын және био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дар­ды транс­плант­тау және ауы­сты­рып қон­ды­ру­ды ала­тын па­ци­ент­тер;

5) Жүк­ті әй­ел­дер;

6) Инъ­ек­ци­я­лық есірт­кі­ні қол­да­на­тын адам­дар, ер­лер­мен жы­ны­стық қа­ты­нас жа­сай­тын ер­лер, секс қыз­мет­кер­ле­рі

В және С ви­ру­стық ге­па­тит­те­рін ер­те анық­та­у­ға

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 3 қазандағы
​ № ҚР ДСМ-133 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 10 қарашадағы
№ 685 бұйрығына
2-қосымша
Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидалары мен кезеңділігі  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу қағидалары мен кезеңділігі (бұдан әрі – Қағидалар) халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу тәртібін және кезеңділігін айқындайды.
2. Осы бұйрықта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) Бетесда терминологиялық жүйесі – цитологиялық зерттеу нәтижесін стандарттау;
2) динамикалық байқау - пациенттің денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
3) Медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) — медициналық ұйымдардың бизнес-процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе ;
4) жүрек-қантамырының жалпы қаупін бағалау шкаласы – жақын 10 жылда жүрек-қантамыр ауруларының өлім қаупін бағалау шкаласы (бұдан әрі – SCORE шкаласы);
5) Кетле индексі – ағзаның дене дамуының үйлесімділігін бағалау көрсеткіші, дененің салмағының бойдың ұзындығына қатынасы;
6) сүт безін сәулелік зерттеудің нәтижелер талдау және хаттамалау жүйесінің жіктеуі – маммографиялық зерттеулерді стандарттау (бұдан әрі - ВI-RADS жіктеуі);
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі-МӘМС) пакеттері бойынша бөле отырып, профилактикалық медициналық қарап-қарап-тексеруге жататын 18 жасқа дейінгі балалардың және ересек халықтың нысаналы топтары үшін зерттеулер тізбесі жүргізіледі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес осы қызметтің түріне лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілер осы Қағидаларға 1,2-қосымшаларға сәйкес жүргізеді.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары:
1) осы Қағидаларға сәйкес халықтың нысаналы топтарына жыл сайын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізуді;
2) МАЖ профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткені туралы деректерді енгізу;
3) профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізудің мониторингі және талдау.
5. Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді динамикалық бақылаумен (бұдан әрі – ДБ) және сауықтырумен МСАК ұйымдары жүзеге асырады:
1) қала халқы үшін –меншік нысанына қарамастан МСАК ұйымдары;
2) ауыл халқы үшін – медициналық пункттер, фельдшерлік-акушериялық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, арнайы автокөлік пен темір жол көлігі базасындағы жылжымалы медициналық кешендерді (пойыз) пайдаланумен аудандық емханалар.
6. МСАК ұйымдары:
1) медициналық ұйымға тіркелген халық санынан профилактикалық медициналық қарап-қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы тобын қалыптастырады;
2) осы қарап-тексерулер жүргізу үшін бейінді медициналық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз етеді;
3) халықты профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өту қажеттілігі туралы ақпараттандырады;
4) МАЖ профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткені туралы деректерді енгізеді;
5) өткізілетін профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге ай сайын талдау жүргізеді;
7. Осы профилактикалық қарап-тексерулер өткізілетін ауруларының бейіні бойынша ДБ тұрған адамдар профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жатпайды.
8. Қосымша диагностикалық зерттеулер мен бейінді мамандардың қарап-тексерулері көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.
9. МСАК ұйымының орта медициналық персоналы немесе МСАК ұйымының жауапты адамы жүргізілген профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша профилактикалық қарап-тексеруден өткен және толық қарап-тексеруге жіберілген нысаналы топтағы пациенттердің зерттеп-қарауға шақырылғандардың тізімін салыстырады. Жолдама МАЖ енгізіледі және ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы беріледі.
2-тарау. Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу тәртібі
1-параграф. 18 жасқа дейінгі балаларға профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу тәртібі
10. Мектепке дейінгі мекемелерге баратын жастағы балаларды, мектеп оқушыларын, орта-арнайы және жоғары оқу орындарының 18 жасқа дейінгі оқушылары мен студенттерін профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді аумақтық МСАК ұйымдарының мамандары білім беру ұйымдарының аумағына шыға отырып жүргізеді.
11. Мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын мектепке дейінгі жастағы балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулер бекітілген жері бойынша МСАК ұйымдарында жүргізіледі.
12. 18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу дайындық сатысын, скрининг және қорытынды сатыны қамтиды.