• Мое избранное
«Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 25.03.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 746 қаулысы

Осы Қаулы 2022 жылғы 25 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.03.2022 жылғы № 150 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 451-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 9 қазандағы
​ № 746  қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 7 қарашадағы
№ 1063 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде (бұдан әрі – ұлттық парктер) туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары (бұдан әрі – бас жоспар) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеменің құрамдас бөлігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақты және оның инфрақұрылымын жоспарлау жобасы;
2) туристiк маршрут (бұдан әрi – маршрут) – туристiң танымдық, спорттық, эстетикалық не өзге де мақсаттарда өтуі, қарауы үшiн (саяхат барысында) белгiленген барлық географиялық пункттердің, болу объектiлерiнiң тiзбесiн білдіретін жүру жолы;
3) туристiк соқпақ – жаяу, велосипедпен немесе атпен (салт атпен) жүруге арналған ұзыннан-ұзақ жер учаскесi;
4) құрылыс объектілері – салынуы бас жоспарда көзделген туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер.
2. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру тәртібі
3. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызмет туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында рекреациялық жүктеме нормаларын ескере отырып, рекреациялық орталықтарды, қонақ үйлерді, кемпингтерді, музейлерді және туристерге қызмет көрсететін басқа да объектілерді пайдалану, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу, бивак аялдамалары мен тамашалау алаңдарын құру арқылы жүзеге асырылады.
4. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызметті туристік операторлық қызметке лицензиясы болған жағдайда ұлттық парк тікелей, сондай-ақ туристік қызметтер ұсынатын жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.  
Ұлттық парктер аумағында демалушы туристер үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес сервитут белгіленеді.
5. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парктердің учаскелері (бұдан әрі – учаскелер) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 29-бабында белгілеген шектеулермен жеке және заңды тұлғаларға қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға және бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға беріледі.
Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскелер бас жоспарға сәйкес әрі қолданыстағы инфрақұрылымымен де, сол сияқты жаңа инфрақұрылым құру үшін де туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана пайдалануға беріледі.
Ұлттық парктер аумағындағы автокөлік құралдарына арналған жолдар мен тұрақтар, туристік соқпақтар, маршруттар орналасқан учаскелер пайдалануға берілмейді.
6. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру кезінде жеке және заңды тұлғалар пайдалануға берілген учаскелерде туристерді қабылдайды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес өзінің жұмыскерлері мен келушілерге арнап ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін міндетті төлемдерді енгізуді қамтамасыз етеді.
7. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парктер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) ресми интернет-ресурсында, ақпараттық панноларда, стенділерде және жарнамалық ақпараттық буклеттерде ұлттық парктердің туристік әлеуеті туралы ақпарат орналастырады.
Сондай-ақ ұлттық парктердің және уәкілетті органның ресми интернет-ресурстарында уәкілетті орган бекіткен көрсетілетiн қызметтер үшiн тарифтер туралы ақпарат орналастырылады. Осындай ақпарат ұлттық парктерге кіреберістегі стенділерде де орналастырылады.
8. Бивак аялдамалары мен тамашалау алаңдарын ұйымдастыру және олардың құрылғыларын пайдалану үшін жеке және заңды тұлғалар ұлттық паркпен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ұлттық парктің учаскесін қысқа мерзімді пайдалану шартын жасасады.
Ұлттық парктердің аумағында объектілерді орналастыруға арналған учаскелер туралы әлеуетті инвесторларды хабардар ету үшін уәкілетті орган мен ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында бас жоспардың үзіндісі орналастырылады.
9. Уәкілетті органның жазбаша хабарламасына сәйкес құрылыс объектілері басқа тұлғаға берілген не шартта өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді пайдалануға берілген учаскені пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың учаскені мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ететін күйге келтіру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау бойынша міндеттемелері сақталады.
10. Туристік соқпақтарды, маршруттарды орналастыруды жобалауды ұлттық парк және (немесе) ұлттық паркпен келісу бойынша туроператорлар жүзеге асырады.
11. Туристік соқпақты, маршрутты жобалау ол өтетін аумаққа зерттеу жүргізуді көздейді және ол:
1) қыстақтардың, бивак аялдамаларының (алаңқайларының), көлiкке арналған тұрақтардың, кемпингтердiң, шатырлы лагерьлердiң, тамашалау алаңдарының, суретке түсiру және қоғамдық тамақтандыру пункттерінің, туристiк мүкәммалдың, құрал-саймандардың және көлiк құралдарының қажеттi мөлшерiнiң есеп-қисабын;
2) туризм бойынша нұсқаушыларға, басқа да қызмет көрсетушi персоналға қажеттiлiктi айқындауды және оларды даярлауды ұйымдастыруды, маршрут сипатталған жарнамалық-ақпараттық материалдар дайындауды;
3) рекреациялық жүктеменiң есеп-қисабын қамтиды.
12. Экспедициялық зерттеу экологиялық және санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сай келетiн, сондай-ақ туризмнiң нақты түрiн дамытудың шынайы мүмкiндiктерiн ескере отырып, табиғи жағдайлары қолайлы аумақтар бойынша жүзеге асырылады.
13. Туристік соқпақты, маршрутты жобалау кезiнде нұсқаушылардың оны қауiпсiз жүрiп өту үшiн қажетті бiлiктiлiгi, оның ұзақтығы, ауданның климаттық, географиялық көрсеткiштерi, тау беткейлерінің еңісі және өзендер ағысының жылдамдығы ескерiледi.
14. Ұлттық парктердегі әрбір туристік соқпақтың, маршруттың уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша паспорттары болады.
3. Ұлттық парктің учаскелерін құрылыс объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға беру тәртібі
15. Ұлттық парктің тендерге қойылатын учаскесін ұзақ мерзімді пайдалануға беру үшін ұлттық парк тендерлік құжаттама дайындайды, ол ұлттық парктің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.
16. Тендерлік құжаттамада:
1) бас жоспарға сәйкес қалыптастырылған тендерге қойылатын лот (лоттар);
2) тендердің өткізілетін уақыты мен орны туралы ақпарат;
3) тендерлік өтінімдер берудің тәсілі, орны және соңғы мерзімі мен олардың қолданылу мерзімі;
4) пайдалану үшін учаске беру шарттары, оның нысаналы мақсаты;
5) жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу және объектілерді салу мерзімі (бұл ретте ЖСҚ әзірлеу мерзімі күнтізбелік бір жылдан, ал объектіні салу мерзімі күнтізбелік үш жылдан аспайтын уақытқа белгіленеді);
6) инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу, құрылыс объектісіне іргелес аумақты абаттандыру, қабат саны, құрылыс кезінде қолданылатын материалдар, құрылыс кезінде жиналатын қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі талаптар;
7) құрылыс салынатын жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті бұзуға байланысты барлық шығындарды Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өтеу жөніндегі талаптар;
8) жер учаскесінің алаңы көрсетіліп, учаске схемасы қоса берілген оны таңдау актісі қамтылады.
17. Тендерлік құжаттаманы бекітудің міндетті шарты тендерлік құжаттаманың жобасын әлеуетті қатысушылардың алдын ала талқылауы болып табылады.
Тендерлік құжаттаманың жобасы тендерді ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында тендер өткізу туралы хабарландыру берілгенге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын орналастырылады. Әлеуетті қатысушылардың тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі күнтізбелік он күнді құрайды.
Тендерлік құжаттама бойынша сұрақтар туындаған кезде тендерге қатысушы тендерлік құжаттама жобасы орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен тендерді ұйымдастырушыға жүгінеді және тендерлік құжаттаманың жобасына ұсыныс енгізеді.
Тендерлік құжаттаманың жобасына ескертулер болмаған жағдайда оны бекіту туралы шешім қабылданады.
Ескертулер болған жағдайда тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) тендерлік құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) тендерлік құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау себептерінің негіздемелерін көрсетіп, оларды қабылдамайды;
3) тендерлік құжаттаманың ережелеріне түсініктеме береді.
Көрсетілген шешімдер қабылданған күннен бастап тендерлік құжаттама бекітілген болып есептеледі.
Тендерді ұйымдастырушы осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ бекітілген тендерлік құжаттаманың мәтінін орналастырады.
Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында тендерлік құжаттаманың жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
18. Ұлттық парк тендер өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн қалғанда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық парк пен уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында алдағы тендер туралы хабарландыру орналастырады.
Тендер өткізу туралы хабарландыруда тендерді ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері, қысқаша сипаттамасымен қоса тендерге қойылатын лоттардың тізбесі, тендерлік құжаттаманы алу орны мен тәсілдері, тендерлік өтінімдерді берудің орны мен соңғы мерзімі, тендерлік комиссия хатшысының байланыс деректері, (оның ішінде) электрондық мекенжайы көрсетіледі.
19. Тендерлік комиссия (бұдан әрі – комиссия) ұлттық парк басшысының бұйрығымен құрылады, оның құрамына ұлттық парктің, жергілікті атқарушы органдардың туризмді дамыту мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшесінің, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті органының, үкіметтік емес ұйымдардың (келісу бойынша), ұлттық парк жанындағы үйлестіру кеңесінің өкілдері кіреді.
Комиссия мүшелерінің саны тақ, кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссияның төрағасы болып ұлттық парктің басшысы немесе оны алмастыратын адам, хатшысы болып ұлттық парктің комиссияның құрамына кірмейтін қызметкері тағайындалады.
20. Тендерлік құжаттаманы алу үшін әлеуетті қатысушы ұлттық паркке лоттарды көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді. Өтініш осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген мекенжайға электрондық хат арқылы жіберілуі мүмкін.
21. Ұлттық парк тендердің әлеуетті қатысушыларын тіркегенге дейін тендерлік құжаттама алған тұлғаларға туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бөлінген учаскелермен танысуға мүмкіндік береді.
22. Тендердің әлеуетті қатысушысы тендерлік құжаттамада белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес тендерлік өтінім дайындайды және оны жабық конвертте ұлттық паркке тіркеуге ұсынады. Тендерлік өтінім тіркелген сәттен бастап тендерлік өтінім берген тұлға тендерге қатысушы мәртебесін алады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының шетел қатыспайтын заңды тұлғаларына тендерге қатысуға рұқсат беріледі.
23. Тендерге қатысушы мынадай құжаттарды (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде) ұсынады:
1) лоттар көрсетілген тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінім;
2) заңды тұлғалар үшін – жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) техникалық ерекшеліктер (ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды және халықаралық немесе ұлттық стандарттарға сілтемелерді, бірыңғай нормалар мен қағидаларды қоса алғанда, ұсынылып отырған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамасы);
4) жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруды және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасауды ескере отырып, мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесі;
5) объектілер салу кезінде көзделетін жұмыстарды орындауға қойылатын талаптарға сәйкес берілген рұқсатнама құжаттарының көшірмелері немесе көшірмелері қоса берілген тиісті рұқсатнама құжаттары бар ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмесі;
6) объектілерді салуға жеткілікті қаржы қаражатының болуы немесе қарыз қаражатына қолжетімділік не тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы құжаттар;
7) құрылыс объектілерінің болжанып отырған эскизі (эскиздік жобасы).
24. Тендерге қатысуды шектейтін және орынсыз қиындататын басқа талаптарды белгілеуге жол берілмейді.
25. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді комиссия хатшысы қатысып отырған адамдарға тендерге қатысушылардың атаулары мен орналасқан жерлерін, олар қатысуды жоспарлап отырған лоттардың атауларын, тендерге ұсынылған құжаттардың тізбесін бір мезгілде хабарлай отырып ашады.
26. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері бойынша конверттер ашылған күні комиссия хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оған комиссияның барлық мүшелері қол қойып, расталған көшірмелер тендерге қатысушыларға беріледі.
27. Тендерлік өтінімдерді бағалауды комиссия конверттер ашылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өткізеді.
28. Басқа үміткерлер болмаған кезде тендердің жалғыз қатысушысы, егер ол осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген талаптарды сақтаса, тендер жеңімпазы болып танылады.
29. Егер тендерге қатысушылардың тендерлік өтінімдерін комиссия тендерлік құжаттаманың шарттарына сай келмейді деп таныса, тендер өткізілмеді деп есептеледі.
30. Тендерге қатысушылардың арасынан оның жеңімпазын таңдау комиссияның отырысында жүргізіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің қатысуы шарт. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі ол үшін дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның кез келген мүшесі комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда ерекше пікірін білдіреді, оны жазбаша түрде баяндап, ұлттық парк учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге арналған тендер қорытындыларының хаттамасына (бұдан әрі – тендер қорытындыларының хаттамасы) қоса береді.
31. Әрбір лот бойынша тендер қорытындыларының хаттамасына комиссияның қатысып отырған барлық мүшелері, хатшысы қол қояды және онда мынадай ақпарат қамтылады:
1) отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің тізімі;
2) өтінім берушінің атауы және оның заңды мекенжайы;
3) ұзақ мерзімді пайдалануға берілетін жер учаскесінің орналасқан жері және алаңы;
4) тендерлік өтінімдерді бағалау;
5) комиссияның шешімі.
32. Ұлттық парк тендер қорытындыларының хаттамасына қол қойылған сәттен бастап тендер жеңімпазына тендер нәтижелері туралы хабарлама жібереді және он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскені ұзақ мерзімді пайдалану шартын (бұдан әрі – шарт) жасайды.
Шарт жасалғаннан кейін тендер жеңімпазы ұлттық парктің учаскесін пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) болып танылады.
33. Тендер жеңімпазының шарт жасасу үшін өзіне хабарлама жіберілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде келмеуі ұлттық парктің учаскесін пайдаланудан бас тарту ретінде қаралады.
Бұл жағдайда комиссия жеңімпазды ұлттық парктің учаскесін ұзақ мерзімді пайдалану бойынша ең қолайлы шарттар ұсынған тендерге қатысушылардың қалғандарының арасынан айқындайды не бұл лот осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен келесі тендерге шығарылады.
34. Тендер нәтижелері мен қорытындыларының хаттамасын ұлттық парк тендер өткізу туралы хабарландыру жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық парк пен уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялайды.
35. Тендерге қатысушы комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда тендер нәтижелеріне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
36. Шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде пайдаланушы эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген ЖСҚ дайындауды жүзеге асырады және оны құрылыстың күнтізбелік жоспарымен бірге ұлттық паркке ұсынады.
ЖСҚ және құрылыстың күнтізбелік жоспары ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұлттық парк ЖСҚ-ны келісуді жүргізеді.
37. Ұлттық паркпен келісілген ЖСҚ-ны пайдаланушы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-1-бабына сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жібереді.
38. Пайдаланушы ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ұлттық паркті алдын ала жазбаша нысанда хабардар етіп, объектілердің құрылысын бастайды.
39. Учаскені ұзақ мерзімді пайдалану шартында пайдаланушы ЖСҚ-ны уақтылы әзірлемеген және (немесе) тендерлік құжаттамада белгіленген құрылыс мерзімін бұзған жағдайда оны біржақты тәртіппен бұзудың негіздері қамтылады.
Шартты екі тараптың келісімімен ғана өзгертуге немесе бұзуға болады. Келісімге қол жеткізілмеген не тараптардың бірі бас тартқан жағдайда, дау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
40. Учаскені пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланушының ұлттық парктің учаскесін пайдалану мерзімін ұзартуға басым құқығы болады.
4. Ұлттық парктің учаскелерін уақытша объектілерді орналастыру үшін қысқа мерзімді пайдалануға беру
41. Тарихи-мәдени мұра объектілері орналасқан учаскелерді қоспағанда, ұлттық парктің учаскелері қысқа мерзімді пайдалануға рекреациялық жүктемелердің нормаларын ескере отырып, уақытша объектілер (шатырлы лагерлер, қоғамдық тамақтандыру объектілері, бивак аялдамалары мен тамашалау алаңдары, жағажайлар, қайық станциялары, велосипедтер мен суда жүзетін көлік түрлерін және жағажай мүкәммалын жалға беру пункттері), бал арасын өсірумен айналысу үшін қажет уақытша құрылыстар салып, стационарлық омарталар орналастыру үшін беріледі. Учаскелер бас жоспарға сәйкес туристік соқпақтардың, маршруттардың бойында, сондай-ақ олардан бөлек жерлерден беріледі.
42. Ұлттық парк конкурсқа шығарылатын ұлттық парктің учаскесін қысқа мерзімді пайдалануға беруге конкурстық құжаттама дайындайды, ол ұлттық парктің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.
43. Конкурстық құжаттамада:
1) бас жоспарға сәйкес қалыптастырылған конкурсқа шығарылатын лот (лоттар);
2) конкурстың өткізілетін уақыты мен орны туралы ақпарат;
3) конкурстық өтінімдер берудің тәсілі, орны және түпкілікті мерзімі мен олардың қолданылу мерзімі;
4) пайдалану үшін учаске беру шарттары, оның нысаналы мақсаты;
5) жер учаскесінің ауданы көрсетіліп, учаске сызбасы қоса берілген таңдау актісі қамтылады.
44. Әлеуетті қатысушылардың конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылауы осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
45. Алдағы болатын конкурс туралы хабарландыруды орналастыру осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
46. Конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) ұлттық парк басшысының бұйрығымен құрылады, оның құрамына ұлттық парктің, жергілікті атқарушы органдардың туризмді дамыту мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшесінің, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, үкіметтік емес ұйымдардың (келісу бойынша), ұлттық парк жанындағы үйлестіру кеңесінің өкілдері кіреді.
47. Конкурстық құжаттаманы алу үшін әлеуетті қатысушы ұлттық паркке лоттарды көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді. Өтінішті осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген мекенжайға электрондық хат арқылы жіберуге болады.
48. Ұлттық парк конкурстың әлеуетті қатысушыларын тіркегенге дейін конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларға туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бөлінген учаскелермен танысуға мүмкіндік береді.
49. Конкурстың әлеуетті қатысушысы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес конкурстық өтінім дайындайды және жабық конвертте ұлттық паркке тіркеуге ұсынады. Конкурстық өтінім тіркелген сәттен бастап конкурстық өтінім берген тұлға конкурсқа қатысушы мәртебесін алады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының шетел қатыспайтын заңды тұлғаларына тендерге қатысуға рұқсат беріледі.
50. Конкурсқа қатысушы мынадай құжаттарды (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде) ұсынады:
1) лоттар көрсетілген конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінім;
2) заңды тұлғалар үшін – жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін, санитариялық-гигиеналық және өртке қарсы іс-шараларды сақтау жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, ұлттық парктің учаскесін пайдалану және абаттандыру жоспары;
4) тендерге қатысушының уақытша объектілер орналастыруға жеткілікті қаржы қаражатының болуы немесе қарыз қаражатына қолжетімділік не тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы құжаттар;
5) жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруды және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасауды ескере отырып, мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесі.
51. Конкурсқа қатысуды шектейтін және орынсыз қиындататын басқа талаптарды белгілеуге жол берілмейді.
52. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
53. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері бойынша конверттер ашылған күні комиссия хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оған комиссияның барлық мүшелері қол қойып, расталған көшірмелер конкурсқа қатысушыларға беріледі.
54. Конкурстық өтінімдерді бағалауды комиссия конверттер ашылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өткізеді.
55. Басқа үміткерлер болмаған кезде конкурстың жалғыз қатысушысы, егер ол осы Қағидалардың 50-тармағында көзделген талаптарды сақтаса, конкурс жеңімпазы болып танылады.
56. Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін комиссия конкурстық құжаттаманың шарттарына сай келмейді деп таныса, конкурс өткізілмеді деп есептеледі.
57. Конкурсқа қатысушылардың арасынан оның жеңімпазын таңдау комиссияның отырысында жүргізіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің қатысуы шарт. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі ол үшін дауыс берсе, қабылдады деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның кез келген мүшесі комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда ерекше пікірін білдіреді, оны жазбаша түрде баяндап, ұлттық парк учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға беруге арналған конкурс қорытындыларының хаттамасына (бұдан әрі – конкурс қорытындыларының хаттамасы) қоса береді.
58. Әрбір лот бойынша конкурс қорытындыларының хаттамасына комиссияның қатысып отырған барлық мүшелері, хатшысы қол қояды және онда осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес ақпарат қамтылады.
59. Конкурс қорытындылары хаттамасының негізінде ұлттық парк жеті жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес конкурс нәтижелері және қысқа мерзімді шарт (бұдан әрі – шарт) жасасу туралы хабарлама жібереді.
Шарт жасалғаннан кейін конкурс жеңімпазы ұлттық парктің учаскесін пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) болып танылады.
60. Конкурс жеңімпазының шарт жасасу үшін өзіне хабарлама жіберілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келмеуі ұлттық парктің учаскесін пайдаланудан бас тарту ретінде қаралады.
Бұл жағдайда комиссия жеңімпазды ұлттық парктің учаскесін қысқа мерзімді пайдалану бойынша ең қолайлы шарттар ұсынған конкурсқа қатысушылардың қалғандарының арасынан айқындайды не бұл лот осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен келесі конкурсқа шығарылады.
61. Конкурс нәтижелері мен қорытындыларының хаттамасын ұлттық парк конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық парк пен уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялайды.
62. Конкурсқа қатысушы комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда конкурс нәтижелеріне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
63. Учаскені пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланушының ұлттық парктің учаскесін пайдалану мерзімін ұзартуға басым құқығы болады.